Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуалиева – өнерде де, өмірде де жұптары жазылмай жүрген қос әнші. 2000 жылдардың басында танысқан жұлдызды жұп жеті жылдан кейін шаңырақ көтеріп, қазір көпке үлгілі отбасы, алтын асықтай төрт ұл тәрбиелеп отырған жайы бар. Тоқтар Серіков 1975 жылы Шығыс Қазақстан облысының Шұбартау ауданында дүниеге келген. 1999 жылы қазақ ұлттық консерваториясын бітірген. Әнші, мемлекеттік "Дарын" сыйлығының лауреаты, сазгер. Әкесі осыдан төрт жыл бұрын қайтыс болған, ал анасы Маруся Назарбекқызы Алматыға немерелерін көруге жиі келіп тұрады. Тоқтардың анасы он бір құрсақ көтерген, бірақ бүгінде тек тоғыз баласы ғана қасында. Әншінің әке-шешесі өнерден құр алақан емес, марқұм әкесі жас кезінде тойларда асаба болып, домбыра тартқан өнерлі жан болған екен. Тоқтар Серіковтің аяулы жары Бейбіт Сейдуалиева 1979 жылы Жамбыл облысы, Жамбыл ауданында туған. Тараз қаласындағы М.Дулати атындағы мемлекеттік университетті тәмамдаған. Бейбіт те Тоқтар сияқты көп балалы отбасынан шыққан. Анасы біраз жыл бұрын дүниеден озған, ал әкесі екінші рет шаңырақ көтеріпті.......