file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Болат Назарбаевтың жары туған күнін дүркіретіп өткізді

Болат Назарбаевтың жары туған күнін дүркіретіп өткізді

Болат Назарбаевтың жары туған күнінде гүл шоқтарының астында қалды деп хабарлайды NUR.KZ.

Гүлнұр Назарбаева өзінің Instagram парақшасында туған күн кешінен суреттер жариялады. Түн ауа Гүлнұр ханымды туған-туыстары мен жақын достары туған күнімен құттықтап келген.

Болат Назарбаевтың жары туған күнін дүркіретіп өткізді

«Түнгі 00.00. Менің алтындай туғандарым мен достарым керемет сыйлық жасады», - деп жазды ол парақшасында.



Сыйлықтардың арасында көздің жауын алатын тәттілер, гүл шоқтарымен қатар Гүлнұр ханымның портреті де бар.

Гүлнұр Назарбаеваны құттықтаушылардың қатарында әншілер де көзге түсті.

«Аса құрметті Гүлеке жеңеше! Туған күніңізбен! Болат ағамызбен бақытты, берекелі, қайырлы ғұмыр кешкейсіздер. Қыздарыңыздың қызығына тоймай гүлдей жайнап жүре беріңіз», - деп құттықтайды белгілі әнші Нұржан Керменбаев.



Танымал әнші Әйгерім Қалаубаева да құттықтаудан қалыс қалған жоқ. «Гүлнұржан, жекеменшік мереке құтты болсын! Жақсылық атаулының барлығы жаныңыздан табылсын!», - деп ақ ниетін білдіреді әнші.



Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру