Тоқтарәлі Таңжарық (Түн. Құлазыған бейне)

 Тоқтарәлі Таңжарық (Түн. Құлазыған бейне)

Түн.Құлазыған бейне.
Айнаның жүзінде сағым.
Екеуміз өксиміз кейде,
Еске алып бақидың таңын.

Қиялдың қанаты талса,
Жабылар белгісіз бір есік.
Моладан бүр жарар арша,
Көкілген көлеңкені кешіп.

Шыңғырар шытырман жолдар,
Үнсіздік өксіген сәтте.
Мүлгиді қап-қара орман,
Біз үшін жат енді әттең

Күз бе бұл, яки көктем?
Даланы тұмшалар тұман.
Көмейде талқысып кеткен,
Ешқашан айтылмас бір ән.

Түн.Құлазыған бейне.
Жүзінде ескірген әжім.
...Біз неге өксиміз кейде,
Еске алып бақидың таңын?..

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру