Тоқтарәлі Таңжарық (Иек сүйеу)
Үн-түнсіз. Жым-жылас.
Есік пен терезе –
Мәңгілік ашылмас кейіпте. Жабылған.
Әлдене аңсайсың. Кебедеі кенезең.
Масалар ызыңы билеген қабырға –
Ол да үнсіз! –
Қиялға шомылған.
Кірпікте қара түн түнеріп,
Қарашық ішінде мұң ағып...
Екеуміз сүйетін бұл өмір
Барады, ә, осылай қуарып...
Қасірет иектеп жанымды,
Жұбатар едің ғой күрсінсем.
Бейуақ сыңсиды қалың ну:
«Қай жақта жүрсің сен?»
...Үзілген үмітті жалғар кім?
Ұзақ түн ғасырдан.
Ертеңгі ататын таңдардың
Парағы шашылған...
Есік пен терезе –
Мәңгілік ашылмас кейіпте. Жабылған.
Әлдене аңсайсың. Кебедеі кенезең.
Масалар ызыңы билеген қабырға –
Ол да үнсіз! –
Қиялға шомылған.
Кірпікте қара түн түнеріп,
Қарашық ішінде мұң ағып...
Екеуміз сүйетін бұл өмір
Барады, ә, осылай қуарып...
Қасірет иектеп жанымды,
Жұбатар едің ғой күрсінсем.
Бейуақ сыңсиды қалың ну:
«Қай жақта жүрсің сен?»
...Үзілген үмітті жалғар кім?
Ұзақ түн ғасырдан.
Ертеңгі ататын таңдардың
Парағы шашылған...
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: тоқтарәлі таңжарық Иек сүйеу өлең стихи на казахском токтарали танжарык казакша олен, тоқтарәлі таңжарық өлеңдері сайты, стихи на казахском языке токтарали танжарык, токтарали танжарык олендери, Иек сүйеу