Бір саятшы тор құрып, аң мен құс ұстап күн көреді екен. Бір күні құрып қойған торына бармақтай ғана торғай түсіп қалыпты. Саятшы торғайды тордан босатып алады да уысына қыса ұстап, үйіне қайтады. Жолда келе жатқанда, торғай адамға жалынады: – Мен бармақтай ғана торғаймын, аузың толып асайтын етім жоқ. Союға жарамаймын, қабырғам қылтандай, сирағым шидей. Қапасқа қамап қойсаң, құсадан өлемін ғой босқа. Менің аспан астында шарықтай ұшып жүруім керек. Қанатымды сермеп, еркімше самғауым керек. Қоя берші мені, жіберші кең дүниеге. Торғайдың арманы......
Құстардың патшасы Қыранның жыл сайын көктем кезінде өз бұқарасына арнап салтанатты той өткізетін әдеті екен. Барлық құстарды тағы да көктемде өтетін той салтанатына шақыртады. Құс атаулы түгел белгіленген уақытта топ-тобымен патшаның ордасына қарай шұбырыпты. Орда қызметкерлері патшаның нұсқауы бойынша құстарды рет-ретімен қаз-қатар отырғызыпты. Құстар да мәз-мейрам боп, көрсетілген орынға жайғасады. Әр топтың басшыларына төрден сыйлы орын ұсынылады. Елдің соңына ала торғайлар тобы да жетеді. Патша Қыран бұларға да өз орнын ұсынады. Содан кейін салтанатты мереке басталады. Ойын-сауық думаны қызған кезде торғайлар өз тегіне жататын біреудің босаға түбінде бүрісіп отырғанын көреді. Үстінде іліп алар лыпа жоқ, қып-қызыл шақа. Көзі жыпылықтап, жан-жағына жаутаңдай қарайды. Оған жәрдем беріп, көңілін аулау үшін......
Ерте заманда жезтырнақ деген жыртқыш шығып, адам баласына ауыр зиян салып, елді көктетпей қойыпты. Ешкім оған батып бара алмайды екен. Барған адамды жезтырнақ жамсатып отырыпты. Бір күні Боран батыр боз атына мініп, жезтырнақтың мекеніне қарай жалғыз тартыпты. Оған жолдас болуға ешкім шықпапты. Батыр «ер азығы мен бөрі азығы жолда» деп азық алмай, жолаушылап жүріп кетеді екен. Боран батыр жезтырнақ мекендейтін қалың жыныс орманға келіп, бір дәу арқарды атып алады да оның еті, бауырын қоламтаға көміп қойып, боз атты байлап тастап от басында қамсыз отырады. Бір кезде жезтырнақтың дыбыры шығады. Боз ат кұлағын қайшылап, тықыршып осқырып тұрады. Боран батыр оны елемегенсіп отыра береді. Сәлден соң жезтырнақ Боран батырдың қарсы алдына келіп, бір тізерлеп отыра кетеді. Бұл кезде Боран батыр қоламтаға піскен бауырды алып, кесіп жеп отырады. Боран батыр қолындағы болат семсердің ұшына шаншып, томардай бауырды жезтырнаққа ұсынса, жезтырнақ семсердің ұшын «тырс» еткізіп кесіп, бауырмен бірге алып қалады. Бұдан Боран батыр титтей де сескенбейді. Саптама етігінің......
Генуяның вокзал алдындағы алақандай алаңға қаптаған қалың жұрттың дені жұмысшылар болғанмен, бірақ араларында шүйдесі шығып, шытырая киінген адамдар да көп. Жиналған жұртты бастап тұрған муниципалитет мүшелерінің төбесінде қаланың шым жібекпен безеген туырлықтай тулары желбіреп, олармен қанаттаса жұмысшы ұйымдарының алуан түсті тулары да толқын ұрады. Судыраған жібек тулардың алтын оқалы шоқтары, шашақтары мен баулары жалт-жұлт етіп, сап сүмбілері жарқырап, көңілдері көлдей тасыған қалың нөпірдің ыңылдай салған әні күркіреген күйше гуілдеп тұрған болатын.
Қаптаған жұрттың үстінен қарап, биік пьедесталда, өз сеніміне бола қыруар қиыншылық шегіп, ақыр аяғы сол сенімінің арқасында жеңіп шыққан ойшыл Колумбоның бейнесі тұр. Қазірдің өзінде де жұртқа жоғарыдан көз жіберіп:
«Тек өзіне өзі сенген адамдар ғана жеңіп шығады» — деп, мәрмәр ернінің емеурінімен тіл қатып та тұрғандай өзі.
Оның аяқ жағын ала, күн көзіне шағылып, алтыннан аумай жалт-жұлт еткен жез кернейлерін пьедесталды шыр айнала саудырата жайып салып музыканттар отыр.
Мәрмәрдан айшық тәріздендіріп салынған вокзалдың абажадай зәулім үйі, жұртты тап бір аймалағысы келгендей, қанатын жая қалған. Порттан кемелердің алқына алған демі, су астында жұмыс істеп жатқан тетіктердің бүдірлеген дыбысы, шынжырлардың сылдыры, ысқырған және айқайлаған дауыстар келіп тұрғанмен, бірақ шыжыған ыстық күн сәулесіне малынған алаң үсті әрі қапырық, әрі жым-жырт. Үй-үйдің балкондары мен терезелерінен қолдарына гүл алған әйелдер, гүл-гүл жайнап әсем киінген балалар көрінеді.
Станцияға локомотив ағызып жетіп келіп, ақыра қоя бергенде қаптап тұрған нөпір селк ете түсіп, қанатын қаққан қара құсша, бірнеше мыжырайған қалпақ жұрттың басынан аса аспанға атылып та кеткен еді, музыканттар кернейлерін қолына алып, егде тартқан, салдарлы әлдебір адамдар желпіне басып, жұрт алдына шығып, беттерін топқа бұрды да, қолдарын оңды-солды сермеп, сөйлей жөнелді......
Тас-талқан болып жеңілген Шуджа шах Аурензебтен қорқып қаша берді, ақыр соңында Аракан раджасына келіп паналады. Шахтың үш қызы өзімен еріп келген еді. Аракан раджасы Шуджа қыздарын өз балаларына айттырмақ болды, соны естіген шахтың ашу-ызасы қайнады.
Осыдан кейін раджаның пәрмені бойынша шахты алдап қайыққа мінгізді де өзеннің ортасына алып шықты, сол жерде қыздарымен қоса қабат суға батырып жібермек болды.
Қатер төнген алғашқы сәтте жан ұшырған әке ең кенже қызы Әминаны оз қолымен суға лақтырды. Үлкен қызы өзін-өзі буындырып өлтірді. Ортаншы қызы Зылиханы шахтың ең адал қызметшісінің бірі Рахмат Әли құтқарып алды. Ал шахтың өзі болса осы арпалыс үстінде опат болды.
Тағдырдың жазуымен өзен бетінде қалқып кеткен Әмина бір балықшының ауына барып оралды. Балықшы қарт оны судан шығарып алды да өзінің жер кепесіне әкелді. Жас қыз күн санап өсе берді.
Бұл мезгілде Араканның қарт раджасы дүние салды да таққа оның баласы келіп отырды.
Бір күні ертемен балықшы шал Әминаға келді де: .....
Үш кезеңнен тұратын «Кембридж бағдарламасының міндеті – Қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибелерін жетілдіру мен бағалауға көмектесу» (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 12-бет) деп көрсетілгендей менде өзге мұғалімдер секілді тәжірибемді жетілдіріп, өзгеріс енгізу мақсатында Ақтөбе облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының үшінші базалық деңгейлі курсына оқуға келдім. Курстың Бірінші «Бетпе-бет» кезеңінде тренерлер көшбасшылығымен топтасып жұмыс жасауға дағдыландық. Бірлесе жұмыс жасау мақсатымыз топта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырумен қатар, кездескен.......
Жасанды қоректендіру (Искусственное питание) — адам организміне (жұта алмаған кезде, асқазан ауруларында, ессіз жатқан науқасқа және т.б. жағдайларда) қоректік заттарды енгізу. Асқазанға зонд арқылы сұйық тамақты, бұлшық етке немесе тері астына тамыр арқылы белогы заттарды, қанды, плазманы, витаминдерді, глюкоза ерітінділерін, кейбір минералдық заттарды және т.б. енгізеді.[1]
Остеопороз (гр. osteoporosis, гр. osteon - сүйек + гр. poros + гр. -ōsis) — организмдегі фосфор-кальций алмасуының бұзылуынан болатын пародоит және бет, жақ сүйек ауруында кездесетін тканьдерінің сиреуі.[1][2]
Дереккөздер
↑ Стоматология терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. – Алматы, Қазақстан, 1991. ISBN 5-615-00789-3
Ертеде бір кемпір мен шал өмір сүріпті. Мал дегеннен сауатын үш сиыры болыпты. Шал күн сайын сиырын жайып келеді де, кемпірі сүт пісіріп, тамақ істейді екен.
Бір күні сиырдың бірін қасқыр жеп кетеді. Кешкісін үйіне келген шал кемпірінен қорқып:
— Кемпір, екеуімізге екі сиыр болады ғой деп бір сиырды алтынға саттым, - деп өтірік айтып келеді.
Шал ертеңінде қалған екі сиырын өріске апарып жайып отырғанда, дағдылы қасқыр келіп, тағы бірін тартып жейді. Шал кемпіріне:
— Кешегі сиырды сатып алған саудагер артық алтын беретін болған соң, сиырдың бірін тағы сатып келдім, –дейді.......