Түлкі қараторғай және қарға

Қараторғай бір кішкене қайыңға ұя салып, балапан шығарады. Бір уақытта балапандары үлкейе бастайды. Бірде қайыңның қасынан өтіп бара жатқан түлкі биіктегі ұяны көреді. Бірақ бойы жетпейтін болған соң, қараторғайды алдап соғуды ойлайды.

— Жұрттың бәрі егінін егіп бітірді, – дейді түлкі. — Менің соқам сынып қалып еді, соны жөндеуіме керек, – мына қайыңды кесемін.

— Кеспе, – деп, жалбарынады қараторғай, — балапандарым әлі ұша алмайды, қайда қоямын оларды?

— Олай болса, балапандарыңның біреуін бер! Қараторғай ойға шомады. Не істеу керек? Берсе, қайсысын береді? Қай саусағыңды кессең де бәрібір – жаныңа бірдей батады.......
Ертегілер
Толық

Торғай мен тышқан

Торғай мен тышқан дос болыпты. Екеуі бірігіп егін егіпті. Тышқан жерді аяғымен қазып, торғай тұмсығымен шоқып, дән сеуіпті.

Егін өте жақсы шығады. Торғай мен тышқан бітік өскен бидайды жинап алып, тең бөлісе бастайды. Бір бидай артылып қалады. Соны қайсысы аларын білмей, ақыры жанжал басталады. Торғай тұмсығымен шоқып, тышқан тырнағымен тырналай осқылап, бір-бірімен ұзақ төбелеседі.

Маңайында арашалайтын ешкім болмаған соң, бір кезде шаршап барып тоқтайды. Ақыры өздерінің билеріне барып жүгінбек болады.

Алдымен тышқандар биіне келеді. Тышқандар биі:

— Бұл бидайды тышқан алуға тиіс. Өйткені тышқанның күші көп.......
Ертегілер
Толық

Қарлығаш пен шөже торғай

Бір мәуелі бақта биік кәрі қарағай өсіп тұрыпты. Көктемде оның басына қарлығаш пен шөже торғай ұя салып, балапан шығарыпты.
Шөже торғай балапанына қурай басын сындыртпай, ерке-тотай қылып өсіріпті. Балапан тентек, ойынды ғана біледі екен.
Қарны ашса, шешесіне келіп, аузын ашады, анасы тапқан-таянғанын балапанына береді.
Ал қарлығаштың балапаны елгезек, еңбекқор болып өсіпті.......
Ертегілер
Толық

Түлкі мен Қораз

Таң алагөбеңнен бір түлкі тамақ іздеп жүріп, ағаштың бұтағына қонақтап отырған Қоразды көреді. Ағаштың түбіне келіп, мүләйімсіп Қоразға:
— Тақсыр-ау, тақсыр, таң атты ғой, азан айтыңыз да төмен түсіп, имам болыңыз, жамағат болып намаз оқиық! – депті.......
Ертегілер
Толық

Қасқырдың қамқорлығы

Ерте заманда, шағын шаруалы бір адам өмір сүріпті. Оның үш баласы, әйелі болыпты. Балаларының есімі бір-біріне ұқсас болыпты. Ең үлкен баласының есімі Қапты, ортаншы баласының есімі Бапты, кіші баласының есімі Сақты екен. Сонан Қапты, Бапты, Сақты үшеуі күн сайын бау ағашын күзетіп жүріпті. Күн сайын баудан алма жоғала беріпті.
Сонан бір күні алма ағашын күзетуге Қапты, Бапты, Сақты үшеуі де келсе, бір құс алманы шоқып жеп отыр екен. Үшеуі шап беріп, құсты ұстап алады. Құс зорға талпынып, бір қанатын қалдырып, ұшып кетеді. Сонан үшеуі келіп, әкесіне көрген уақиғаларын баян етеді. Алманы ұрлап жеп жүрген мына құс екен деп, құстың жалғыз қанатын әкесіне әкеп береді. Қанат жай қанат емес, алтын қанат болып шығады. Сонан әкесі отырып мынаны айтады......
Ертегілер
Толық

Джек Лондон | Теңіз қорқауы

Кейде қалжың ретінде барлық кінәні Чарли Ферасетке арта салсам да, шындығында, бұл қырсық үшін кімді жазғырарымды білмеймін. Оның, Чарлиді айтам да, Тамальпайс тауының етегінде, Милл-Вэлиде саяжайы бар еді, бірақ ол онда бос уақытында Ницшені немесе Шопенгауэрді кеміріп жату үшін тек қыста ғана тұратын. Ал жаз шығысымен қапырық ыстығы мен қара шаңы қолқаны қабатын қалаға қайта оралып, қыс бойы үйіліп қалған бар шаруасына шабыттана кірісіп кететін. Егер мен оған әр сенбі сайын барып, дүйсенбіге дейін жанында жүретін әдетім болмаса, осы бір қаңтар айының қақаған суығында, Сан-Франциско шығанағында мұндай қырсыққа тап болмас па едім, кім білсін.

Мен мініп шыққан "Мартинес" кемесін тым сенімсіз деуге келмейтін; бұл жаңа пароход Саусалито мен Сан-Франциско арасындағы өткелді осымен не төртінші, не бесінші рет кесіп өтіп келе жатқан. Шығанақ үсті қалың тұман еді, қауіп деген бәленің сол тұман ішінде қара мысықтай бұғып жататынын қайдан білейін, .....
Әңгімелер
Толық

Шерхан Мұртаза | Тортай шалдың есегі

«Басқа бәле тілден» деген рас екен. Кейін жаны мұрнының ұшына келгенде Тортай шал:

— Е, Құдай, маған тіл беріп қасқайтып қойғанша, неге мылқау қылып жаратпадың?! — деп жылаған көрінеді.

* * *

Шілденің ыстығына соғыстың от-жалынының қызуы қосыла ма екен, әйтеуір сол жаз қазан қайнатар ыстық болды.

Алапат аптапқа шыдай алмай ерні тілім-тілім жарылып, қанталап кеткен Тортай шал реңі қызыл шырайлы, негізі сары кісі еді. Сондықтан да аузын орамалмен таңып жүреді.

Тортай шал молотилканың тойымсыз өңешіне бидайды бау-бауымен лақтырады. Қарамай иісі аралас шаң-тозаң қарт кісінің қасы-көзін, аузы-мұрнын тұтып қалады.

Аузы-мұрнын танып алған ақ орамалды лезде тозаң тұтып, кіршең тартады.

Тортай шал бүгін Көк әңгіні қырманға өзі мініп кетіп еді. Дүниеде өзінің малы өзіне бұйырмағаны жанға қатты батады екен.

Көк әңгі, арам да болса, Тортайдың өз малы ғой. Сол есек мына егін орағы басталғалы бері иесінің тақымына тимейтін болды.

Ал ауыл мен қырманның арасы едәуір алыс жер. Қарт кісі жаяу жеткенше, кәдімгідей ентігіп қалады. Қисықбас бригатқа:

— Айналып кетейін Арқанбай-ау, мен жұмыстан қашпаймын ғой. Айтқаныңды істеп, айдауында жүрейін, тек менің есегіме тимеші, әкетай шырақ, жұмысқа жаяу жету маған тым ауырлау, – деп еді.

Қисық бас Арқанбай пұшық маңқылдап ала жөнелді: .....
Әңгімелер
Толық

ОРАМАЛ МЕН ДІН АРАБТАРДІКІ дейтіндерге


"Орамал _ арабтардікі"... Жарайды, болсын делік! "Дін _ арабтікі". Жарайды, ол да болсын! Сонда қазекеңдердің бүгінгі істеп жүргенінің бəрі өзінікі ме екен? Сондай ұлтшыл һам салт-дəстүріне сондай берік халық болғаны ғой онда?! Ендеше ішіп жүрген "сайтанның сідігі" бабасының салты ма?! Жеп жүрген неше түрлі арамнан болған тамақтары атасының асы ма?! Киіп жүрген ит талаған киімі, күзелген байталдың құйрығындай шашы, ыңқылдап-қыңқылдап шығатын əуені...бəрі-бəрі қазақтікі болғаны ғой... сонда біздің Əжелеріміз ақ сандарын жалтыратып, маңдайларын жарқыратып, қолында темекі, мұрнында "шүлік", шолақ шашын шолтаңдатып, "салбөксесін" бұлтыңдатып жер тепкілеп билеген екен ғой, Жасаған!... Олай болмағанда "мынау орыстың ата тамағы, мынау батыстың қоқысы, мынау ірігені, мынау шірігені, анау адасқан..." деген сияқты "жақсылыққа жармаса кеткіш" сөздер осыларға келгенде неге сирек?! Тек аздаған "өз ұлтының дəстүрін өзге ұлтқа айырбастағандар" мен " намыссыз сатқындар" ғана ернін жыбырлатады. Ондада орамал мен дінді айтушылардай емес, сипай қамшылайды. -Кім білсін?! Қорқатын шығар. -Кімнен?
-қайдам... ...Тәйт, тіліңе шоқ түсіп, бетің тілінгір! Қазақ қазақ болғалы: "дінім_ислам, кітабым _ Құран, Пайғамбарым_Мұхаммед(Алланың игілігі мен сəлемі болсын!) дегеннен жазғаны жоқ! Ал, бүгінде дінді құбыжық қып көрсетіп жүргендер мен діннен аңдай жосып қашатындар Тектіден тараған тексіздер ғана! Ал, ақиқатында Дін арабтікі емес_Құдайын танығандардікі! Орамал арабтікі емес_Құдайдан қорыққандардікі! Қазақ үшін_салты мен тұрмысы. Оны, ата-бабаларымыз бізге аман жеткізудің айласы ретінде дəстүрге айналдырған. Сол үшін де біздің дəстүрі ДІНІМІЗ_ИСЛАМ ағайын! .....
Әңгімелер
Толық

Шерхан Мұртаза | Волховта болдым орманын көрдім


Жақсы әке жаман балаға қырық жыл азық» дегендей, жарықтық Жәкемнің, Жамбыл ақынның арқасында былтыр біраз жердің дәмін таттық.

Сәті түсіп, мен Санкт-Петербург бағытына баратын топқа қосылдым.

Жамбыл ақынның жүз елу жылдығын Санкт-Петербург аса ' бір құрметпен атап өтті. «Ленинградтық өрендерім» деген үн Балтық жағалауын тағы бір жаңғырықтырып жіберді.

Жалғыз Санкт-Петербург емес, оның жан - жағын да араладық. Бір жағы — Выборг, бір жағы — Волхов.

Волхов дегенде есіме екі адам сарт етіп түсе кетті. Біреуі — өзіміздің Жуалының Мыңбұлағындағы Шолақ Сияқұл, екіншісі — исі қазақтың бәрі білетін Сырбай ақын.

Оқтай түзу асфальт жол. Қос қапталда — ойдым-ойдым орман. Солтүстіктің нар қарағайлары мен ақ қайындары сыңсып тұр.

Ешқашан ештеңе болмағандай мүлгиді.

.....
Әңгімелер
Толық