ОРАМАЛ МЕН ДІН АРАБТАРДІКІ дейтіндерге
"Орамал _ арабтардікі"... Жарайды, болсын делік! "Дін _ арабтікі". Жарайды, ол да болсын! Сонда қазекеңдердің бүгінгі істеп жүргенінің бəрі өзінікі ме екен? Сондай ұлтшыл һам салт-дəстүріне сондай берік халық болғаны ғой онда?! Ендеше ішіп жүрген "сайтанның сідігі" бабасының салты ма?! Жеп жүрген неше түрлі арамнан болған тамақтары атасының асы ма?! Киіп жүрген ит талаған киімі, күзелген байталдың құйрығындай шашы, ыңқылдап-қыңқылдап шығатын əуені...бəрі-бəрі қазақтікі болғаны ғой... сонда біздің Əжелеріміз ақ сандарын жалтыратып, маңдайларын жарқыратып, қолында темекі, мұрнында "шүлік", шолақ шашын шолтаңдатып, "салбөксесін" бұлтыңдатып жер тепкілеп билеген екен ғой, Жасаған!... Олай болмағанда "мынау орыстың ата тамағы, мынау батыстың қоқысы, мынау ірігені, мынау шірігені, анау адасқан..." деген сияқты "жақсылыққа жармаса кеткіш" сөздер осыларға келгенде неге сирек?! Тек аздаған "өз ұлтының дəстүрін өзге ұлтқа айырбастағандар" мен " намыссыз сатқындар" ғана ернін жыбырлатады. Ондада орамал мен дінді айтушылардай емес, сипай қамшылайды. -Кім білсін?! Қорқатын шығар. -Кімнен?
-қайдам... ...Тәйт, тіліңе шоқ түсіп, бетің тілінгір! Қазақ қазақ болғалы: "дінім_ислам, кітабым _ Құран, Пайғамбарым_Мұхаммед(Алланың игілігі мен сəлемі болсын!) дегеннен жазғаны жоқ! Ал, бүгінде дінді құбыжық қып көрсетіп жүргендер мен діннен аңдай жосып қашатындар Тектіден тараған тексіздер ғана! Ал, ақиқатында Дін арабтікі емес_Құдайын танығандардікі! Орамал арабтікі емес_Құдайдан қорыққандардікі! Қазақ үшін_салты мен тұрмысы. Оны, ата-бабаларымыз бізге аман жеткізудің айласы ретінде дəстүрге айналдырған. Сол үшін де біздің дəстүрі ДІНІМІЗ_ИСЛАМ ағайын! ☆ ☆ ☆
Сан ғасыр бойы сабылып іздеген,
Махаббатындай сағынып іздеген,
Сақ пен Ғұндар да сабылып іздеген,
Дінімді "біреу" арабтікі дейме?!
Доңыз, ит досы болған кəпірлерден бабам қорғаған,
Ақ жаулық_арымен анам оны қорғаған,
Алланың діні деп ақ найзамен ағам қорғаған,
Исламды "біреу" арабтікі дейме?!
Жалбыр шашты емес, жаулықты сəн қылған,
Домалақ, Зере, Ұлжан_аналар қалдырған,
Басын соған бəй тігіп бабалар қалдырған,
Орамалды "біреу" арабтікі дейме?!
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: әңгіме ОРАМАЛ МЕН ДІН АРАБТАРДІКІ дейтіндерге туралы ангиме казакша рассказ на казахском, рассказ ОРАМАЛ МЕН ДІН АРАБТАРДІКІ дейтіндерге на казахском языке ангиме скачать бесплатно, қызықты әңгімелер балаларға арналған, кызыкты ангимелер балаларга арналган, интересные рассказы на казахском языке