Психология | Мінез туралы

1.Мінез туралы жалпы түсінік. Грек тілінен аударғанда «мінез»- «із қалдыру» деген түсінік береді.Шынымен де мінез- адамның қоғамдық ортада жүріп қалыптасатын «белгісі».
Демек, «мінез- бір-бірімен белгілі байланысы бар адамның қасиеттерінің ерекшелігі». Аристотель мінез жөнінде төмендегідей сөздер айтқан «Мінез дегеніміз қыр-сырын көре жүріп, кісінің қадір-қасиетін анықтайтын нәрсе» (Ақиқат журналы. 4.2004. 95-бет).Адам тұлғасы істі істеумен емес сол істі қалай істеумен белгіленеді. Қоғамдағы адамдардың өмір сүруі мен өмірге деген көзқарастарында қарама-қайшылықтар байқалады. Қоғамдағы барлық адамдармен бірге қиыншылықтар көруге болады,бірақ ол қиыншылықтарды әр кім әр түрлі қабылдайды. Бірі бұл жағдайға төзімділік танытса, бірі мүлдем шыдамсыздық танытады.
Мінез тудыратын өзіндік қасиет, бірінші кезекте оның рухына, сезіміне, белгілі мөлшерде ақыл-ойына байланысты болады. Адамның мінезін біле отырып, оның қандай уақытта өзін қалай ұстайтынын алдын ала білуге және оның іс-әрекетін бағыттауға болады. Ұстаз тек оқушысының білімі мен қабілетін ғана емес оның мінезін де есепке алады. Осыған бір мысал келтіріп көрейік. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Психология | Мінез туралы жалпы ұғым

Мінез туралы жалпы ұғым
Әр адам сыртқы дүниесінің сансыз тітіркендіргіштеріне өз елінше түрліше жауап қайтарып отырады. Бұл жауап реакциялары оның сыртқы дүниемен қалайша қатынас жасайтынын көрсетумен қатар, біртіндеп беки келе, сол адамның үйреншікті әдетіне, мінез-құлқының мәнеріне айналады. Сөйтіп, әр адамда әр түрлі мінез бітістерінің болуы оның сыртқы ортамен түрліше қарым-катынас жасауының нәтижесі болып табылады.
Адамның сыртқы ортамен байланысуы үшін жасайтын осындай қатынастарының жиынтығы оның мінезін құрайды.
Адамның үйреншікті әдеті болып қалыптасқан мінез бітістерінің кей де оның сыртқы ортамен жасайтын негізгі қатынастарына сәйкес келмейтін кездері де болады. Мәселен, біреудің қатал, не тымыр болуының негізінде адамды менсінбеу, тәкаппарсыну сияқты мінез қатынастарының тұрақты жүйесі жатпай, оның темпераметінің жүйке жүйесінің тума қасиеттеріне байланысты қалыптасып кеткен әдеттерінің жатуы ықтимал.
Мінез — адамның негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. Ол - көп қасиеттің бірлігі, түрлі өзгешеліктердің қосындысы, сонымен қатар, адамды ор қырынан көрсететін қасиет. Мінез бітістері көп. Олардың бәрі де жеке адамның қасиеттері болып табылғанмен, мұның кез келгені мінездің бітістері болып саналмайды.....
Курстық жұмыстар
Толық

Психология | Мінез ерекшеліктері

Кіріспе
Мінез жөнінде түсінік
Мінез – жеке адамның өзіне тән қылық - әрекетінде, тіл қатынасында тұрақты қалыптасатын дара ерекшеліктерінің жиынтығы.
Мінез нақты адамның шыншыл, адал, ақкөңілдігіне орай сипатталмайды, аталған сапалар - әртүрлі жағдайларды көрініс беретін жеке адам қасиеттері. Адам мінезін біле отырып, Оның алдағы ықтималды әрекеттері мен қылықтарын күні ілгері барластырумен оларға тиісті реттеулер және түзетулер ендіруге болады. Мінезді адамның қандай әрекетке келетінін жаңылмай дәл айтуға болады.
Мінез көрсеткіші адамның барша жағдайлардағы мәнді сипаты тұрақты сақталатын таңдаулы қасиеттері.
Мінез құбылыстарын зерттейтін ғылым – характерология ұзақ даму тарихына ие. Ғасырлар бойы психология саласы мінездер типін саралап, адамның әртүрлі өмір жағдайларындағы әрекет – қылығын болжастыру мақсатында әрқандай мінез сипатын нақтылаумен шұғылданып келеді. Адамның тума емес, өмір барысында қалыптасатын белгісі болғандықтан, мінез типтерін жіктеу көбіне тұлға дауындағы сырқы, жанама факторларға негізделеді.
Осы бағытта ежелден өрістеп келе жатқан, мінез танып, әрекет қылық болжастырудың психологиялық жолдары бар, солардың кейбіріне қысқаша түсінік:....
Курстық жұмыстар
Толық

Мінезімді түзеймін десеңіз

Қолыңызға қағаз бен қалам алып, тізім жазуға кірісіңіз. Бір жағына өзіңізге ұнамайтын қасиеттеріңізді, екінші жағына өзіңізге қажетті қасиеттерді тізіп жазыңыз.

Сіздің қандай негативті жақтарыңыз бар екен жақындарыңыз айтып бере алады. Бұл жолмен сіз өзіңізге сырт көзбен қарай аласыз. Жақындарыңыз сізге бар шындықты айтсын десеңіз, оларға ренжімей, сынды дұрыс қабылдай біліңіз.

Тізіміңіз дайын болған соң, жағымсыз қасиеттеріңізді түзейтін амалдарды жазуға кірісіңіз. Мысалы, жалқаулықты қандай да бір белсенді әрекетпен, пессимизмді позитивті ойлармен, ашу-ызаны мейірімділік, ізгілікпен, батылсыздықты ойдағы нәрселерді іске асыруға әрекет жасаумен түзеу секілді тәсілдерді тізіп жазыңыз.

Мінезіңіздің өзгеруі өміріңізге қандай өзгерістер алып келетінін елестетіп көріңіз. Алайда, бұл әрекет оңай емес екенін ұмытпаңыз.

Кейде сырт келбетіңізді өзгерту мінезіңіздің өзгеруіне де септігін тигізеді, әсіресе, әйелдер қауымында.

Мінезіңізді түзеу үшін, ең алдымен, ішкі жан дүниеңіздегі, түйсігіңіздегі тұрақталып қалған қағидаларды өзгерту керек, себебі, онсыз мінезіңіз өзгерсе де қысқа мерзімге ғана жетеді.......
Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық

Адам мінезі туралы деректер

Сіз бір сәтке болсын айналаңыздағы адамдардың мінез-құлқы туралы ойланып көрдіңіз бе? Қоршаған орта факторлары адам мінезіне тікелей әсер етеді. Олардың сырына үңілу арқылы жеңіл өмір сүруге дағдылануға болады.

♦ Ағзасында тесторен деңгейі көп адам өзгелерді ашуландыру арқылы ләззат алады.

♦ Өзіне сенімсіз адамдар өзгелердің дәрежесін түсіріп, оларды балағаттау арқылы бұл мінездерінен арылғысы келеді. Мысалы, IQ тестін нашар тапсырғандықтарын естіген студенттер ұлттық және діни қақтығыстар мен таңдаулары туралы көп айтатын жандар болып шыққан.

♦ Адамдар психолог мамандардың "Төмен дәрежелі адамдар ғана өзгелер туралы жаман пікір мен өсек сөз айтады" деген пікірімен келіспейді. Шындығында олар өзгелердің дәрежесін түсіріп, ұялту арқылы өздерін жоғарылатқысы келеді. ......
Кеңестер
Толық

Адам мінезін саусағына қарап тануға болады

Адам мінезін саусағына қарап тануға болады
Сана мен дене бір-бірімен тығыз байланысты. Сондықтан, адам мінезін, қасиеттерін оның сөздеріне ғана емес, сырт келбетіне қарап та анықтауға болады.
Сондай әдістердің бірі – саусақтарды зерттеу. Британиялық ғалымдар бұл тақырыпты зерделеп, мынадай қызықты фактілерді анықтады.
Екінші және төртінші саусақтардың ұзындығына назар аударыңыз:

А. Төртінші саусақ екіншіден ұзынырақ болған жағдайда:

Саусақтары мұндай адамдар – батыл, шешім қабылдауға жүрексінбейтін, жиі тәуекелге баратын жандар. Олар – ақылды, логикасы дамыған адамдар. Сонымен қатар, бұл жандар өзгелерден гөрі көбірек ақша табады. Саусақтары мұндай қыз бала әлі тұрмыс құрмаған болса, табысты адаммен жұп құрауға мүмкіндігі мол екенін айтуға болады.

В. Төртінші саусақ екіншіден қысқа болған жағдайда:

Саусақтары мұндай адамдар тәкаппар болады. Көңілі тоқ болғандықтан, өздерімен-өзі болғанды жақсы көреді. Әдетте, мұндай адамдар бірінші болып ұсыныс жасамайды. Бұл тек махаббатқа ғана емес, бизнеске де қатысты. Бірақ айтылған фактілерге қарамастан, өзіне деген назарды бағалайды және мақтау, қошемет сөздерді қабылдай біледі. ......
Кеңестер
Толық

Мінезіңіз кіммен үйлеспейді

Адам сан түрлі мінезге ие. Екі аттас зарядтардың тартылып, бір аттас зарядтардың тебісетіні секілді адамдар да кейде бір-бірінің мінездерімен үйлеспей жатады. "Екеуміздің мінезіміз бірдей болған соң ба, біз ұрсысып қала береміз" деп жатамыз. Ол рас. Қандай жандар бір-бірімен үйлеспейді? Бір мінезді адамдардың отбасы қандай болады? "Өзімді-өзім тәрбиелеймін" сабағының да келесі тақырыбы - осы...

Екі шатақ мінез біріксе, пішкен тондары келте болып шығады. Өйткені бірінің айтқанын бірі тыңдағысы келмейді. Біріне бірі тағы бағынғысы келмейді. Әркім өз айтқанын жасағысы келеді. Олардың былай тартып арбаны сындырып, былай тартып өгізді өлтіріп алатыны да сондықтан. Сол секілді қырсық мінезділер, тез ашуға берілгіштерді де осы қатарға жатқызуға әбден болады.......
Кеңестер
Толық

Психология | Жеткіншіктердің агрессивтілік мінез-құлық көрсетуі және оны коррекциялау

Кіріспе
Қазір қоғам да, қоғамдық көзқарастар да күннен – күнге өзгеру үстінде. Әрі бұқаралық ақпарат және қарым–қатынас құралдарының жұмысындағы барлық шектеулердің алынып, ақпарат тарату еркіндігіне кең жол ашылуы балалардың сана – сезімі мен рухына кері әсер етуде. Қазақ бола тұра қазақ тілін ұмытып, ата – бабамыздың салт – дәстүрі мен әдет – ғұрпынан ажырап қалған, шетелдік компьютерлік ойындар мен қатыгездікке құрылған фильмдердің еркіне кеткен жастарымызды қайтсек дұрыс жолға саламыз? Бүгінгі таңда бұл сұрақ ұлтымыздың болашағын ойлайтын санасы сергек барша қауымды толғандыруда.
Соңғы уақытта қоғам жеткіншек жастағы балалардың ауытқушылық мінез-құлқы ретіндегі қатыгездік, агрессиялық, жағымсыздық, асоциалды мінез-құлықтарын қарқынды түрде зерттеуді талап етіп отыр.Осындай ауытқушы мінез-құлықтың дамуына ықпал ететін факторларды зерттеу – психология ғылымының негізгі мәселелері.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың мақсаттары мен міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын және негізгі стратегиялық бағыттарын айқындайтын «Білім беруді дамыту тұжырымдамасы» мемлекеттік тәуелсіздікті қалыптастыру мен нығайтудың, елдің прогресшіл дамуының негізін құрайды. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Психология | ЖЕТКІНШЕК ЖАСТАҒЫ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ ҚИЫН БАЛАЛАРДЫ АНЫҚТАУ ЖОЛДАРЫ

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Қиын балалардың кездескен қиыншылықтарды шешуге және алдарына қойған мақсаттарына жетуге тырысады. Мұндай жағдайлар, өздерін дұрыс ұстай білуге, ішкі және сыртқы жағдайларды бағалауға және мінез-құлқы мен танымдық өрістерін дамытып, қалытастырады. Зейін-барлық психикалық таным процестерімен байланысты және соның көмегімен анықталады. Егер адамда зейін болмаса, ой еңбегін де, дене еңбегінің де мәні, нәтижесі болмас еді.
Балалардың мінез-құлқында қиындықтардың пайда болу себебі, біріншіден, отбасы тәрбиесі десек, екіншіден, мектептегі оқу тәрбие жүмысындағы кемшіліктермен сипатталады.
Зерттеудің мақсаты: Қиын балалардың балалардың психикалық дамуы барысында зейіннің қай дәрежеде тиянақтылығын бағалау және оны дамыту.....
Курстық жұмыстар
Толық

Психология | ЖЕТКІНШЕК ЖАС КЕЗЕҢІНДЕГІ МІНЕЗ АУЫТҚУЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТУ ЖОЛДАРЫ

КІРІСПЕ
Психологияда жеткіншек жас кезеңі ең күрделі және көптеген ерекшеліктермен сипатталатын жас кезеңі болып есептеледі. Осы жас кезеңінде организмнің қайта құрылуымен байланысты жеткіншектер жаңа проблемаларды шешуі керек. Бала бұл проблемаларды өз бетімен шешуге мүмкіндігі болмай қалады. Сондықтан мектеп психологі және педагогтар жеткіншектерге жете зерттеп, оларға дер кезінде көмек көрсетуі қажет. Психологиялық және педагогикалық зерттеулерде жеткіншек жас кезеңі бала өмірінде көптеген ерекшеліктермен сипатталатыны атала отырып оны зерттеуге үлкен көңіл береді. Д.Байярд, Т.В.Драгунова, А.Е.Личко, М.Кле, М.Реттер, Л.С.Выготский, П.М.Якобсон, А.В.Запорожец, И.С.Кон т.б. ғалымдар осы жас кезеңінің психофизиологиялық ерекшеліктерін анықтай отырып, жеткіншек жасындағы балаларға ерекше көңіл бөлу керек екендігін атап өткен. Өйткені осы жас шағында жүретін өзгерістер кейде баланың бұрынғы ерекшеліктерін, мүдделері мен қарым-қатынастарын, өмірге деген көзқарасын түбірінен өзгертетін сипатта болады.....
Курстық жұмыстар
Толық