file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Мінезімді түзеймін десеңіз


Қолыңызға қағаз бен қалам алып, тізім жазуға кірісіңіз. Бір жағына өзіңізге ұнамайтын қасиеттеріңізді, екінші жағына өзіңізге қажетті қасиеттерді тізіп жазыңыз.

Сіздің қандай негативті жақтарыңыз бар екен жақындарыңыз айтып бере алады. Бұл жолмен сіз өзіңізге сырт көзбен қарай аласыз. Жақындарыңыз сізге бар шындықты айтсын десеңіз, оларға ренжімей, сынды дұрыс қабылдай біліңіз.

Тізіміңіз дайын болған соң, жағымсыз қасиеттеріңізді түзейтін амалдарды жазуға кірісіңіз. Мысалы, жалқаулықты қандай да бір белсенді әрекетпен, пессимизмді позитивті ойлармен, ашу-ызаны мейірімділік, ізгілікпен, батылсыздықты ойдағы нәрселерді іске асыруға әрекет жасаумен түзеу секілді тәсілдерді тізіп жазыңыз.

Мінезіңіздің өзгеруі өміріңізге қандай өзгерістер алып келетінін елестетіп көріңіз. Алайда, бұл әрекет оңай емес екенін ұмытпаңыз.

Кейде сырт келбетіңізді өзгерту мінезіңіздің өзгеруіне де септігін тигізеді, әсіресе, әйелдер қауымында.

Мінезіңізді түзеу үшін, ең алдымен, ішкі жан дүниеңіздегі, түйсігіңіздегі тұрақталып қалған қағидаларды өзгерту керек, себебі, онсыз мінезіңіз өзгерсе де қысқа мерзімге ғана жетеді.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру