Психология | ЖЕТКІНШЕК ЖАС КЕЗЕҢІНДЕГІ МІНЕЗ АУЫТҚУЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТУ ЖОЛДАРЫ

 Психология | ЖЕТКІНШЕК ЖАС КЕЗЕҢІНДЕГІ МІНЕЗ АУЫТҚУЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТУ ЖОЛДАРЫ

Мазмұны
КІРІСПЕ...............................................................................................................
1.ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2. Жеткіншек дамуындағы психофизиологиялық ерекшеліктер.............
3.Жеткіншектерде кездесетін мінез ауытқулары және оның себептері...
ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................

КІРІСПЕ
Психологияда жеткіншек жас кезеңі ең күрделі және көптеген ерекшеліктермен сипатталатын жас кезеңі болып есептеледі. Осы жас кезеңінде организмнің қайта құрылуымен байланысты жеткіншектер жаңа проблемаларды шешуі керек. Бала бұл проблемаларды өз бетімен шешуге мүмкіндігі болмай қалады. Сондықтан мектеп психологі және педагогтар жеткіншектерге жете зерттеп, оларға дер кезінде көмек көрсетуі қажет. Психологиялық және педагогикалық зерттеулерде жеткіншек жас кезеңі бала өмірінде көптеген ерекшеліктермен сипатталатыны атала отырып оны зерттеуге үлкен көңіл береді. Д.Байярд, Т.В.Драгунова, А.Е.Личко, М.Кле, М.Реттер, Л.С.Выготский, П.М.Якобсон, А.В.Запорожец, И.С.Кон т.б. ғалымдар осы жас кезеңінің психофизиологиялық ерекшеліктерін анықтай отырып, жеткіншек жасындағы балаларға ерекше көңіл бөлу керек екендігін атап өткен. Өйткені осы жас шағында жүретін өзгерістер кейде баланың бұрынғы ерекшеліктерін, мүдделері мен қарым-қатынастарын, өмірге деген көзқарасын түбірінен өзгертетін сипатта болады.
Бұл кезде бала бойында бұрын қалыптасқан қасиеттерге көптеген жаңа сапалар немесе жаңа құрылымдар қосылады. Бұл құрылымдар бұрынғы психологиялық және физиологиялық көріністерге жаңа сапа беріп, олардың бір-бірімен бітісуі әлі аяқталмаған кез болғандықтан баланың психологиясында көптеген екі жақтылық орын алады. Сондықтан жеткіншек жасындағылар өздерінің алдына өмір қойып отырған мәселелерді шешуде қиналыстарға ұшырайды: болашақта кім болатынын, өмірде орындайтын әлеуметтік ролін, қарым-қатынас ерекшеліктерін анықтау қажеттілігі туғанынан бала уайым шегіп, үлкендер ортасында өз орнын іздейді.
Үлкендер баланы барлық уақытта түсіне бермейді. Қарым-қатынас барысында жеткіншектерді өздеріне бағындыру, үстемдік көрсету, тіл алуды талап ету орын алады да, мүндай көзқарас баланың қырсықтығын туғызып, нәтижесінде үлкендер мен баланың арасында текетірестік орын алуы мүмкін.
Жеткіншек жас кезеңіндегілердің акцентуация деп аталатын мінез-құлқының кейбір көрсеткіштерінің шамадан тыс дамып кетуі, мазасыздануының, агрессиясының орын алуы байқалады. Акцентуация, мазасыздану және агрессияның байқалу ерекшеліктерін К.Леонгард, Л.В.Личко, Р.Д.Шмишек, Филипс, Басс және Дарки т.б. жан-жақты зерттеп, оның типологиясын жасаған. Осы зерттеулерді жеткіншектерге психологиялық қызмет көрсету барысында тиімді пайдалану жолдарын В.Г.Гильбух, И.В.Дубровина, З.А.Малькова, А.С.Овчинников, М.Р.Битянова, Л.И.Прихожан, Р.С.Немов, Е.И.Рогов, Р.Римский, С.Римская т.б. ғалымдар өз еңбектерінде көрсеткен.
Олар жеткіншек жас кезеңін «өтпелі кезең», «қиын жас», «пубертаттық жас» деген аттармен атап, осы кезде балалардың ересектіккке өтуіндегі проблемаларын көрсеткен. Бұл проблемалардың барлығы осы жас кезеңінде өтетін психофизиологиялық өзгерістер, жыныстық жетілу процестерімен байланысты екені дәлелденген.. Мектеп психологтары осы қиындықтардың теориялық негіздеріне қанық болғанымен дәл көмек көрсетуге, әр баланың проблемасының ерекшеліктеріне толық түсінуге негіз болатын қазақ тіліндегі оқулықтар мен әдістемелік құралдардың тапшылықтары қосымша кедергі болып отыр. Осы жас кезеңінің ерекшеліктерін ата-аналар, мектеп мүғалімдері, сынып жетекшісі, басқа да жеткіншіктің айналасындағылар жақсы түсінетін болса, барынша төзімдік көрсетіп, түсінушілік білдірсе, балалар жас қиындығын оңайырақ көтереді.
Жеткіншек жас кезеңіндегілерге нақты көмек көрсету жолдары мен құралдарын нақты анықтау қажет болғандықтан, осы жұмысқа біршама даярлықтан өту үшін диссертациялық зерттеу тақарабын «Жеткіншек жас кезеңіндегі мінез ауытқулары және оларға психологиялық көмек көрсету» деп анықтадық.
Зерттеу объектісі: білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет.
Зерттеу пәні: мектеп психологінің жеткіншектерге қызмет көрсету мазмұны.
Зерттеу мақсаты: жеткіншектердің жас ерекшеліктеріне байланысты психологиялық қызмет көрсету барысында психодиагностикалық және коррекциялық әдістерді пайдалану жолдарын үйрену.
Зерттеу міндеттері:
- жеткіншектер дамуының психологиялық ерекшеліктері проблемасы бойынша ғылыми-әдістемелік еңбектеді талдау;
- жеткіншек жас кезеңінде мінез акцентуациясы, агрессия, мазасыздану көрініс беруінің себептерін анықтау;
- мектеп психологінің жеткіншектер ерекшеліктерін зерттеуге пайдаланылатын психодиагностикалық әдістемелерді іріктеп алып, оларды жүйеге келтіру;
- оқушыларының жекелік психологиялық қасиеттерін зерттеп, мінезінде ауытқұлар байқалған балаларға арналған психокоррекциялық жұмыстар жүргізу.
1.ЖЕТКІНШЕК ЖАС КЕЗЕҢІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Бала өсіп жетілуінде жеткіншек жасының алатын орны ерекше. Бұл жас кезеңінде баланың ағзасында және оның жан дүниесінің дамуында күрделі психофизиологиялық өзгерістер болады. Осы өзгерістерге байланысты баланың қоршаған ортаға, адамдар арасындағы қарым-қатынасқа, іс-әрекеттерге деген көзқарастары өзгереді және оның басындакөптеген жаңа құрылымдар орын алады. Сондықтан бұл жас кезеңін ерекшеліктерін зерттеуге В.Г.Асеев, Р.Байярд, Д.Байярд, Л.С.Выготский, Т.В.Драгунова, А.Е.Личко, М.Кле, И.С.Кон, М.Реттер, С.Ф.Устименко, П.М.Якобсон т.б. көптеген ғалымдар өз үлестерін қосты.
Жеткіншектің организмінде болатын елеулі өзгерістер ұзақ уақыт бойы осы кезеңдегі жеткіншектер ерекшеліктер мен дамуының сыналу құбылыстарының биологиялық шарттастығы туралы әр түрлі теорияларға негіз болды. Мұндай ұғым біздің ғасырымыздың алғашқы ширегінде үстем болды. Биогенетикалық универсализмнің негізін салушылар С. Холл мен З.Фрейд болды. Олар жеткіншектің дағдарысы өзіне тән ерекшеліктері комплексін биологиялық шарттастығы себепті болмай қоймайтын әрі универсал құбылыс деп санады.
Өткен ғасырдың 20–30 жылдарынан бастап көптеген елдерде нақты зерттеулер жинақталған¬дықтан биогенетикалық универсализмге қарама-қарсы бағыт күш ала бастады, ал бұл зерттеулерде жеткіншектің жеке басының кейбір қасиеттерінің оның әлеуметтік қатыстылығына тәуелділігі көрсетілді. Осындай теориялық бағыттылық советтік психологиядағы (оның қалыптасу кезеңінде) бірқатар зерттеулерде де болды. Қиын жеткіншектерді тәрбиелеу практикасының елеулі маңызы болды; мәселен, А. С. Макаренкода мұндай жеткіншектер қысқа мерзім ішінде түзелетін еді.
Биогенетикалық универсализм теорияларына Американ антрополог-тары (этнографтары) күшті сокқы берді; олар адамда «табиғаттан» не «мәдениеттен», яғни өмір мен дамудың нақты қоғамдық-тарихи жағдайларынан болатын құбылыс екенін анықтау үшін қарадүрсін цивилизациялар деп аталатындарды зерттеді.
Антропологтардың зерттеулерінде жеткіншектік кезеңнің ұзақтығы әр түрлі болуы және бірнеше аймен шектелуі мүмкін екені анықталды. Балаларды "Эдип комплексінің" міндеттілігі туралы пайымдау да теріске шығарылып, жеткіншектің инициациядан кейін алатын ересектік статусына арнайы әзірлік жағдайында да, сондай-ақ бұл статустың талаптарын біртіндеп меңгергенде де жеткіншек ер балаларда дағдарыстың болмау мүмкіндігі анықталды.
Антропологтар зерттеулерінің теориялық маңызы зор. Бала өмірінің нақты әлеуметтік жағдайларына байланысты бұл кезеңдегі ерекшеліктер ретінде келесілер көрсетілді: 1) жеткіншектік кезеңнің ұзақтығына; 2) дағдарыстын, талас-тартыстың, қиыншылықтардың болуына; 3) балалықтан ересектікке өтудің өзінің сипатына қарай анықталатыны дәлелденді. Бұл зерттеулер нәтижесінде фрейдизмге қарама-қарсы, адамдағы табиғи дүние әлеуметтік болғандықтан ондағы табиғи дүниені әлеуметтік дүниеге қарсы қоюға болмайды деген қорытынды шығады.
Л.С.Выготский өз еңбектерінде жеткіншек жасындағыларды зерттеуде жаңа проблемалар анықтады: санадағы негізгі жаңа құрылымды бөліп көрсету және дамудың әлеуметтік жағдайын анықтау қажеттігін күн тәртібіне қойды. Оның айтуынша, бұл жағдай әрбір шақта бала мен ортаның арасындағы қатынастардың қайталанбас жүйесі болып табылады. Ол осы қатынастар жүйесін қайта құру өтпелі шақтағы «дағдарыстың» басты мазмұнын кұрайды деп пайымдады.
Сонымен, жеткіншектік кезеңдегі «дағдарысты» түсіндіруде теориялық ой-пікірдің дамуы жеткіншектік кезеңнің көріністері мен өтуінің ерекшеліктері жеткіншектің өмірі мен дамуының нақты әлеуметтік жағдайларымен, оның ересек адамдар дүниесіндегі қоғамдық жағдайымен анықталатынын көрсететін қорытындылардың біртіндеп жинақталуы болды
Көптеген психологиялық зерттеулер нәтижесінде өсіп келе жатқан бала өмірінде жеткіншектік кезең қиын әрі өте маңызды сыналатын кезең екендігі анықталды. Бұл кезеңді бұлай бағалау, біріншіден, бала ағзасында осы уақытта болатын көптеген сапалық өзгерістерге байланысты. Жеткіншек жас кезеңінің ерекшеліктерін зерттеушілер Р.Байярд, Д.Байярд, Т.В.Драгунова, А.Е.Личко, М.Кле, М.Реттер, Л.С.Выготский, П.М.Якобсон т.б. ғалымдар осы жас кезеңінде балаларға ерекше көңіл бөлу керек екендігін атап өткен. Өйткені осы жас шағында жүретін өзгерістер кейде баланың бұрынғы ерекшеліктерін, мүдделері мен қарым-қатынастарын, өмірге деген көзқарасын түбірінен өзгертетін сипатта болады. Мұның өзі біршама қысқа мерзімде өтеді де, көбінесе күтпеген жерден даму пpoцeci ceкipмелі қауырт сипат алады. Екіншіден, болып жатқан өзгерістер бір жағынан жеткіншектің өзінде әр түрлі елеулі сyбъeктивтiк қиыншылықтар болуымен қабаттасады, ал үшінші жағынан, баланың шешуін талап ететін қиыншылықтармен ұштасады. Жеткіншек ересектердің ықпалына көне қоймайды, онда тіл алмаудың, қарсылық пен наразылықтың әр түрлі формалары шығады (қиқарлық, дөрекілік, қарсылық, тентектік, бүкпелік, тұйықтық).
Жеткіншектің дамуындағы негізгі өзгерістерге арқау болатын биологиялық фактор проблемасы баланың организмінде нақ осы шақта биологиялық толысу жолына түбегейлі өзгерістердің болуынан туындайды: дене күшінің дамуында жаңа кезең басталып, жыныстық жетілу процесі өрістейді. Бұлардың бәрінің сыртында организмнін морфологиялық және физиологиялық қайта құрылу процестері тұрады.
Жеткіншектік шақта организмнің ішкі ортасында белсенді қызмет атқаратын ішкі секреция бездері жүйесіндегі өзгерістерге байланысты күрт ауысулар болады, осының өзінде қалқан бездері мен жыныс бездерінің гармондары, атап айтқанда, зат алмасудың катализаторлары болып табылады. Эндокриндік және жүйке жүйелері функциялық жағынан өзара байланысты болғандықтан, жеткіншектік шақ, бір жағынан, энергияның қауырт өсуімен, ал екінші жағынан, патогендік әсерлерге деген сезімталдықтың артуымен сипатталады. Сондықтан ақыл-ой немесе дене күшінің қажуы, ұзақ уақыт жүйкеге күш түсу, аффектілер, күшті эмоциялық толғаныстар (қорқыныш, ыза, реніш) эндокриндік қолайсыздықтар (етеккір циклінің орын алуы) және жүйке жүйелерінің функциялық бұзылуларына себеп болуы мүмкін Олар тез шамданғыштықтан, тежегіш механизмдердің әлсіздігінен, тез шаршаудан, ұмытшақтық пен аңғалдықтан, жұмыста өнімділіктің төмендеуінен, ұйқының бұзылуынан байқалады. Жеткіншектік шақта эндокриндік және жүйке жүйелерінің қызметіндегі балалық шақта болатын тепе-теңдік бұзылады да, жаңа тепе-теңдік енді ғана қалыптаса бастайды. Бұл қайта құрылу жеткіншектің ішкі жағдайларына, әсерленуіне, көңіл күйіне әсер етіп, оның жалпы ұшқалақтылығының, ашуланшақтығының, шамданғыштығының, қозғыш¬тығының, қимыл белсенділігінің, мезгіл-мезгіл селсоқтануының, енжарлануының негізі болады. Қыз балаларда мұндай жағдайлардың көрінуі етеккір циклі басталардан біраз бұрын немесе осы цикл кезінде байқалады.
Жыныстық толысу мен дене күші дамуындағы өзгерістердің жаңа психологиялық құрылымдардың пайда болуында бірталай маңызы бар. Біріншіден, жеткіншектің өзі анық сезетін бұл өзгерістер оны объективті тұрғыдан ересекке айналдырады және оның өзінің ересектігін сезінуінің (өзінің ересектерге ұқсастығын. түсіну негізінде) басталуына негіз болады. Екіншіден, жыныстық толысу басқа жынысқа ден қоюдың дамуына, жаңа түйсіктердің, сезімдердің, толғаныстардың шығуына себепші болады. Өзімен өзі болу жеткіншектің жаңа түйсінулер мен толғаныстарына ден қоюы, бұлардың оның өмірінде алатын орны жеткіншек өмірінің кең әлеуметтік жағдайлары мен нақтылы дара жағдайларына, оның тәрбиеленуі мен қарым-қатынасының ерекшеліктеріне қарай анықталады. Үлкендерге арналған кітаптар мен кинофильмдер де теріс ықпал жасауы мүмкін. Осының бәрі, сондай-ақ махаббат пен жыныс проблемалары туралы жолдастарымен әңгімелесулер адамдардың қарым-қатынасының интимдік жағына көбірек көңіл бөлудің, эротикалық ойысушылықтар мен ерте сексуалдылықтың дамуына апарып соғады. Қыз болсын, ұл болсын жеткіншектерде алғашқы романтикалық сезімдердің оянуы - қалыпты құбылыс.
Жеткіншектік кезеңнің шектері шамамен балалардың орта мектептің 5-8 сыныптарында оқитын кезеңімен сәйкес келеді де, 11-12 жастан 14-15 жасқа дейінгі аралықты қамтиды, бірақ жеткіншектік жастың іс жүзінде басталуы 5 сыныпқа көшумен тура келмей, бір жыл ерте не кеш болуы да мүмкін.
Жеткіншектік кезеңнің баланың дамуындағы ерекше орны психологияда "өтпелі", "бетбұрыс", "қиын", "сыналатын" кезең атауларында бейнеленген. Бұл атауларда осы жастарда болатын, өмірдің бір дәуірінен екіншісіне өтумен байланысты даму, процестерінің күрделілігі мен маңыздылығы айтылған. Балалық шақтан ересектікке өту кезеңдегі дене, ақыл-ой, адамгершілік, әлеуметтік дамудың барлық жақтарының негізгі мазмұны мен өзіне тән ерекшелігі болып табылады. Барлық бағыттарды сапалық жаңа құрылымдар қалыптасады, организмнің сана-сезімнің, үлкендермен және жолдастарымен қарым-қатынастың, олармен әлеуметтік өзара іс-әрекет әдістерінің, мүдделердің, танымдық және оқу іс-әрекетінің, мінез-құлыққа, іс-әрекет пен қарым-қатынасқа арқау болатын моральдық-этикалық нормалар мазмұнының қайта құрылуы нәтижесінде ересектік элементтері пайда болады.
Алайда жаңаның қалыптасу процесі біраз уақытқа созылады және көптеген жағдайларға байланысты болады. Осы себепке байланысты «өтпелі кезеңнің» жүруі әр балада әркелкі болуы мүмкін. Мұның өзі, бір жағынан, жеткіншекте «балалық» пен «ересектіктің» қатар болуымен ал, екінші жағынан, сол бір ғана паспорттық жастағы жеткіншектерде ересектіктің түрлі жақтарының даму дәрежесіндегі елеулі айырмашылықтардың болуымен анықталады. А.А.Бодалев қазіргі мектеп окушыларының өміріндегі жағдайларда екі түрлі жай сәттерінің болуымен байланысты деп түсіндіреді. Жеткіншектерде ересектіктің дамуын тежейтін жайлар:
1) балалардың көбінде басқалардай тұрақты және байыпты міндеттер болмай тек оқумен ғана шұғылдануы; көптеген ата-аналардың балаларды тұрмыстағы еңбектен, қынжылыстардан, қорғаштауға, түгелдей қамқорлыққа алуға тырысуы;
2) ересектендіретін жағдайлар мазмұны сан алуан мәліметтердің орасан зор тасқыны болуынан; көптеген ата-аналардың бос уақытының аздығы және осының салдары ретінде балалардың дербестікке ерте жетуі; жолдастарымен қарым-қатынастың жедел дамуы; дене күші дамуымен жыныстық толысудың акселерациясы.
Л.Колбергтің пікірі бойынша жеткіншектердің ересектігінің дамуындағы жалпы бағыт әр түрлі және әрбір бағыттың көптеген варианттары болуы мүмкін. Мәселен, қайсыбір «интеллектуал» үшін өмірде ең бастысы кітап пен білім болады, қоршағандардың барлығы оны әлі «нәресте» десе енді бір нағыз «интеллектуал» үйде электроника туралы мақалаларды оқып, радиотехникамен, комьютермен әуестенсе, ал екіншісі сабақта түк бітірместен, модадан қалып қоймаумен төтенше шұғылданып, өмірдің мәнін шаштараз туралы мәселеге айналдырып отыратын ересек жасөспірімдер. Үшіншілерін «интеллектуалды» ересектіктің сыртқы көріністері онша қызықтырмайды, бірақ ол шешесінің сүйеніші, өзін ерлік қасиеттерге тәрбиелейді. Қыз балаларға келгенде, осы қыздардың пікірінше, өзін балаша ұстайды, галстугін тартқылап, шаштарын ұйпалап кетеді. Осы үш вариантта ересектіктің дамуы әр қилы болады да, бұл орайда мазмұны әр түрлі өмірлік игіліктер қалыптасады: біреуі үшін маңыздының енді біреуіне құны жоқ болып шығады. Жеткіншектік кезеңнің маңыздылығы адамның жеке басының моральдық дамуы және барлық құндылықтардың жалпы бағыты белгіленетіндігі.
Жеткіншектік кезеңдегі дамудың сыналу көріністерінің пайда болуында биологиялық және әлеуметтік жайлардың ролі туралы теориялық талас ұзақ уақыттан бері болып келеді. Өйткені осы жас кезеңінде жеткіншектердің дамуындағы позитивтік әсерлер адамның болашағына үлкен әсерін тигізеді.
Көптеген психологиялық зерттеулер нәтижесінде өсіп келе жатқан бала өмірінде жеткіншектік кезең қиын әрі өте маңызды деп анықталды. Жеткіншек жас кеңінің ерекшеліктерін зерттеушілер Р.Байярд, Д.Байярд, Т.В.Драгунова, А.Е.Личко, М.Кле, М.Реттер, Л.С.Выготский, П.М. Якобсон, А.В.Запорожец т.б. ғалымдар осы жас кезеңінде балаларға ерекше көңіл бөлу керек екендігін атап өткен. Өйткені осы жеткіншек жас шағында бала ағзасында жүретін күрделі өзгерістер кейде баланың бұрынғы ерекшеліктерін, қарым-қатынастарын, өмірге деген көзқарасын түбірінен өзгертеді. Бұл өзгерістер қысқа мерзімде, ceкipмелі қауырт даму сипатта болып, бала өмірінде әр түрлі елеулі сyбъeктивтiк қиыншылықтар болуымен қабаттаса өтеді және баладан өзбетімен шешуді талап ететін қиыншылықтармен ұштасады. Жеткіншек ересектердің ықпалына көне қоймайды, онда тіл алмаудың, қиқыр мінез көрсету, дөрекілік, қарсылық, тентектік, бүкпелік, тұйықтық сияқты ерекшеліктер орын алады.
2.Жеткіншек дамуындағы психофизиологиялық ерекшеліктер
Жеткіншектің дамуындағы негізгі өзгерістерге арқау болатын биологиялық фактор проблемасы баланың организмінде нақ осы шақта өтетін биологиялық толысу жолында ағзада болатын түбегейлі өзгерістердің орын алуынан туындайды. Олар баланың дене күшінің дамуындағы жаңа кезеңнің басталуы, жыныстық жетілу процесінің өрістеуі. Бұлардың бәрі организмнін морфофизиологиялық қайта құрылу процестерінен тұрады.
Жеткіншектік шақта организмнің ішкі ортасында белсенді қызмет атқаратын ішкі секреция бездері жүйесінде күрделі өзгерістер болып, жыныс бездерінің жетілуімен байланысты қанға жыныс гармондары бөлініп шыға бастайды. Олар баланың ер жеткені туралы қосымша сигналдар береді. Сондықтан ақыл-ой немесе дене күшінің қажуы, ұзақ уақыт жүйкеге күш түсу, қорқыныш, ыза, реніш, аффектілер, күшті эмоциялық толғаныстар, эндокриндік қолайсыздықтар баланың шамадан артық психоэмоционалды зорлануына алып келеді және олардың жүйке жүйелерінің функцияларының бұзылуларына себеп болуы мүмкін. Осы себептерге байланысты жеткіншектерде бұрынғы кезбен салыстырғанда тез шаршаушылық, ұмытшақтық, жұмыста өнімділіктің төмендеуі, ұйқы бұзылуы байқалады. Жеткіншектік шақта эндокриндік және жүйке жүйелерінің қызметіндегі балалық шақта болатын тепе-теңдік бұзылып, жаңа тепе-теңдік енді ғана қалыптаса бастайды. Жеткіншектік кезеңнің баланың дамуындағы ерекше орны психологияда "өтпелі", "бетбұрыс", "қиын", "сыналатын" кезең атауларында бейнеленген. Бұл атауларда осы жастарда болатын, өмірдің бір дәуірінен екіншісіне өтумен .......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. Olivereux
    Olivereux 16.04.2023 17:12
    0 + 0 -
    Привет Там. Я нашел ваш блог с помощью MSN. Это чрезвычайно хорошо написанная статья. Я обязательно добавлю его в закладки и вернусь, чтобы прочитать больше вашей полезной информации. Спасибо за сообщение. я определенно вернусь.
    Предлагаю также ознакомиться с моей страничкой о продвижении сайтов
    в интернете и привлечению посетителей https://baoly.ru/ww4sa