Экономика | ҚР-дағы жұмысшы күші миграциясының негізгі және өзекті мәселелері

Кіріспе.
Қазіргі кезде халық санының көбеюіне байланысты жұмысшы күші де көбеюде. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғалы бері көп уақыт өткен жоқ.Мүмкін сол жайтқа байланысты болар, біздің елде жұмысшы күші миграциясы өзге елдермен салыстырғанда қатты дамымаған. Осы курсты таңдауымның себебі, осы Қазақстандағы жұмысшы күші миграциясының мәселелерін, өзекті проблемаларын кішкене ғана болса да шешу. Оның Қазақстандағы жағдайын, өзге елдердегі миграция жағдайын және осы мәліметерді салыстыру арқылы Қазақстандағы жұмысшы күші миграциясын дамыту. Курстық жұмысты жазу кезінде тек қана жұмысшы күші миграциясын қарастырып қана қоймай, онымен байланысты (мысалы: халық саны, білім деңгейі, жұмыссыздық деңгейі, және т.б.) көрсеткіштерді қарастыру. Халықаралық миграцияның жұмыс бабындағы, отбасылық, рекреациондық (үзіліс, дем алу мерзімі) және туристік т.б. нысандары бар.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | ҚР-да ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫ

Кіріспе
Тәуелсіздігімізді алғалы бері еліміздің экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдайы айтарлықтай жақсарды. Қазір шет елдерде Қазақстан Республикасын Орта Азиядағы қарқынды дамушы мемлекет ретінде танымал. Ондағы шикізат көздерімен, атап айтсақ, мұнай-газ, қара, қоңыр көмір, түсті металлдарымен және т.б табиғи ресурстарымен әйгілі. Сондай-ақ, қызмет көрсету саласы да өз дамуын жоғарғы тартыста көрсетуде. Осы аталғандардың ішінде шағын және орта бизнестің үлесі жоғары.
Совет Одағы ыдырағаннан кейін елімізде қалыптасқан жұмыссыздық, кедейшілік және де қылмыстың тежелуіне көп көмегін тигізді. Белгілі бір орта деңгейлі мамандырылған қызметкерлер саны өсті, коммерциялық қарым-қатынас нығая түсті, сәйкесінше, еліміздегі тұтынушылық нарықтық қабілет те қалыптаса бастады.
Нарықтық экономикаға өткеннен кейін шағын және орта кәсіпкерлік экономиканы дамытушы жүйелердің негізгі тармағына айналды, яғни бұл бизнес түрі динамикалы дамушы, әрі бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастыруда өзекті буынға айналды.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | ҚР-да шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі шаралардың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы

Кіріспе
Бұл курстық жұмыстың мақсаты қазіргі кездегі шағын және орта бизнестің жағдайы мен экономикалық маңызы қарастырылады.Кез келген салада алдын ала бағдарлама жасау арқылы белгіленген мерзімге дейін сол көзделген шараларды орындау керек. Жұмыстың бірінші бөлімінде осы шағын және орта бизнесті дамыту жөнінде шаралардың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы қарастырылады.Кез келген бағдарламаны жүзеге асыру үшін оның қазіргі жағдайын біле отырып дамуына талдау жасалады. Қазіргі кезде кез келген бизнесті дамыту үшін оған қосымша қаржы көздері керек, ал ол қаражаттарды тек несиелеу арқылы ала алады. Сондықтан жұмыстың екінші бөлімінде осы шағын және орта бизнесті несиелеу бағдарламасын жүзеге асырылуы және оның шетел тәжірибесінің әдістерін қолдану шаралары қарастырылады. Соңғы бөлімінде шағын және орта бизнестің дамуындағы проблемалар мен оның перспективалары заңнамаға сәйкес қарастырылады. Кез келген экономикаға қатысты іс әрекет ҚР Заңнамасында тіркеліп, тек заң жүзінде ғана жұмыс істеу керек.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | ҚР-да антиинфляциның түсінігі

Кіріспе
Қазақстан таяу болашақта әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 мемлекеттің қатарынан лайықты орын алуды мақсат етіп отырғаны белгілі. Ал оған қол жеткізу едәуір дәрежеде қаржы секторының тұрақтылығына байланысты. Осы орайда қаржы жүйесінің алдында тұрған негізп міндеттер туралы айтып өтсек.
Қаржы жүйесінің және Ұлттык банктің алдына:
— инфляция қарқының бәсеңдету және инфляцияның өсуінің теріс салдарларын азайту үшін нақты айырбас бағамының тиісті икемділігін колдауға және сонымен бірге экономикалық өсуді ынталандыруға;
— ең төменгі резервтік талаптарды есептеу әдістемесін жетілдіруге;
— компаниялардың жарғылық капиталындағы үлестері шамалы инвесторлардың, акционерлердің және құрылтайшылардың құқықтарын қорғауға бағытталған зан жобасын әзірлеуге;
— мемлекеттік және жалпы сыртқы борышты баскарудың тиімді жүйесін құруға бағытталған міндеттер койылды.....
Курстық жұмыстар
Толық

Сақтандыру | ҚР-ғы сақтандыру саласы

Кіріспе.
Біздің қоғамның даму процесі кезінде сақтандыру барынша, айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Жалпы алғанда сақтандыру тәуекелділікпен тікелей байланысты. Тәуекелділік дегеніміз, мүмкін болатын қауіптермен байланысты. Мысалы: (кәсіпорынның ресурсының белгілі бір бөлігінен айырылу, табысының кіріске толық түспеуі және сол сияқты тағы басқа салалардағы қауіптер). Себебі нарықтық экономикада тәуекелдік факторы кәсіпорынның іс барысына, жалпы экономикаға әсер ететіндіктен, кейінгі кезде Қазақстанда сақтандыру нарығына баса назар аударыла бастады, сөйтіп оның экономикалық өмірде маңызы біршама артып отыр. Және де бұл сала қаржы ұйымдарының аса бір қызығушылығын танытып отыр. Алайда сақтандыру нарығының оң және позитивті өзгерістеріне БАҚ-ның тарапынан көңіл бөлінбеуінің салдарынан, қоғам ішінде сақтандыру ісіне байланысты немғұрайлық байқалады. Сөйткен күннің өзінде, жоғарыда айтқанымдай бұл салаға Қазақстанның қаржы ұйымдары үлкен бет-бұрыс жасады, себебі сақтандыру дамыған елдерде дұрыс жолға қойылған және де бұл нарық үлкен табыстың көзі.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | ҚР-ғы маркетингтік қызмет көрсету

Кіріспе.
І.Маркенгті қызмет көрсетудің маңызы және ұйымдық құрылымы.
Мемлекеттік кәсіптердің басым көпшілігі өздерінің кәсіби шеңберіндегі міндеттерін атқарумен айналысады да, кызмет нәтижелерін есеп берінен кезде ғана қорытындылайды. Бірақ олар өз ісінің нәтижелілігіне айырыша мүделілік таныта коймайды. Мысалы, өрт сөндіруші — өрттің, ал аурухана дерттің көбейгеніне мүдделі емес. Ал бұған керісінше, коммерциялық байланысты. Осылайша аталған мекемелердік кай-кайсысы болсын, өз кәсіптерінің калайда белгілі бір тиісті нәтиже беруіне мүделі. Әрбір әрекет немесе кәсіп кашанда ізгі ниетпен басталады. Әйтсе де онық нәтижелілігі, сәттілігі тек ішкі ұйымдастырудан ғана емес, кейде тіпті сыртқы факторларға катысты болуы мүмкін. Мысалы, сыркат адам дәрігерге сауығамын деген үмітпен келеді Дәрігер де оған тілектес. Бірақ кажетті дәрі-дәрмек пен медициналық кұрал-жабдықтық жоқтығына байланысты дәрігер максаты орындалмай калуы мүмкін. Сейтіп, көрсетілген клзмет күткен нәтиже бермейді. Бірақ соған карамастан, дәрігерлік көмек көрсету — емдеуге кажетті кәсіп ретінде өз жұмысын жалғастыра береді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | ҚР-ғы лизингтік қатынастарды құқықтық реттеудің ерекшеліктері

Кіріспе
Ғылыми-техникалық үрдістің өндіріс және айналым саласындағы дамуы мемлекетімізде қалыптасып отырған эконмикалық жағдайлардың күрделі өзгерістерге ұшырауына әкелуде. Бұл болса өз алдына елімізде қалыптасушы халық шаруашылықтың материалдық-техникалық базалары мен әртүрлі меншік нысаны бар, негізгі қорлық субъектілердің дамуына жаңа қалыптасқан салттан тыс тәсілдердің енгізумен негізделеді.
Бәрімізге белгілі біздің республикамызда кіші және орта бизнесті дамытуға көптеген реформалар қабылдануда. Азаматтық құқықтағы осы шараларды бекітуге арналған өзгерістер кәсіпкерліктің бұл түрін реттеуге және дамытуға көп серпіліс берді. Азаматтық кодекіске жаңа түсініктер мысалы: лизинг, франчайзйнг, траст т.б. енгізілді.
Тақырыптың маңыздылығы Қазақстан өндірісінің дамуына елеулі кері ықпал тигізетін тәндік және моральдық, тұрғыда ескірген қорлар, артта қалған технологиялық ресурстар көлемімен байланысты келеусіз жағдайларды шешуге бағытталған.....
Курстық жұмыстар
Толық

Банк ісі | ҚР-ғы ипотекалық несие саясаты

КІРІСПЕ.
Ипотекалық несиелеу - жылжымайтын мүлікке бейімделген ең маңызды механизм. Жылжымайтын мүліктің құнына және сатып алушылардың ағымдық табыстарының деңгейі арасындағы қайшылыққа келеді. Осы жағдайда сатып алушылардың ағымдық табысы арқылы сатып ала алмайды. Ипотекалық несиелеудің жүйесі неғұрлым дамыған болса, онда жылжымайтын мүліктің нарықтық айналымы табысты болады.
Ипотека - алдамшы жай құрал: несие беруші несие береді, жеке меншік мүлігі бар қарыз алушы. Ипотекалық нарық сол елдің экономикалық жағдайын көрсетеді. Мысалы; ипотека мына жағдайларды куәландырады:
1) валютаның тұрақтылығын, ол тек қана айырбастау құнын ғана емес, тары да валюталық құнын сақтайды.
2) жеке меншіктін құндылықтарының ағымдық ақша бірлігіне және болашақтағы сұраныс меншігіне болжау жасайды. Ипотека басқа несиелік формасында, ол қарыз алушының болашаққа көз қарасын білдіреді. Осы курстық жүмыста қазіргі уақыттағы Қазақстандық нарықтағы ипотекалық несиелеудің ағымдық құндылықтарын және оның болашақта алатын орны көрсетілген.....
Курстық жұмыстар
Толық

Банк ісі | ҚР-ғы екінші деңгейлі банктердің ипотекалық несиелеу қызметі

Кіріспе
Курстық жұмыс өзектілігі. Кез-келегн жанұя өзнің жеке үйін немесе пәтерін қалайды. Совет Үкіметі кезінде қалыптасқан дәстүрлі схема Қазақстанда ұзақ жылдар бойы жүргізіліп келді. Біз білетіндей Совет Үкіметі кезінде барлық қаржы бір орталықтан басқарылатын болғандықтан, тұрғын үй құрылысына қаржы мемлекет тарапынан бөлініп, кейін кезекте тұрған халыққа тегін таратылып берілетін. Қазақстан өз егемендігін алғаннан кейін және нарықтық экономикаға өткенннен кейін бұл жүйенің тиімсіз екенін біле бастады. Нарықтық экономикаға өткеннен соң мемлекет тарапынан тұрғын үй құрлысына және халықты үймен қамсыздандыруға қаржы өте аз мөлшерде бөліне бастады, сол себептен нарықтық экономикасы дамыған елдердегі сияқты енді тұрғын үйге қажет қаржы ресурстары халықтың өз қалтасынан немесе банк несиесі арқылы алына бастады. Мұндай қалыптасқан жағдайда тұрғын үй құрлысына ұзақ мерзімді несие қажет болды. Бұл несиеге инфляция қарқыны минималды әсер ету керек және оның уақытылы қайтарымдылығы максималды түрде қамтамасыз етілу керек еді. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Банк ісі | ҚР Ұлттық банкінің сыртқы саясаты және даму жолдары

Кіріспе.
Орталық банктер бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы әрі реттеуші бас органның рөлін атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық басқарудың мемлекеттік органы болып табылады.Олардың басшылық рөлі мемлекет берген үлкен өкілеттіліктермен анықталады.
Орталық банк елдің эмиссиялық кассалық орталығы, сондай-ақ норма шығару, басқару құқықтарына ие "банктердің банкі", "соңғы сатыдағы несие беруші" рөлін атқарады, ақша-несиелік және валюталық саясатты анықтайды, оның негізгі мақсаты пайда табу емес, ақша-несие саясатын жүзге асыру және елдің несилік жүйесін басқару болып табылады.
Әлемдік тәжірибеде көрсеткендей, мемлекеттің Орталық банкіге кең өкілеттілік беруі екінші деңгейлі банк жүйсінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Орталық банк мемлекет берген эммисиялық құқығы негізінде эканомиканы жалпы мемлекеттік тұрақтандыру саясатын, тауар-ақша қолма-қолсыз ақша массасы тепе-теңдік саясатын жүргізеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық