Салық кодексі | Меншікке салынатын салықтар және олардың Қазақстан Республикасындағы салық жүйесіндегі рөлі

Кіріспе
Салықтар дүниежүзіндегі барлық адамзаттық өмірінде күнделікті кездесіп отыратын құрал болып келеді, себебі әрбір тұлғаның сатып алатын, тұтынатын заттарының барлығының құрамында салықтың белгілі бір мөлшері тұрады. Мемлекет қоғамның қызығушылықтарын әр-түрлі салада қолдай отырып, сәйкесінше белгілі бір саясатты ұстанады. Мұнда әлеуметтік-экономикалық процесстерді мемлекеттік реттеуінің объектісі мен субъектісінің ара-қатынасының құралы ретінде қаржы-несиелік және баға механизмі қызмет атқарады.
Қаржылық-бюджеттік жүйе мемлекеттің қаржылық ресурстарын, яғни бюджеттік және бюджеттен тыс қорларды құру мен қолдану жөніндегі қатынастарды қамтиды. Бұл қорлар мемлекеттің әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, діни және қорғаныс сияқты басқа да қызметтерінің тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Ал осы қорлардың ҚР-да бүгінгі таңда көп үлесі салықтар мен бюджетке төленетін міндетті төлемдерден құрылатындықтан қаржылық-бюджеттік жүйенің негізгі қорлану көзі салықтар болып келеді.
Барлық салықтық және салықтық емес түсімдер, басқа да капиталмен жасалатын операциялардан түскен түсімдердің барлығы мемлекеттік бюджетте шоғырланады, ал мемлекеттік бюджет өз кезегінде республикалық және аумақтық бюджеттерге бөлінеді. Біз алдымыздағы жұмысымызда аймақтық бюжеттердің кірісінің негізін құрайтын жер, көлік, мүлік салықтары туралы бар мәліметті беруге тырысамыз. Бірінші бөлімде біз салықтарға жалпы сипаттама беріп өтеміз: салықтар ұғымы, мазмұны, экономикалық мәні, жүйесі, механизмі және меншікке салынатын салықтардың мәні туралы.....
Курстық жұмыстар
Толық

Қылмыстық құқық | МЕНШІККЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫ ТЕРГЕУ ӘДІСТЕМЕСІ

Кіріспе.
Қазақстан Республикасының конституциясы бойынша Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншікпен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады. Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс. Меншік субьектілері мен объектілері меншік иелерінің өз құқықтарын түзеге отыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді. Кез-келген заң бұзушылық мінез-құлық қоршаған ортаға, қоғамға, белгілі бір мөлшерде қауіп әкеледі. Ал, қылмыс дегеніміз - қоғам үшін ерекше қауіпті құбылыс. Жасалған қылмыс үшін ең алдымен қылмыскердің құрбаны зардап шегеді. Қылмыс - қоғам үшін қауіпті заң бұзылушылықтың өрескел көрінісі, ол заң тиым салған, заңмен жазаланатын әрекет немесе әрекетсіз өрескел қылықтар. Қылмыс алуан түрлі болып келеді. Сондықтан саналы азаматтар құқық қорғау органдарына көмек көрсетіп отыруы тиіс. Егер ойлап қарасақ, мұның өзі - адал ниетті, заңды мүлтіксіз орындап жүрген адамдардың өздерін қорғауға қажетті іс. Меншік иелерінің заңды құқықтары азаматтық құқықтық нормамен, сондай-ақ меншік құқығына қоғамға қауіпті іс-әрекет арқылы қиянат жасалғанда қылмыстық құқық нормасы арқылы да қорғалады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Қылмыстық құқық | Меншікке қарсы қылмыстар

Кіріспе
Әлеуметтік құндылықтар жүйесінде меншікке құқық адамның әлеуметтік игіліктерінің ішіндегі ең маңыздысы ретінде саналады. Меншікті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің негізінде міндеттерінің бірі болып табылады. (ҚР ҚК-нің 2-бабы). Меншікке қарсы қылмыстарды кейде мүліктік қылмыстар деп те атайды. 1922 жөне 1926-жылдардағы қылмыстық кодекстердің тиісті тарауларының тақырыптары солай деп аталған. Бұл екі түсінік бірдей, себебі меншікке қарсы жасалған қылмыстардың көпшілігінің заты мүлік болып табылады. Адамның құқықтары мен бостандықтары жүйесінде меншікке қүқықтың алатын орны ерекше, себебі ол адамның жеке басының сәттілігін сипаттайтын көрсеткіш. Бұл қылмыстар экономикалық қатынастарды реттейді, сондықтан да олардың атқаратын міндеті көп. Бөтен мүлікті ұрлау мәнін түсіну үшін қылмыстың объектісін дұрыс анықтаудың маңызы зор. Бұл мәселенің шешеімі қылмыстық құқық теориясында жан-жақты қарастырылған қылмыс объектісі жайындағы жалпы ережеге негізделуі тиіс. Қол сұғу объектісін дұрыс анықтау қылмыстардың осы тобының мәнін ашуға, олардың қоғамға қауіптілік сипатын көрсетуге мүмкіндік береді және, ең бастысы, қылмыстарды дүрыс саралауға бағыт береді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | МЕНШІК ҚАТЫНАСТАРЫ Меншік құқығы

КІРІСПЕ
Жекешелендірудің негізгі мақсаты орталық жоспардан нарықты экономикаға ауысуына қажетті жағдайды қалыптастыру болып табылады.
Ұлттық мүліктің Республика халқына мемлекеттен қайтару процесінде меншік иелену дербестендіру (персонифи¬кация) негізінде жүргізілуі тиіс.
Бұл мақсатқа жету келесі негізгі мәселелерді шешуді болжайды:
- көптеген мемлекеттік кәсіпорындардың акционерленуі мен шаруашылық құрылымның шамалы рынокты жолмен тездетіп калыптасуы, мемлекеттік меншік объектісінің кіші және көпшілік жекешелендіруді жүргізу;
- тиімді шаруашылық субъектісі ретінде жеке иелену қабатының қалыптасуы;
- бәсекелестік орта құру және өндірісті монополиясыздандырумен қамтамасыз ету;
- шағын және орта бизнестің дамуы;
- ірі және теңдессіз халық шаруашылық объектілердің жеке жаңғырту проектісін шығару (реализация);
- шетел инвесторларын тарту мен жеке бизнестің басым болу ұйымдық шаруашылық құрылымның қалыптасуы;
- бағалы қағаздар нарығының субъектісі ретінде инвестициялық құрылым жүйесінің күшеюі және дамуы.
Бұл бағдарлама мемлекет иелігінен алу және жекешелендіруді әр түрлі салалардың ерекшелігі негізінде қағидалы әдіс амалдарды аныктайды.
Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіруге жататын объектілер тізбегі осы бағдарламамен байланысты.
Жыл сайын өкіметпен бекітіледі.
Мемлекеттік меншік объектілері 2 классификациялық топтарға бөлінеді:
- мемлекет иелігінен алу және жекешелендіруге жатқызылатын объектілер;....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Меншік капиталының есебі мен аудиті

Кіріспе
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс. Осы жоғарыда аталған мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып саналады. Бухгалтерлік есеп- ақпарат беру үшін, және бұл ақпарат пайдаланушылар үшін қызықты болуы үшін, анық, сенімге ие болатын, қажеттіліктерін қанағаттандыру керек. Қаржылық есеп есептік ақпарат дайындау процесі болып табылады, бұл процесті кез- келген заңды және жеке тұлғалар, сонымен бірге кәсіпорыннан тыс:
Менеджерлер, инвесторлар, кредиторлар, қаожылық органдар т.б пайдалана алады. Біздің республикамызда жұмыс істеп тұрған бухгалтерлік есептің халықаралық бухгалтерлік стандарттқа сай келеді.
Есептік мәліметтер шаруашылық субъектілер және олардың структуралық бөлімдерін оперативті басқару, мемлекеттік қаржылық есеп беру, экономикалық болжамдар және ағымдағы жоспар, және де мемлекетіміздің экономикалық дамуын зерттеу үшін пайдаланады.
1.1 Меншік капиталының экономикалық мәні
Экономикалық көзқарас бойынша бухгалтерлік есеп, кәсіпорын ақпарат беру процесі ретінде қарастырылады. Ол кәсіпорындарда бар ресурстарды тиімді пайдалануды, басқару шешімдерін дұрыс қабылдауға ықпалды әсерін тигізеді. Кез-келген заңды және жеке тұлғалар өздерінде бар ресурстарды қаржылық есеп беруіне қарап, белгілі бір бизнес саласына сала алады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Меншiкті капитал есебi

Кіріспе.
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс. Осы жоғарыда аталған мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып саналады. Кәсіпорын алғашқы қүрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол ұйымның құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Бұл сома, яғни кәсіпорынның капиталы осы ұйымның қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады. Жалпы кәсіпорынның есебін жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған , қызмет атқарушы яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрылымы бухгалтерлік баланстың активінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.Кәсіпорын мүлкі оның негізгі құралдары мен айналымдағы қаржыларының құнынан құралады. Ұйымның меншікті капиталының көздері болып мыналар саналады: жарғылық капитал, резервтік капитал және бөлінбеген пайда.Жарғылық қор мөлшері ұйымның жарғысында және басқа да құрылтайшылық кұжаттарында белгіленген, үкіметтің атқарушы органдарында тіркелуі керек. Оның мөлшері құрылтайшылық құжаттарға тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін ғана өзгеруі мүмкін. Қосымша төленбеген капитал кәсіпорынның өзінің меншігіндегі негізгі құралдары мен инвестицияларын қайта бағалаған уақыттағы олардың құнының өскен сомасынан және тағы да басқа жағдайлардан туындайды.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Меншiк капитал туралы түсiнiк

Кіріспе.
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс. Осы жоғарыда аталған мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып саналады. Кәсіпорын алғашқы қүрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол ұйымның құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Бұл сома, яғни кәсіпорынның капиталы осы ұйымның қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады. Жалпы кәсіпорынның есебін жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған , қызмет атқарушы яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрылымы бухгалтерлік баланстың активінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.Кәсіпорын мүлкі оның негізгі құралдары мен айналымдағы қаржыларының құнынан құралады. Ұйымның меншікті капиталының көздері болып мыналар саналады: жарғылық капитал, резервтік капитал және бөлінбеген пайда.Жарғылық қор мөлшері ұйымның жарғысында және басқа да құрылтайшылық кұжаттарында белгіленген, үкіметтің атқарушы органдарында тіркелуі керек.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Меншiк капитал есебi

Кіріспе.
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің қүрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс. Осы жоғарыда аталған мү-ліктердің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиын-тығы үйымның меншікті капиталы болып саналады. Кәсіпорын алғашқы қүрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол үйымның қүрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен қүралады. Бұл сома, яғни кәсіпорынның капиталы осы үйымның қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады. Жалпы кәсіпорынның есебін жүргізу барысында жүмыс істеп түрған , қызмет атқарушы яғни қолданыстағы капиталы және оның қүрамы мен қүрылымы бухгалтерлік баланстың активінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржы-ландыру көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.Кәсіпорын мүлкі оның негізгі қүралдары мен айналымдағы қаржыларының қүнынан қүралады. Үйымның меншікті капиталының көздері болып мыналар саналады: жаргылық капитал , резервтік капитал жэне бөлінбеген пайда.Жарғылық қор молшері үйымның жарғысында жонс басқа да қүрылтайшылық күжаттарында белгіленген, үкіметтің атқарушы органдарында тіркелуі керек. Оның молшері қүрылтайшылық қүжаттарға тиісті өзгерістер енгізілгсннсн кейін ғана озгсруі мүмкін. Косымша төленген капитал — қоғамның озінің акцияларын олардың атаулы (номиналдық) қүнынан артық бағаға сатқан жағдайда пайда болған қүн айырмашылығынан туындайды.....
Курстық жұмыстар
Толық

Менеджмент | Менеджменттің қызметі

Кіріспе
Күнделікті тұрмыста менеджмент сөзі белгілі бір ұйымдағы барлық адамдардың қызметіне басшылық етумен шұғылданып, өз мақсатына жетуді білдіреді. Тіпті білікті басқару саласының өзінде де менеджмент ұғымы түрліше түсіндіріледі.
Сонымен, менеджменттің бастапқы ұғымы - бұл басшылық. «Менеджмент» ұғымының анықтамасына сүйенетін болсақ, онда менеджмент дегеніміз қазіргі индустриялық қоғамда жұмыс істейтін экономикалық орган. Менеджмент қабылдаған кез келген әрекет, кез келген шешім –бұл экономикалық сипаттағы шаралар. Сонымен, менеджменттің тиімділігін және менеджерлердің іс-әрекетін экономикалық табыстар, экономикалық нәтижелер арқылы ғана таразылауға болады. Кәсіпорын ең сапалы, әрі бағасы бір шама арзан тауарларды шығара алуы немесе бәсекелестеріне қарағанда ең тәуір қызмет көрсете алуы тиіс. Менеджменттің міндетіне, басшылық етуіне жаңа рыноктарды игеруіне жұртшылықтың мұқтажын қанағаттандыру жатады. Егер кәсіпорын нашар әрі тиімсіз жұмыс істесе, онда оның жаңа қожайыны жұмысшыларды емес, басшыларын ауыстырады. Сонымен, менеджмент дегеніміз ұжым (коллектив) жұмысын ұйымдастыру. Кәсіпорын жұмысын ұйымдастырғанда, қызметкерлер мұқтажын барынша толық қанағаттандыруды, олардың жұмысын жандандыруды, әрі тиімділігін арттыруды көздеу қажет.....
Курстық жұмыстар
Толық

Менеджмент | Менеджменттің ақпараттық жүйемен қамтамасыз ету

КІРІСПЕ
Менің жұмыс тақырыбым «Менеджменттің ақпараттық жүйемен қамтамасыз ету» болып келеді. Жұмыс мақсатына келетін болсақ, ол қазіргі кезге сай менеджер жұмыстарын автоматтандыру үшін қажет.
Қазіргі кезеңнің ерекшелігі, үлкен көлемдегі материалдық және шикізаттық қорларға негізделген индустриялды экономикадан ақпараттың негізгі қоры болып есептелетін «ақпараттық экономикаға» ауысу болып отыр. Ақпарат – қазіргі кезде ұлттық стратегиялық ресурстардың бір түрінің айрылмас бөлігі бола тұра, ақпараттық өнімдер мен қызметтер нарығында өз сұранысы мен ұсынысына ие. Бұған дәлел ретінде Республика Парламентінің «Қазақстан Республикасының ақпараттандыру заңын» қабылдағанын жатқызуға болады
Қазақстан Республикасының бүгінгі таңдағы даму кезеңі қоғамдық құрылыспен қатар экономикалық, шаруашылық және қаржылық салаларда түбегейлі өзгерістермен сипатталады. Экономикадағы және шаруашылық салалардағы зандарды және нарық заңнамаларын қолданудағы нарықтық қатынасқа көшу, нарықтық құрылымды құру мен іске асыру біздің көзқарасымыз бен ісімізді түбегейлі өзгертеді.
XX және XXI ғасырлар тоғысуындағы ғылыми-техникалық прогрестің адамзат алдындағы басты жетістіктерінің бірі – ақпартты басқару құралына, ал ақпарат ағынын қажетті қор көзіне айналдырып және оны тиімді өңдеу құралы – комьютерлік техниканы қоғамдағы барлық салаларға жаппай ендіру болып отыр. Басқару үрдісіндегі негізгі элемент болып саналатын ақпарат жүйесінің және оған қатысты жаңа технологиялардың даму қарқыны - оны жобалаудыға жаңаша ыңғайларды қалыптастыруда. Ақпарат жүйесін күрделі динамикалық жүйе ретінде қарастырып, оны жүйелік ыңғаймен зерттеу қолға алынды.....
Курстық жұмыстар
Толық