Экономика | Меншiк капитал туралы түсiнiк

 Экономика | Меншiк капитал туралы түсiнiк

Мазмұны
Кiрiспе
I Бөлiм
1.1. Меншiк капитал туралы түсiнiк
1.2. Ғалымның ой-пiкiрi
II Бөлiм. Меншiкті капитал есебi
2.1. Жарғылық капитал есебi
2.2. Резервтiк капитал есебi
2.3. Бөлінбеген табыс есебi және жабылмаған зиян
2.4. Капитал қозғалысы бойынша операцияларының есебi
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе.
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс. Осы жоғарыда аталған мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып саналады. Кәсіпорын алғашқы қүрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол ұйымның құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Бұл сома, яғни кәсіпорынның капиталы осы ұйымның қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады. Жалпы кәсіпорынның есебін жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған , қызмет атқарушы яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрылымы бухгалтерлік баланстың активінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.Кәсіпорын мүлкі оның негізгі құралдары мен айналымдағы қаржыларының құнынан құралады. Ұйымның меншікті капиталының көздері болып мыналар саналады: жарғылық капитал, резервтік капитал және бөлінбеген пайда.Жарғылық қор мөлшері ұйымның жарғысында және басқа да құрылтайшылық кұжаттарында белгіленген, үкіметтің атқарушы органдарында тіркелуі керек. Оның мөлшері құрылтайшылық құжаттарға тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін ғана өзгеруі мүмкін. Қосымша төленбеген капитал кәсіпорынның өзінің меншігіндегі негізгі құралдары мен инвестицияларын қайта бағалаған уақыттағы олардың құнының өскен сомасынан және тағы да басқа жағдайлардан туындайды. Резервтік (сақтық, сақтаулы) капитал - келешекте (алдағы уақыттарда) болуы мүмкін зияндармен шығындардың (ысыраптардың) орнын толтыруға арналып кәсіпорынның өзінің таза пайдасынан (табысынан) бөлінген меншіктік капиталының бір бөлігі. Резервтік (сақтық, сақтаулы) капиталдың мөлшері мен құрылу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдары мен ұйымның (қоғамның) жарғысында қаралады (көрсетіледі). Бөлінбеген пайда (табыс) кәсіпорынның жалпы кірісінен (пайдасынан) барлық жұмсалған шығындарды (бюджетке төленген салық сомаларын, кірістен (пайдадан) басқадай бағыттарға пайдаланған сомаларын шегеріп тастағандағы қалған бөлігі болып табылады. Жарғылық капиталы қызметті бастауды қамтамасыз ету үшін жаңадан кұрылған кәсіпорынның жасаған қаражаттарының сомасы болып саналады.Кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері, сол ұйымның шығарған акцияларының түрлері (жәй және артықшылығы бар), акциялардың сандары, сондай-ақ бір акцияның атаулы (номиналдық) құнына сәйкес акционерлік қоғамның, серіктестіктердің, өндірістік кооперативтердің жалпы жиналысында бекітіледі.
I. Бөлім.
1.1. Меншiк капитал туралы түсінік
Банктің меншікті капиталы капиталдың экономикалық санатының бір түрі болып табылады. Ол несиелік мекеменің қалыптасу көзінің және ортаның өзгеруіне байланысты дұрыс қызмет ету үшін елеулі мәнге ие. Банкті ашу кезінде құрылтайшылар енгізген меншікті капитал банктің бастапқы қызметін ұйымдастыру үшін пайдаланылатын алғашқы қаражат немесе қызмет өсуі және кеңеюі кезеңінде қосымша қаражат болып келеді. Сонымен қатар банктік капитал несиелік мекемелерді қаржылық тұрақсыздықтан және шектен тыс тәуекелдерден сақтайды, оны банкроттықтан қорғануын қамтамасыз етеді, ағымдағы шығындардың залалын жабады, банкке деген клиенттің сенімін арттырады, клиентуралық коммерциялық және тұтыну несиелеріне деген қажеттіліктерін қанағаттандырады. Сондықтан банктерге экономикалық тәртіп нормасын тапсырыс ететін мемлекеттік органдар оларды бұзу туралы белгі алған кезде салымшылар мен инвесторлар мүдделеріне жауап беретін банктік капиталға экономикалық ықпалшаралар қолданады. Осылайша, банк қызметінің ең үлкен мәселелерінің бірі банктің меншікті капиталының жеткіліктілігін анықтау болып табылады. Оған осынша көңіл берудің бір себебі банктің айналымындағы қарыз капиталы үлес салмағы банктік емес саладағы кәсіпорынның айналымындағы қарыз капиталы айтарлықтай жоғары болып келуінде.
Меншікті капитал банктің несиелік ресурсы ретінде тартылған қаражаттармен тығыз байланысты және солармен бірге айналымды жүзеге асырады. Ол тартылған қаражаттарға қарағанда сенімдірек ресурс болып табылады.
Банктің меншікті капиталы екі бөлікке бөлініп қарастырылуы қажет: "Қатты ядро" деп аталатын базалық және қосымша капитал.
Базалық капитал ең тұрақты және орнықты көздері қамтиды: акционерлік капитал, басылымдарға шығатын резервтер және жалпы банктік тәуекелдердің қорлары. Қосымша капиталға үмітсіз қарыздар мен басқа да тәуекелді операциялардың орнын толтыру үшін құрылатын әр түрлі резервтер және мәжбүрлі шығындар (провизиялар) түрлері жатады. "Қатты ядро" мен қосымша капитал арасында белгіленген ара қашықтық сақталады.
Ұйымның барлық мүлкі (қызмет атқарушы капиталы) айналыстан тыс және айналыстағы активтер болып екіге бөлінеді. Мүліктерді қызмет атқару мерзіміне қарай "негізгі (айналымнан тыс) активтер" және "айналымдағы активтер" деп екіге бөледі.
Негізгі (айналымнан тыс) активтер негізгі құралдардан, материалдық емес активтерден, қаржылық (ұзақ мерзімді) инвестициялардан, аяқталмаған құрылыстан құралады. Жалпы айналымнан тыс активтер шаруашылық субъек-тінің материалдық-техникалық базасын жасауға және дамытуға арналады.
Ал айналымдағы активтер кәсіпорынның қызмет атқаруы барысында пайда табуға негізделеді. Соған сәйкес олардың қатарына ақша қаражаттары, қысқа мерзімдік қаржылық салымдар, тауарлық-материалдық қорлар, дебиторлық борыштар және басқа да активтер жатады.
Кәсіпорынның мүлкі оның негізгі құралдары мен айналымдағы қаржыларының құнынан құралады. Ұйымның меншікті капиталының көздері болып мыналар саналады:
• жарғылық капитал
• резервтік капитал
• бөлінбеген пайда
Кәсіпорындар өздерінің қызмет атқаруы барысында меншікті қаржыларынан басқа қарыз қаражаттарын да пайдаланады. Ал олардың қатарына қысқа және ұзақ мерзімді несиелер, қарыздар, алынған аванстар және басқа да кредиторлық борыштар жатады.
Жарғылық қор меншік иесінің (кәсіпорынның) жарғысында қаралған қызметтерін қамтамасыз ету үшін инвестициялық қаржылардың сомасы болып табылады.Меншік иесінің тиісті құқығымен жауапкершілігіне қарай ұйымның жарғылық қоры мынадай түрлерге бөлінеді:
• кәсіпорындардың (толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, жабық және ашық акционерлік қоғам) жарғылық капиталы.
• өндірістік кооператив мүшелерінің мүлік жарналары.
Жалпы кәсіпорынның есебін жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған , қызмет атқарушы яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрылымы бухгалтерлік баланстың активінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.Кәсіпорын мүлкі оның негізгі құралдары мен айналымдағы қаржыларының құнынан құралады. Ұйымның меншікті капиталының көздері болып мыналар саналады: жарғылық капитал, резервтік капитал және бөлінбеген пайда.Жарғылық қор мөлшері ұйымның жарғысында және басқа да құрылтайшылық құжаттарында белгіленген, үкіметтің атқарушы органдарында тіркелуі керек. Оның мөлшері құрылтайшылық құжаттарға тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін ғана өзгеруі мүмкін.
Жарғылық қор мөлшері ұйымның жарғысында және басқа да құрылтайшылық кұжаттарында белгіленген, үкіметтің атқарушы органдарында тіркелуі керек. Оның мөлшері құрылтайшылық құжаттарға тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін ғана өзгеруі мүмкін.
Қосымша төленген капитал — қоғамның өзінің акцияларын олардың атаулы (номиналдық) құнынан артық бағаға сатқан жағдайда пайда болған құн айырмашылығынан туындайды.
Қосымша төленбеген капитал — кәсіпорынның өзінің меншігіндегі негізгі құралдары мен инвестицияларын қайта бағалаған уақыттағы олардың құнының өскен сомасынан және тағы да басқа жағдайлардан туындайды.
Резервтік (сақтық, сақтаулы) капитал - келешекте (алдағы уақыттарда) болуы мүмкін зияндармен шығындардың (ысыраптардың) орнын толтыруға арналып кәсіпорынның өзінің таза пайдасынан (табысынан) бөлінген меншіктік капиталының бір бөлігі. Резервтік (сақтық, сақтаулы) капиталдың мөлшері мен құрылу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдары мен ұйымның (қоғамның) жарғысында қаралады (көрсетіледі).
Бөлінбеген пайда (табыс) — кәсіпорынның жалпы кірісінен (пайдасынан) барлық жұмсалған шығындарды (бюджетке төленген салық сомаларын, кірістен (пайдадан) басқадай бағыттарға пайдаланған сомаларын шегеріп тастағандағы қалған бөлігі болып табылады.
Жарғылық капиталы - қызметті бастауды қамтамасыз ету үшін жаңадан кұрылған кәсіпорынның жасаған қаражаттарының сомасы болып саналады.Кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері, сол ұйымның шығарған акцияларының түрлері (жай және артықшылығы бар), акциялардың сандары, сондай-ақ бір акцияның атаулы (номиналдық) құнына сәйкес акционерлік қоғамның, серіктестіктердің, өндірістік кооперативтердің жалпы жиналысында бекітіледі.
Меншікті капитал пассивті операцияларға жатады және мыналарды қамтиды:
• акционерлік капитал – жай (мерзімсіз бағалы қағаздар), артықшылығы бар акциялар (дауыс беру құқығы жоқ);
• банктік резервтер – күтілмеген жағдайларға дивиденттер төлеуге, өтелмеген несиелер шығындарын жабуға арналған резервтер;
• қосымша төленген капитал, жай және артықшылығы бар акцияларды сату бағамы мен олардың номиналы арасындағы айырма есебінен құралады;
• қосымша төленбеген капитал активтерді қайта есептеу есебінен құралады;
• бөлінбеген пайда – банктің өз еркінде қалатын жинақталатын пайда сомасы.
Меншікті капитал банк үшін ресурс ретінде акционерлерге дивиденттер төлеу түріндегі құнмен өрнектеледі. Берілген ресурс түрінің өсуі екі жағдайда болуы мүмкін: акционерлік капитал немесе пайдасының өсуі. Акционерлік капитал және оған теңестірілген банк қаражаттары құрылымындағы баптар банк тұрақтылығын және оның қызметінің тиімділігін қамтамасыз етуде үлкен рөл атқарады.
Меншікті капитал бірнеше қызметтерді атқарады: қорғау, оперативті, реттеуші айналым және резервтік қызмет.......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру