Салық кодексі | Меншікке салынатын салықтар және олардың Қазақстан Республикасындағы салық жүйесіндегі рөлі

 Салық кодексі | Меншікке салынатын салықтар және олардың Қазақстан Республикасындағы салық жүйесіндегі рөлі

Мазмұны
Кіріспе
І Меншікке салынатын салықтардың экономикалық маңызы
1.1 Меншікке салынатын салықтардың мазмұны және экономикалық мәні
1.2 Меншікке салынатын салықтардың жекелеген шет елдердегі алыну механизмін талдау
ІІ Меншікке салынатын салықтардың Қазақстан Республикасындағы қызмет механизмін талдау
2.1 Меншікке салынатын салықтарды есептеу механизмі:
2.1.1 Жер салығы
2.1.2 Көлік құралдарына салынатын салық
2.1.3 Мүлік салығы
2.2 Меншікке салынатын салықтардың бюджет кірісін құрудуағы рөлі
III Меншікке салынатын салықтарды жетілдіру жолдары және даму перспективалары.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Салықтар дүниежүзіндегі барлық адамзаттық өмірінде күнделікті кездесіп отыратын құрал болып келеді, себебі әрбір тұлғаның сатып алатын, тұтынатын заттарының барлығының құрамында салықтың белгілі бір мөлшері тұрады. Мемлекет қоғамның қызығушылықтарын әр-түрлі салада қолдай отырып, сәйкесінше белгілі бір саясатты ұстанады. Мұнда әлеуметтік-экономикалық процесстерді мемлекеттік реттеуінің объектісі мен субъектісінің ара-қатынасының құралы ретінде қаржы-несиелік және баға механизмі қызмет атқарады.
Қаржылық-бюджеттік жүйе мемлекеттің қаржылық ресурстарын, яғни бюджеттік және бюджеттен тыс қорларды құру мен қолдану жөніндегі қатынастарды қамтиды. Бұл қорлар мемлекеттің әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, діни және қорғаныс сияқты басқа да қызметтерінің тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Ал осы қорлардың ҚР-да бүгінгі таңда көп үлесі салықтар мен бюджетке төленетін міндетті төлемдерден құрылатындықтан қаржылық-бюджеттік жүйенің негізгі қорлану көзі салықтар болып келеді.
Барлық салықтық және салықтық емес түсімдер, басқа да капиталмен жасалатын операциялардан түскен түсімдердің барлығы мемлекеттік бюджетте шоғырланады, ал мемлекеттік бюджет өз кезегінде республикалық және аумақтық бюджеттерге бөлінеді. Біз алдымыздағы жұмысымызда аймақтық бюжеттердің кірісінің негізін құрайтын жер, көлік, мүлік салықтары туралы бар мәліметті беруге тырысамыз. Бірінші бөлімде біз салықтарға жалпы сипаттама беріп өтеміз: салықтар ұғымы, мазмұны, экономикалық мәні, жүйесі, механизмі және меншікке салынатын салықтардың мәні туралы.
Екінші бөлімде меншікке салынатын салықтарды жекеше қарастырып, олардың түрлерін, жалпы сипаттамасын, жұмыс істеу механизмін қарастырып өтеміз.
Ал соңғы бөлімде біз меншікке салынатын салықтарды жетілдіру жолдары мен даму перспективаларына шолу жасаймыз.
І Меншікке салынатын салықтардың экономикалық мазмұны
1.1 Меншікке салынатын салықтардың мазмұны және мәні
Мемлекет бюджеті әр-түрлі көздерден қалыптасады:
біріншісі, ішкі және сыртқы көздер – қаражат иесінің қарыз алушыға қаржыны ерікті түрде беруі; екіншісі, салықтар – бұнда қаражат керісінше мәжбүрлеп алынады.
Салықтар әскери табыстар мен баждармен қатар пайда болған мемлекеттің қорлану көзінің бірі болып келеді, яғни заңды түрде белгіленген қойылым арқылы халық пен шаруашылық субъектілердің табысынан алынатын міндетті алымдар.
Салықтардың ұғымы бір, егер ғалымдардың анықтамаларында айырмашылық болса, алшақтық алысқа кеткен емес. Американдықтардың айтуынша салықтар – қоғамның өркениетке жету құралы деген. Ал Бенджамин Франклин өмірде 2 күмәнсіз нәрсе бар: өлім мен салық деген. Бұл жөнінде Ф.Аквинский “Салықтарды ұрлаудың рұқсат етілген нысаны” ретінде қарастырса, экономикалық теория негізін қалаушылырдың бірі А.Смит “салық төлеушілер үшін құлшылықтың белгісі емес, бостандықтың белгісі” деп тұжырымдаған.
Салыққа деген көзқарас экономикалық және әлеуметтік жағынан да қарастырылған, сондықтан анықтамалар көп болғанмен олардың әрқайсысының кемінде бірнеше кемшіліктерін табуға болады. Мысалға С.Д. Цыпкиннің мәлімдеуінше, салықтар, бұл алдын-ала белгіленген қойылым бойынша және белгілі уақытта материалды алғышарттар арқылы бюджетке төленетін мемлекетпен белгіленген жеке-қайтарымсыз ақшалай төлемдер. Салықтардың ең тараған анықтамасы болғанымен бұнда салықтардың эквивалентсіздігі туралы айтылмаған. Ал Л.К. Воронованың ұсынған анықтамасы бойынша, салықтар дегеніміз, жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында белгілі уақытта және мөлшерде өкілеттілігі бар мемлекеттік органдардың актісіне сәйкес заңды және жеке тұлғаларды бюджетке аударатын төлемдері болып келеді. Бұл анықтама авторы салықтарды құқықтық жағынан қарастырған және олардың міндеттілігі, қайтарымсыздығы, эквивалентсіздігі туралы ешқандай мәлімет берілмеген. Сонымен қатар көптеген авторлар салықтарға салым ретінде анықтама беріп, оның негізгі анықтамасынан қатты алшақтайды. А С.Г. Пепеляев өзі заңгер болғандықтан салықтарды меншікті қолданғаны үшін алынатын төлемдердің жалғыз заңды нысаны ретінде ұсынады, бірақ бұл анықтаманың да қарама-қайшылықтары көп.
Салықтардың сипаттайтын белгілері өте көп, олардың барлығын атамай, бірақ ескере отырып қысқа да нұсқа анықтамасын берген дұрыс болар: демек біздің пікірімізше, салықтар дегеніміз, заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде және мерзімде мемлекеттік бюджетке аударылатын, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын біржақты міндетті төлемдері.
Бұл Салық Кодексінде белгіленген салықтардың анық және қысқа анықтамасы, ал егер толық формасына келетін болсақ, салықтар дегеніміз, мемлекеттік бюджетке (республикалық және жергілікті) мемлекетік органдар өкілеттілігі арқылы заңды және жеке тұлғалардан (шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтан) тұрақты түрде алынатын және мемлекет табысына, яғни меншігіне аударылатын, мемлекеттік жоғары билік органдарының (парламент) заңдарымен белгіленген және мемлекеттік мәжбүрлеу күшімен қамтамасыз етілген міндетті, қайтарымсыз төлемдер болып келеді.
Салықтардың классикалық анықтамасына тоқтала кетсек, салықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың мемлекетпен арасындағы мемлекеттік орталықтандырылған қаржы көздерін құруға байланысты туындайтын қаржылық қатынастарды сипаттайтын категория.
Ал жоғарыда берілген салықтардың қысқа және толық анықтамаларында берілмеген немесе оларға сыймаған сипаттамалары келесідей болып келеді және олардың өздері экономикалық, құқықтық жағынан қарастырылған.
Салықтардың құқықтық сипаттамаларына жатады:
- тек мемлекет салықтарды белгілей алады;
- салықтар тек мемлекет тарапынан, біржақты міндеттейді;
- салықтар нормативті актлермен белгіленеді, яғни құқықтық нысанда жүргізіледі;
- салықтар мәжбүрлі сипатқа ие;
- салықтарда теңқұқылы қаражат алымы орын алады;
- салықтарды төлеу мемлекеттік жауапкершілік дәрежесімен қамтамасыз етілген;
- салықтарды төлеу кезінде бақылау міндетті түрде жүргізілу қажет;
Салықтардың экономикалық сипаттамасына жатады:
- салықтар қаражы нысанындағы төлемдер болып келеді;
- салық қатынастарының тұрақты сипаты;
- баламасыздығы;
- салық салу объектісінің орын алуы;
- салық субъектісінің анық болуы;
Салықтардың экономикалық мәні келесіде:
- салықтар жеке тұлғалардың табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін көрсетеді;
- жеке тұлғалар табыстарының белгілі бір мөлшері мемлекет үлесіне жинақталып, жинақтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді;
Салықтардың қызметтеріне келсек, олар жеткілікті дәрежеде көп болады және ғалымдар олардың ішінен кейбіреулерін іріктеп негізгісіне жатқызып жатады. Сонымен қатар бұл іріктеу мемлекеттің салық жүйесіне, ұстанатын салық саясатына тікелей байланысты болып келеді, сондықтан әр елдің салық қызметтері, қағидалары, түрлері әр-түрлі болып келеді.
Салықтардың қызметі – бұл олардың негізінің жұмыс жасауда көрінуі, оның ерекшеліктерінің көрінуінің әдісі болып келеді.
Салықтар бюджетке түсетін төлемдер болғандықтан оның негізгі қызметі мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлімінің құрылуын қамтамасыз ететін фискалдық қызмет болып келеді. Бұл қызмет арқылы салықтардың қоғамдық міндеті артады, яғни бюджет кірісі топтастырыла отырып әлеуметтік, әскери, діни және т.б. шаралардың іске асуын қамтамасыз етеді. Фискалдық қызмет қаражаттарды бюджетке орталықтандырумен сипатталады, ал орталықтанған қаражат әрі қарай бөлінеді. Бұдан оның бөлгіштік қызметі туындайды, бірақ Қазақстан Республикасының Салық Кодексі бойынша бұның барлығы фискалдық қызмет деп есептелінеді. Фискалдық қызметтің өзі бірнеше қызметтер жиынтығынан тұрады: бюджеттік, жұмылдырушы, аккумуляциялаушы, жинақтаушы.
Мемлекет шаруашылықты ұйымдастыруды қолға алғаннан бері салықтық механизмі арқылы жүзеге асырылатын реттеуші қызметі пайда болды. Бұл қызмет арқылы кез-келген шаруашылық өмірдегі қаржы ресурстарының қимылына бақылау жасалынады, салық жүйесі мен бюджет саясатын жетілдіру жолдары қарастырылады, салық механизмінің тиімді қызмет етуі бағаланып отырады. Бұл қызметтің негізгі тетіктеріне салық ставкалары мен салық жеңілдіктері жатады. Салық тетіктерінің негізгі мақсаттарына өндірістің дамуын реттеу, ақша және баға саясатын реттеу, шетелдік инвесторларды ынталандыру, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту шаралары жатқызылады.
Ол қалай жұмыс жасайды десек, мысалға егер салық мөлшері кәсіпкер табысының 50 пайызын алса, онда оның бизнесі банкротқа ұшырау ықтимал, егер 45 пайызын алса, ісі алға баяу жылжуы мүмкін, ал егер 35, немесе 30 пайыздан төмен болса, онда кәсіпкер пайда тауып, мемлекеттің әл-ауқатын көтереді. Екінші тетігі - салық жеңілдіктері. Олар салық преференциялары, салықтық несие нысанында, сонымен қатар шетел инвесторларына, әлеуметтік қамсызданбаған тұлғаларға және басқа да мемлекетпен белгіленген жағдайларда қолданылады.
Осы реттеуші қызметі негізінде ынталандырушы қызметі бар, және ол жоғарыда аталып кеткен салық жеңілдіктері, преференциялары арқылы жүзеге асырылады. Бұған байланысты салық жеңілдіктерінің қандай мақсаттарды ынталандыруға бағытталатындығы анықталады:
- шағын және орта бизнесті қаржыландыру;
- үй құрылысына және өндіріске кеткен шығындарды қаржыландыру;
- зейнеткерлер мен мүгедектердің жұмыспен қамтылғандығын қаржыландыру;
- мәдени және қоршаған ортаны қорғау шараларымен байланысты қызметті қаржыландыру;
Сонымен қатар реттеуші қызметінің құрамына кіретін тежеуші және өндірістік бағытқа арналған қызметі бар .
Салықтық бақылауды жүзеге асыру барысында бақылау нысандарына сәйкес салық төлейтін жеке және заңды тұлғалардың тәртіпті сақтауын, салық төлеуінің заңға сәйкестілігін, мерзімі мен көлемінің дұрыстығын, жалтарудың бар, не жоқ болуын тексеру басты мақсаты мен міндетіне жатқызылады. Ал негізгі міндеті салықтық түсімдердің сандық көрсеткіштерін белгілеп, олардың мемлекеттің қаржылық ресурстарға деген қажеттілігіне сәйкес келуін анықтауында болып келеді.
Сонымен бірге әлеуметтік қамсыздандыру, табыстардың әлеуметтік теңдестірілуі қызметтері болады, бірақ олар ішкі функция негізінде немесе жанама қызмет түрі негізінде белгіленген.
Салықтар жүйесі заңды және жеке тұлғалардың мемлекетпен ара қатынасы барысында туындайтын қаржы қатынастары және оны анықтайтын салықтар, салық механизмі, салық салу әдістері, жолдары, салық заңдары мен салық қызмет органдарының жиынтығын құрайды.
Салық жүйесінің – ел экономикасын қайта құруға, өндірістің ұлғайып дамуына, саяси-әлеуметтік шараларды толық орындалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызатын мемлекет қаржы көздерінің негізгі құралы болып келеді.
ҚР Салық жүйесінің дамуы 4 кезеңнен өтті:
1991-95ж.ж. – алғашқы салық кодексі жасалды және салық жүйесі туралы заң қабылданды. Сонымен бірге 42 салықтар қолданысқа енгізілді.
1995-98ж.ж. – 1995ж. 1-шілдесінен бастап ҚР аумағында 5 жергілікті, 6 жалпымемлекеттік салықтар нақтыланды, ал 24-сәуірде салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы заң күші бар жарлығы қабылданды, шағын және орта бизнеске салық салу ережелері анықталды.
1998-2000ж.ж. – салық салудық барлық қағидалары ескеріле келе салық жүйесін жетілдіру мақсатында жаңа өзгерістер мен толықтырулар енгізілді;
2000-2002ж.ж. – жаңа Салық Кодексі қабылданып, іске қосылды, арнайы салық режимі пайда болды, салық салу қағидалары нақтыланды, көптеген ұғымдар пайда болды.
Осы 2002 жылғы Салық Кодексі бойынша ҚР-да 1-қаңтардан 9 салық түрі қолданысқа енгізілді, олар:
Корпорациялық табыс салығы, жеке табыс салығы, қосылған құн салығы, акциздер, жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнайы төлемдері, әлеуметтік салықтар, жер салығы, көлік құралдарының салығы, мүлік салығы. Бұл салықтар республикалық және жергілікте деңгейлерде төленеді және салық салу элементтері бойынша айрықшаланады. Бұл элементтерге жатады:
Субъект, объект, салық көзі, салық ставкасы, салық өлшем бірлігі, салық оклады, салық жеңілдіктері, салық төлеу мерзімі мен тәртібі, салық төлеушінің және салық қызметі органдарының құқықтары мен міндеттері, салық төлеуін бақылау, салық жазалау шаралары.
Салық жүйесі салық механизмінен тұрса, салық механизмі жоғарыда аталып кеткен элементтерден тұрады, яғни бұл салық салу барысындағы мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасындағы туындаған қатынастардың жүзеге асуына көмекші және негізгі құралдар болып келеді десек те болады.
Салық механизмі өз кезегінде бұл, салық жүйесін құрайтын және оның қызмет етуіне жағдай жасайтын компоненттер жиынтығы болып келеді.
Салық механизмінің құрамдас бөлігі салық салу әдістеріне келетін болсақ, ҚР-да салық салудың 4 әдісі бар:
Меншік түрлеріне, яғни жер, көлік, мүлікке салынатын салықты есептеу жолы - кадастрлық әдіс, жеке кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтардың табысынан салық патент негізінде алынады, заңды және жеке тұлғалардың қызмет етуі барысында пайда болатын табыстан декларация негізінде салық алынады және соңғысы, төлем көзіне салық салу кезінде салық агентінің делдалдық қызметі арқылы заңды немесе жеке тұлғаның табысына салық салынады.
Бұл салық салу әдістері жекелеген салық түрлеріне қолданылады және бірнеше критерийлерге байланысты болып келеді, біріншіден, кәсіпкердің жылдық табысының мөлшеріне байланысты, екіншіден, қарамағындағы жалдамалы жұмысшылардың санына байланысты, үшіншіден, өндіретін немесе сататын тауарлары мен өнімдерінің түріне байланысты болып келеді.
Салық механизмінің келесі құрамдас бөлігі салық қағидалары болып келеді.
А.Смит өзінің “халықтар байлықтарының себептері мен табиғатын зерттеу” шығармасында салық салудың негізгі қағидаларын белгілеген және оларды салық жауап беретін талаптар деп атаған: әділеттілік, ыңғайлылық, нақтылық, жалпыға бірдейлік, төлемнің арзандылығы, заңды тәртіптің орын алуы және шаруашылық тәуелсіздік. Бұл талаптар қатарына Смиттің жолын қуушы Н.И.Тургенев салықтардың жеткіліктілігін және қозғалмалылығын қамтамасыз ететін қағиданы, сонымен қатар салық салудың объектісін таңдау мен бірыңғайлығы қағидаларын ұсынған болатын.
Бұл қағидалармен қатар классикалық қағидалар үлгісі бар, олар:
Табысына қарай, міндеттілік, мерзімділік, үнемділік пен ыңғайлылық;
Қазақстан Республикасы өзінің салық жүйесін құрған кезде жоғарыда аталып кеткен қағидалардың барлығы ескерілген болатын. Сонымен елдің экономикалық, құқықтық, элеуметтік және т.б. аспектілеріне қайшылық тудырмайтын қағидалар құрылды:
- міндеттілігі – салық төлеуші салық заңдарына сүйене отырып міндеттемелерін толық және мерзімді орындауға міндеттенеді;
- айқындылығы – салықтар салық төлеушіге түсінікті де, күдік тудырмайтындай болу керек;
- әділдігі – ҚР аумағында салықтар барлық азаматтар үшін бірдей, және себепсіз жеңілдіктер жасалмауы тиіс;
- біртұтастылығы – ҚР бүкіл аумағында салық жүйесі барлық салық төлеушіге қатысты біртұтас болады;
- жариялылығы – салық салуға байланысты нормативті құқықтық актілер мен оларға енгізілген толықтырулар мен өзгертулер ресми басылымдарда міндетті түрде жариялануы тиіс;
Салық салу механизмінде салықтардың ерекше белгілері бойынша жіктелуі орын алады, ол салықтардың қызметін тиімді ұйымдастыру мақсатында топтастырылады:
1) Салық салу объектісіне байланысты :
1.1) Тікелей салықтар - табысқа немесе мүлікке салынады:
Корпоративті табыс салығы, жеке табыс салығы, жер салығы, көлік құралдарына салынатын салық, мүлік салығы және т.б.
1.2) Жанама салықтар – субъектісі тұтынушы болып келеді, бірақ салық сомасы тауардың құнында болғандықтан салықты бюджетке сатушы аударады, оларға жатады:
қосылған құн салығы, акциздер;
2) Бюджетке түскен соң қолданылатын белгісіне қарай:
2.1) жалпы салықтар – бюджетке түскен соң жалпы мақсаттарда қолданылады. Оларға Корпоративті табыс салығы, қосылған құн салығы және т.б. жатады.
2.2) Арнайы салықтар – бюджетке түскен соң алдын ала белгіленген нақты шараларға бағытталады.
3) Экономикалық белгісіне байланысты:
3.1) Табысқа салынатын салықтар – салық төлеушінің кез-келген салық салынатын объектісінен түсетін табысынан алынады, оларға табыс салығы мен пайдаға салынатын салық жатады.
3.2) Тұтынуға салынатын салықтар – салық төлеуші тауар немесе қызмет құнын төлеген кезде төлейді, мысалға қосылған құн салығы және акциздер.
4) Салық салу объектісін бағалау дәрежесіне қарай:..........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру