Жеңіс күніне арнау

Дайындықсыз, қамсыз жатқан кез еді
Ескертусіз дүр сілкінтті даламды
Таң сәріде шырт ұйқының мезгілі
Есеңгіртті қалың елді, халықты.

Солды гүлдер, ойылды ағаш тамыры
Жасыл майса қара...
Өлеңдер
Толық

9 мамыр: Құрметті ардагерлер мен тыл еңбеккерлері!

Сіздерді Отан қорғаушылар және Ұлы Жеңіс мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын! Осы айтулы күндер – қазақстандықтардың барлық буынын біріктіретін, шын мәніндегі жалпыхалықтық мейрамдар.

Жеңіс күні – тарихи естеліктер жаңғырып, болашақ ұрпаққа бейбіт күннің қадір-қасиетін өсиет ретінде жеткізетін күн. Бұл мейрам еліміздің ертеңі үшін жанын пида еткен қаһарман....

Құттықтау, тілектер
Толық

Тыл ардагер - аналарға арнау

Соғысқа аттанғанда іні – аға,
Елде қалды кемпір – шалмен, бала – шаға. 
Нар көтерер жүктерді арқалаған,
Салмақ түсті тағы да аналарға.

Жан жарамен қол ұстасып жүре алмай,
Шаттықпенен емін - еркін күле алмай.
Ата - ене, балалары қалды қолда,
Жалғандағы жар қызығын көре алмай.

Жас нәресте шырылдады жаңа туып,
Анасы кетті еңбекке белін буып.
Жан жарын аттандырып қала берді,
Үлбіреген ақша бетін жаспен жуып.

Қуарған күз жапырақтай өңі солып,
Жарын күтті екі көзі мұңға толып.
Жер жыртты, өгіз айдап, егін салып,
Майысып саусақтары күс- күс болып.

Қайран ана аттандырды балаларын,
Кей ана қолда бар жалғыздарын.
Бүкіл әлем теңселіп, тебіренді,
Көтере алмай күңіренген ана зарын.

Қалғандай келешектен күдер үзіп,
Жас бой жеткен қала берді көзін сүзіп.
Атын жазып орамалға сүйгенінің,
Кестеледі көз жасымен моншақ тізіп.

Жеңістен соң не боларын ойламады,
Көбісі жеңіс тойын тойламады.
Жас жүрегін басқа жанға сыйлай алмай,
Жесірлікті бар өміріне мойындады.

Сөз жетпес азабына өткен күннің,
Дыбысы мәңгі өшпес зарлы үннің.
Жас баланың жетімдігін бастан кешкен,
Ізін калай өшірерсің қайғы-мұңның.

Күйзелді ойлап ана бала қамын,
Жеткізді жылай жүріп балапанын.
Аңсап өсті бала жүрегі,
Бастан сипар әкесінің алақанын.

Өткен өмір енді қайтіп келмесін,
Ешбір жаңға қайғы мұңды бермесін. 
Соғыс залым елге салған зардабын,
Оны ұрпақтар келешекте көрмесін.
Өлеңдер
Толық

Жұмағали Саин (Жеңіс күні)

Сарғая күткен ұлы күн
Шұғыласы бүгін жарқ етті,
Бағына талай миллионның
Баянды жеңіс күн жетті.

Сүйінші елден сұрадық —
Жұбайын күткен жар күлді.
Жаным дер бауыры жауда өлген
Жарқырап қайғы-зар күлді......
Өлеңдер
Толық

Еліміздің тәуелсіздігі – ұлы жеңіс

Еліңнің ұлы болсаң, Еліңе жаның ашыса, азаматтықнамысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!
Н.Назарбаев
Еліміздің тәуелсіздігі – ата-бабамыздың асқақ армандарынан туындаған, бүгінгі ұрпақ қол жеткізген ұлы жеңіс. Қазақ халқы үшін XX ғасыр «тар жол, тайғақ кешулерден», соқтықпалы, соқпақсыз жерден тұратын, отызыншы жылдардан басталып, елуінші жылдардың ортасына дейін жалғасқан сталиндік геноцидті қамтитын зұлмат дүние мен талай жетістікке жеткен қуанышты сәттерді қамтиды. Қазақ елінің басынан бұл ғасырдың тартқан сыйы мен тартуы да мол, қайғы мен қасіреті де аз емес. Бұл қиындықтарға көңілі дархан қазақ елі де бетпе-бет келіп сабырлы мінез танытты. Басынан қанша қиындық өткерсе де елімнің басты міндеті мен мақсаты қазақ халқын сақтап қалу, тәуелсіздікке қол жеткізу болды. Осы қиын да қатерлі жолдан өтіп, бүгінде көкбөрінің ұрпағы 25 жыл тәуелсіз қазақ мемлекетінде өмір сүріп келеді. Тәуелсіздікпен бірге ел тарихына, көп ұлтты Қазақстан мемлекетіне ұлы жаңалықтар қоса кірді. Ұлыбайтақ жері бар, еркін халқыбар үлкен мемлекеттің өзгеге ұқсамайтын тарихы, қалыптасу, даму жолыда ерекше болды. Ата-бабадан қалған ұлан-ғайыр жерді игеріп, дербес мемлекет ретінде өз билігімізді сақтай отырып, өзгеге көңіліміз ашық, дастақаны, қолы жомарт халық ретінде дамып жатқан еркіл елміз. Бүгін Қазақстан – әлемдік аренадан өз орнын ойып алған, Азия мен Еуропаны мойындата білген өжет елдің мекені. Оның дәлелі қысқа уақыт ішінде атқарған экономикалық, әлуметтік іс-шаралар жиына. ....
Шығармалар
Толық

«Бейбітшілік» - қастерлі ұғым

«Бейбітшілік» деген - нұрлы сөз. Жанымызға жылылық сыйлап, көңілімізге бақыт ұялататын қастерлі ұғым. Бейбіт өмірге бұл дүниеде еш нәрсе тең келмейді. Бір кезде еліне шұрайлы қоныс, жерұйық іздеген Асанқайғы бабамыз да қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын бейбіт күнді аңсаған еді. Атамыздың бұл арманы орындалып, халқымыз бірлігі жарасқан, тату-тәтті мемлекетте, тәуелсіз Қазақстан Республикасында, бейбіт өмір кешіп жатыр. Қазақстандықтар бейбіт күннің қадірін жақсы түсінеді. Себебі өшпестей із қалдырған Ұлы Отан Соғысы әлі де еліміздің жүрегінде әрі есінде. Дүниені жаулап алмақ болған «фашизм» деген зұлымдыққа қарсы тұрған 61қаһарман мемлекет, сан миллиондаған адамдардың тілегі бір болатын. Ең ауыр да қаһарлы төрт жыл бойы абыроймен ел қорғаған батырлар, тылда қызмет еткен аталар мен әжелер, аналар мен балалар әр минут, әр сағат сайын жеңісті аңсаған еді. Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіске жету жолындамиллиондағаназаматтар қаза болды. Жаумен шайқасып ерліктің ерен үлгілерін көрсетті. Ана баласын,жарын жоғалтып,бала әкесінен, анасынан айырылып, жетім атанды. Фашистердің тұтқынында қаншама ана мен бесіктен белі шықпаған балалар соғыстың қасіретін арқалады.Бірақ ешкімнің сағы сынбады.
Бұл халық рухының, ел жігерінің мықтылығын білдіреді. Биыл Ұлы Отан Соғысы басталуының 75 жылдығы болса, Ұлы Жеңістің 71 жылдығы. Жеңіс үшін барлық халықтар біріге, жұмыла отырып әрекет етті. Бұл соғысты қайсар жүректер, батыл білектер, шыдамды әрі төзімді мінездер жеңді. Бір мақсат, бір мүдде үшін күрескен азаматтар жеңді. Отанын қорғау ең негізгі парызы деп білген, жанын аямаған қазақстандық қаһармандарымыздың ерлігі де барлық дүниеге аян.....
Шығармалар
Толық

Ерлікке – тағзым!

Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес! Соғыс – күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап, жұтатын тажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет – журнал материалдары немесе радио, телехабарлар, кинолар, аталар ерлігін мақтаныш тұта, бізге жеткізді. Иә, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ. Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділігін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды.
Неменеңе жетістің бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр.
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр, - деп тебіренген Мұқағали мұңында жұмырбасты пенде үшін теңдессіз құндылық ұрпақаралық қимастық, сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр.Қариялар азайып бара жатқанын, әсіресе олардың ортасында Ұлы Отан соғысынан аман оралған ақсақалдарымыздың қарасы жыл санап азайып барады емес пе?! Солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні. Бұл күннің толғағы ашшы болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. Бұл – ұлы мереке! .....
Шығармалар
Толық

Олар өлді басқалар өлмесін деп

Соғыс айтуға оңай... Ауыр зұлматты басынан кешкен адам ол уақытты ешқашан ұмытпайды! Сол сұрапыл жылдарда қанша азамат жер құшты, қанша бала әкесінен, қанша ана баласынан, қаншама үй тірегінен айырылды. Ауылдан сән, өмірден мән кетіп, сұрықсыз бір дүниеге айналды. Соғыс миллиондаған адамдардың өмірін қиып, жүздеген қала мен елді мекендерді тып - типыл етті. Сөйтіп соғыс әр үйге, әр отбасының өміріне жазылмас жараның ізін қалдырды. Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы халықтарының тарихындағы қасіретті бет қана емес, сонымен қатар ол халықтарымыздың теңдесі жоқ ерлігі мен қажыр - қайратының, бірлігінің дәлелі еді.1941 жылы 22 - маусымда гитлерлік Германия КСРО - ға опасыздық пен шабуыл жасады. Сол күні кеңес үкіметі халықты Отан қорғауға шақырды. Майдан даласына қаншама қазақ азаматтары да белін бекем буып өз ұрпағының келешегі үшін аттанды... Сұрапыл сұм соғысқа менің атам Мухажанов Сыдық Тәліпұлы 1943 жылы аттанған екен. Менің атам Мухажанов Сыдық 1926 жылы шілде айының он бірінші жұлдызында Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы,Тарбағатай ауданы,Ақсуат ауылында дүниеге келген. Ата - анасы шаруа адамдары болған. 17 жасқа толғанда әскерге алыныпты. Алғашында 3 ай бойы Орынбор қаласында мылтық атуды үйреніп, алғырлығымен көзге түскен. Осы жылы Минск қаласында шайқасқа қатысыпты. Ол кісі көзінің тірісінде балаларына бар білгенін,ақыл сөздерін аямай санасына сіңіруге тырысатын. Бізге ертегі боп көрінетін соғыс жайында сұрағанымда жанарына бір мұң ұялап, терең күрсініспен сөзін іркіп - іркіп бастайтын. «Балам - ау, соғыс жақсы емес қой, әскерге 1943 жылы аттандым....
Шығармалар
Толық

Соғыс балалары

Аңыздардан тере жүріп масақты,
Рас, рас көзімізден жас ақты.
Бірақ со бір дауыл жылдар, от жылдар,
Бірімізден бір-бір батыр жасапты...
Өмір біреу. Әр адамның басынан сәбилік кез бен жасөспірімдік, жастық шақ пен ересек шақ өтеді. Бұл өте қызықты жылдар. Өмірдің бұл кезеңдерінде адам баласы көп нәрсені жаңа танып, өмір жолын таңдап, еңбекпен айналысады. Ал... ХХ ғасырдың басында туылған адам өмірі өлім аузында болды ғой...
Менің жасы бірге жаңа толған және үштен төртке аяқ басқан сіңлім бар. Олардың қылығына отбасымызбен сүйсіне күлеміз. Біз бақыттымыз...олар бақытты. Әкем, анам, мен және жасы тоғыздағы сіңлім қосылып дәмді –тәттіні оларға төрт жақтан тасимыз. Біз де баламыз. Біз де, әрине, бақыттымыз. Отбасымды мен қатты жақсы көремін. Енді айтайын дегенім –осы нәзік сүйіспеншілік сезімі, отбасылық сүйіспеншілік әр уақытта болды ғой. Бір мен сияқты қыз өз сіңлі інілерін дәл мен секілді қатты сүйді. Дәл мен сияқты мектептен келе сала құшақтап көтерді. Ойнады. Анасын құшақтап, әке мейірімін көрді. Дәл мен секілді....Дәл менің кішкентакй сіңлім секілді бала ойнақтап, еркеледі. Тәтті тілімен алғашқы сөздерді былдырлап сөйледі... Осы мейірімге толы бақытты күндер күрт үзіледі деп сонда кім ойлаған?! Жауыз заман! Таңғы алтыда тәтті ұйқыда жатқан баланың ұйқысын солай үзуге қалай ғана қол барды?! Қалай ?! Атып жатқан адам да адам емес пе?! Бала кінәсі нешік? Ана кінәсі нешік?....
Шығармалар
Толық