Тыл ардагер - аналарға арнау
Соғысқа аттанғанда іні – аға,
Елде қалды кемпір – шалмен, бала – шаға.
Нар көтерер жүктерді арқалаған,
Салмақ түсті тағы да аналарға.
Жан жарамен қол ұстасып жүре алмай,
Шаттықпенен емін - еркін күле алмай.
Ата - ене, балалары қалды қолда,
Жалғандағы жар қызығын көре алмай.
Жас нәресте шырылдады жаңа туып,
Анасы кетті еңбекке белін буып.
Жан жарын аттандырып қала берді,
Үлбіреген ақша бетін жаспен жуып.
Қуарған күз жапырақтай өңі солып,
Жарын күтті екі көзі мұңға толып.
Жер жыртты, өгіз айдап, егін салып,
Майысып саусақтары күс- күс болып.
Қайран ана аттандырды балаларын,
Кей ана қолда бар жалғыздарын.
Бүкіл әлем теңселіп, тебіренді,
Көтере алмай күңіренген ана зарын.
Қалғандай келешектен күдер үзіп,
Жас бой жеткен қала берді көзін сүзіп.
Атын жазып орамалға сүйгенінің,
Кестеледі көз жасымен моншақ тізіп.
Жеңістен соң не боларын ойламады,
Көбісі жеңіс тойын тойламады.
Жас жүрегін басқа жанға сыйлай алмай,
Жесірлікті бар өміріне мойындады.
Сөз жетпес азабына өткен күннің,
Дыбысы мәңгі өшпес зарлы үннің.
Жас баланың жетімдігін бастан кешкен,
Ізін калай өшірерсің қайғы-мұңның.
Күйзелді ойлап ана бала қамын,
Жеткізді жылай жүріп балапанын.
Аңсап өсті бала жүрегі,
Бастан сипар әкесінің алақанын.
Өткен өмір енді қайтіп келмесін,
Ешбір жаңға қайғы мұңды бермесін.
Соғыс залым елге салған зардабын,
Оны ұрпақтар келешекте көрмесін.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: 9 мамыр туралы өлеңдер, 9 мамыр жеңіс күні ән өлең, 9 мамыр жеңіс күні өлең, женис куни 9 мамыр олен ән ан