Ойым кетті шашырап,мың бір түрлі, Өзіммен қоса өлеңімді жынды қылды. Не болсада, әр істе бір қайыр бар, Е,Аллам, нәтиже бер тыңғылықты. Сөндіре көрме...
Ертеректе, Болмай тұрып бақсылық, Жоқ кезінде қулық деген ат сүлік, Бір-ақ нәрсе қымбат екен адамға, Қымбат екен, Оның аты — Жақсылық! Алтын балық қалса торға шырмалып, Босатыпты пейілі кең жыр халық. Жақсылықты Алғаш кезде Қайда да .....
Бітер емес сағынышым, Сезім неге жомарт тым? Бір бақытты табу үшін Бір бақытты жоғалттым. Кімге жетті өкінішім, Кімнен нені сұраймын? Бір шаттыққа жету үшін......
Мақсаты: «Жақсылық» ұғымының адамгершілік құндылықтары ретіндегі мәнін ашу. Білімділік: Өзара достық, «жақсылық» ұғымдары жөнінде түсінік беру. Адам бойындағы адамгершілік құнды қасиеттер туралы түсініктерін кеңейту, дұрыс әрекет жасауға үйрету. Дамытушылық: Өзін және айналасын сүюге, жақсы көруге деген ниеттерін ояту, айналасындағыларға, қоршаған ортаға, табиғатқа деген қамқорлық, жақсылық сезімдерін қалыптастыру және дамыту. Тәрбиелік: Қоршаған ортаға жақсылық жасай білуге, жақсы мен жаманды ажырата білуге, сүйіспеншілікке, мейірімділікке, риясыз жақсылық жасауға, айналасындағыларға қиянат жасамауға тәрбиелеу .....
Сабақтың тақырыбы: Жақсылықпен жаным дос Сабақтың мақсаты: Жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығы жөніндегі түсініктерін кеңейтіп, жақсылық жасаудың құндылық ретіндегі мәнін ұғындыру. Оқытудың мақсаты: Жаңа тәсілдерді пайдалана отырып, сыни ойлауын дамытуға ықпал жасау, өз бетінше жұмыс жүргізуге және ой қорытуға дағдыландыру, ізденімпаздыққа үйрету. Сонымен қатар оқушыларды адамгершілікке, жақсылыққа тәрбиелеу.
Оқыту нәтижелері: Оқушылар «жақсылық», «жақсылық жасау» туралы білімдерін кеңейтеді; Жақсылық жасау іскерліктерін дамытады; Мейірімді, қайырымды болуға тәрбиеленеді; Топпен жұмыс барысында ойы толығады, әрекетті сыни бағалауды үйренеді; Сабақтың жүрісі: 1. Ұйымдастыру. 2. Мағынаны тану. Мәтінмен жұмыс 3. Шығармашылық жұмыс. Ой толғау 4. Сергіту сәті. 5. Топтық жұмыс. Топтастыру. Дәйексөз талдау. Дәптермен жұмыс 6. Қорытынды. Ой түйіндеу. Бағалау. Рефлексия. Кері байланыс. 1. Ұйымдастыру. .....
«Басыңа іс түссе, жақсы көмек етеді, жаман күліп кетеді» демекші, пенде атаулы қиындыққа тап болып, басына іс түскенде өзгелерден көмек күтеді. Халі мүшкіл жандарға қолдан келгенше қайырымдылық жасап, барыңмен бөлісу- имандылықтың белгісі. Мұндай қасиеттерді бойға жиған ақ пейілді адамдар айналамызда аз емес. Солардың бірі - бүгінде талай жанды қуанышқа кенелтіп, алғысын алып жүрген- «Қайырымды жандар» еріктілер тобы.
Көмекке мұқтаж, мүмкіндігі шектеулі жандарға барынша жәрдемдесуді мақсат еткен «Қайырымды жандар» еріктілер тобы 2015 жылы 22-желтоқсанда құрылған. Айдын Тоқсанбаеваның бастамасымен ұйымдастырылған бұл топ алғаш Алматы қаласынан бастау алып, уақыт өте келе Астана, Шымкент, Ақтау, Тараз, Ақтөбе, және т.б.еліміздің ірі қалалары мен аудандарында құрыла бастады. Алматыдағы «Қайырымды жандар» еріктілер тобының 80 % -ы 18-25 аралығындағы жастар болып саналады. Бұл топтың құрамында бүгінде 300- ге жуық адам бар. Бүгінге дейін мейірімді жандар көптеген қайырымдылық шараларын ұйымдастырып, талай көмекке зәру адамдарға қол ұшын созған. Соның ішінде, 2015 жылы екі бүйрегі істен шыққан алматылық Жанель Жайлауованың еміне 12 млн теңге жинап берулері- топтың ең ірі шарасы. Өздерінің айтуынша, бұл ақшаны жинау оларға оңай соқпаған, тіпті базардағы алмаларды 2-3 есе бағамен көшелерде сатқан екен. Мешіттерге барып, өздерінің пісіргендерімен жәрмеңкелер ұйымдастырған. Бұл іске тек Алматыдағы ғана емес, өзге де қалалардағы топтар, сонымен бірге, кейбір кәсіпкерлер де барынша атсалысты. Қаршадай қыздың өмірге деген ұмтылысы оларға сенім беріп, одан әрі құлшындыра түскен. Ақыры еңбектері ақталып, Жанельдің еміне қажет соманы түгелдей жинап береді......
Бұрынғы өткен заманда Жақсылық, Жамандық атты екі адам болыпты. Бір күні Жамандық жаяу жүріп келе жатса, артынан бір атты кісі жетіпті. Екеуі жөн сұрасып, қайда бара жатқанын білісіпті. Ол келген Жақсылық екен. Сонда Жамандық тұрып: — Жақсылық, сен мені артыңа мінгестіре кетші, – депті. Жақсылық: — Олай болса, сен қазір мына атқа мін де, біраз жер жүріп барып, түсіп, атыңды байла да өзің жаяу кете бер. Сонсоң мен жетіп, атпен біраз жерге жүріп, саған тағы байлап кетермін. Сөйтіп, баратын жерімізге кезек мініп жетейік. Екеуіміз мінгессек атқа қиын соғар, – депті. Сонан соң Жамандық атқа мініп алып, сол кеткеннен......