Жақсылықпен жаным дос
Сабақтың тақырыбы: Жақсылықпен жаным дос
Сабақтың мақсаты: Жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығы жөніндегі түсініктерін кеңейтіп, жақсылық жасаудың құндылық ретіндегі мәнін ұғындыру.
Оқытудың мақсаты: Жаңа тәсілдерді пайдалана отырып, сыни ойлауын дамытуға ықпал жасау, өз бетінше жұмыс жүргізуге және ой қорытуға дағдыландыру, ізденімпаздыққа үйрету. Сонымен қатар оқушыларды адамгершілікке, жақсылыққа тәрбиелеу.
Оқыту нәтижелері: Оқушылар «жақсылық», «жақсылық жасау» туралы білімдерін кеңейтеді;
Жақсылық жасау іскерліктерін дамытады;
Мейірімді, қайырымды болуға тәрбиеленеді;
Топпен жұмыс барысында ойы толығады, әрекетті сыни бағалауды
үйренеді;
Сабақтың жүрісі: 1. Ұйымдастыру.
2. Мағынаны тану. Мәтінмен жұмыс
3. Шығармашылық жұмыс. Ой толғау
4. Сергіту сәті.
5. Топтық жұмыс. Топтастыру. Дәйексөз талдау. Дәптермен жұмыс
6. Қорытынды. Ой түйіндеу. Бағалау. Рефлексия. Кері байланыс.
1. Ұйымдастыру.
— Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен осындай ақылды, мейірімді, әдепті, ұқыпты, қамқоршыл балалармен кездескеніме өте қуаныштымын достар, сәлеметсіңдер ме.
Оқушылармен көңілді орта құру үшін қол ұстасып, шеңбер құрып, «Армандастар» әнін
қосылып айту.
Оқушыларды тақырыпқа байланысты адам бойындағы жақсы мінездер бойынша топқа бөлу. Жақсы мінездер жазылған карточкалар арқылы 4 топқа бөлеміз.
• 1 - топ. Ақылдылар
• 2 - топ. Мейірімділер.
• 3 - топ. Тәртіптілер.
• 4 - топ. Әдептілер.
Топтың басшыларын жасырынған сөздері бар мақал - мәтелдерді беру арқылы сайлаймыз. Әр топқа
1 мақал - мәтел беріледі, сондағы жасырынған сөзді тауып, мәтелді толықтыруға тапсырма беріледі. (АКТ слайд арқылы көрсетіледі).
Топтың лидерін мақал - мәтелдердегі жасырын сөзді табуына қарай анықтау.
1 — топ
Жақсылық ағаш басында,
Жамандық аяқ астында.
Қызың жақсы болса,
Өрісің кеңейеді.
Ұлың жақсы болса,
Қонысың кеңейеді.
2 — топ
Жақсылық қылсаң жасыр,
Жақсылық көрсең асыр.
Жақсы туса – ел ырысы,
Жауын жауса – жер ырысы.
3 — топ
Жақсының ———— айт, нұры тасысын.
Достың ескісі,
Тонның жаңасы жақсы.
4 – топ
————- адам алысты жақын етер.
Сырласуға дос жақсы,
Сыйласуға жат жақсы.
Жұмбақты тапқан оқушы топ басшысы болады. Топбасшылары топпен ақылдасып, сыныптың ережесін бекітеді.
Ереже: Уақытты тиімді пайдалану
Тыныштық сақтау
Сөзді бөлмеу, кезектесіп сөйлеу.
Мағынаны тану. Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында оқулықта берілген сұрақтар бойынша әңгімелесу жүргізіледі.
1. Жақсылық деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
2. Жақсылық жасау дегеніміз не?
3. Жақсы адамның бойында қандай қасиеттер болады?
4. Жақсылық жасау адамның парызы ма? Әр топ өздеріне берілген сұрақтарға топ болып ақылдасып жауап береді. Әңгімелесу барысындағы ойды толықтыру үшін оқулықта берілген «Жақсылыққа — жақсылық» ертегісін сахналау. Балалар оқулықтағы ертегі бойынша сұрақтарға жауап беріп, мәтінді өздігінше талдайды
3. Шығармашылық жұмыс. Ой толғау
Оқулықта берілген ертегілерден үзіндіні оқып, оқушылардың жақсы мен жаманды айыра білу, өмірде жақсылық жасаудың маңыздылығын ұғындыр, ой толғау мақсатында аяқталмаған мәтінді өз ойымен жалғастыруға шығармашылық жұмыс беріледі.
1. «Қарлығаш пен дәуіт» ертегісі.
2. «Арыстан мен тышқан» ертегісі.
4. Сергіту сәті. Оқушылардың тыныс алуын реттеу үшін сергіту жаттығуын ұйымдастыру.
Балалар шеңберге жиналып, аудиодискі арқылы «Қара жорға» әуеніне қимыл - қозғалыс биін билейді.
5. Топтық жұмыс. Топтастыру. Дәйексөз талдау. Дәптермен жұмыс.
Оқушыларға бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде берілген оқулықтағы “Жақсы сөз – жарым ырыс”нақыл сөзін басшылыққа алып, өздерінің жасаған жақсылықтары туралы шағын әңгіме (эссе) жазуға дәптермен жұмыс беріледі. Балалар жеке жұмыс жасайды.
Топтастыру стратегиясын пайдалана отырып жұптық жұмысқа тапсырма беріледі.
Тапсырма:
• Оқулықта берілген Сүйінбай Аронның “Жақсы мен жаман адамның қасиеттері” өлеңіне талдау жасау.
• Өлеңдегі жақсылық пен жамандық тұжырымдарынан кластер құрастыру.(СТО стратегиясын пайдалану)

Сабақты қорытындылап, ой түйіндеу мақсатында «Жақсылық ағашы» суретіне қарап түйіндеме жасалады.
ағашта өсіп тұрған алмалардағы сөздерді пайдаланып «жақсылық» тақырыбына ой түйіндейді. Мыс: Қайырымдылық — жақсылық жасаудың ең тиімді жолы.
Сурет бойынша ойларын топтар постер арқылы қорғайды.
Топтарға бағалау парақшасы таратылады. Сабақ барысындағы жұмыстар бойынша топтар бір - бірін және оқушылар өзін - өзі бағалайды. .....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: балабақшаға Жақсылықпен жаным дос арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар балабакша, балабақша сабақ жоспары сабак жоспар балабакша, балабакша сабак жоспары, балабақшаға арналған сабак жоспар балабакша сабақ жоспары, балабакша жылдык жоспары, балабақша жылдық жоспар, Жақсылықпен жаным дос