Жүрегімде жақсылық

  Жүрегімде жақсылық

Мақсаты: «Жақсылық» ұғымының адамгершілік құндылықтары ретіндегі мәнін ашу.
Білімділік: Өзара достық, «жақсылық» ұғымдары жөнінде түсінік беру. Адам бойындағы адамгершілік құнды қасиеттер туралы түсініктерін кеңейту, дұрыс әрекет жасауға үйрету.
Дамытушылық: Өзін және айналасын сүюге, жақсы көруге деген ниеттерін ояту, айналасындағыларға, қоршаған ортаға, табиғатқа деген қамқорлық, жақсылық сезімдерін қалыптастыру және дамыту.
Тәрбиелік: Қоршаған ортаға жақсылық жасай білуге, жақсы мен жаманды ажырата білуге, сүйіспеншілікке, мейірімділікке, риясыз жақсылық жасауға, айналасындағыларға қиянат жасамауға тәрбиелеу
Міндеттері:
- адам бойындағы құнды қасиеттер туралы түсініктерін кеңейту;
- өзін және айналасын сүюге, жақсы көруге деген ниеттерін ояту;
- қоршаған ортаға жақсылық жасай білуге тәрбиелеу
Көрнекі құралдар: Интерактивті тақта, слайд, әліппе дәптер, желім, көк қағаз, көрнекі суреттер, доп, видео көрініс, теледидар, музыка.
Күтілетін нәтиже:
Білу: адамгершілік, сүйіспеншілік, жақсылық жайлы мәліметтерді білді.
Меңгеру: осы қасиеттерді бойларына сіңіріп, меңгерді.
Жасай алу: бір - бірлеріне жақсылық, қамқорлық жасай алды.

Жүру барысы:
- Қайырлы күн балалар! Күніміз сәтті болсын! Әдеттегідей сендермен кездесіп тұрғаныма қуаныштымын. Қараңдаршы, бәрің сондай қуанышты, бір - біріңе күліп қарап, жайдарлы ақжарқын болып тұрсыңдар, Сендердің көздеріңнен мейірімділіктің, жақсылықтың, қамқорлықтың, сүйіспеншіліктің белгісін көріп тұрмын. Олай болса сабағымызды жарқын көңілмен бастайық!
Сәлемдесу! Жарқырап күн ашылды,
Күн нұры түгел шашылды.
Қайырлы күн қонақтар!
Біз әдепті баламыз.
Қайырлы күн ұстазым!
Біз көңілді баламыз.
Музыка әуенімен «Атамның өсиеті» деген әнімен бастау.
- балалар ән не туралы айтылған?
- жақсылық, адамдарға қайырымды болу туралы.
-«Жақсылық» дегенді қалай түсінесіңдер?
- Жақсы адам - ол қандай адам?
- Адамдар бір - біріне қалай жақсылық жасай алады?
Балалардың жауаптары тыңдалып, тәрбиеші қорытындылайды:
- Дұрыс айтасыңдар, балалар! Жақсылық дегеніміз – айнала қоршаған ортаға, адамдарға деген қайырымдылық, рақымдылық, мейірімділік таныту, жақсы іс жасау. Ал осы айтқан қайырымдылық, ізгілік, мейірімділік сияқты қасиеттер бойында бар адамды – жақсы адам дейміз. Ал сендердің барлықтарыңның осындай жақсы адам болатындықтарыңа сенемін.
Өзіммен – өзім: Тренинг өткізу.
Ендеше, оң алақанымызды жүрегіміздің тұсына қойып, лүпілдеп соққан кішкене жүрегіміздің дүрсіліне бір сәт құлақ түріп түрейікші.
- Жүректеріңнің соғысын сезесіңдер ме?
- Біздің жүрегіміз қандай, не деп соғады екен?
- Менің жүрегім қамқоршы.
- Менің жүрегім жылы.
- Менің жүрегім қуанышты. (Балалардың жауаптары тыңдалады)
Әңгімелеу
Тәрбиеші Қ. Көпішевтың “Өзім жүрем” әңгімесін балаларға оқып береді, әңгімені слайд арқылы көрсету.
«Өзім жүрем» әңгімесі. (Қ. Көпішев)
Дәурен әкесімен колхоз базарына барды. Әкесі сәбіз, жуа, сарымсақ, картоп сатып алды.
- Әке, мен алып жүрейін дорбаны, - деді Дәурен.
- Әкесі: “көтере алмайсың,” – деп еді, Дәурен көнбеді. Ол жылап та алды. Әкесі дорбаны оның қолына бере қойды.
- Ой, ой…, әке, көтере алмаймын. Өзің алып жүрші, - деді Дәурен. Енді дорбаны әкесі алып жүріп келеді. Дәурен әбден шаршады. Дәуреннің шаршағанын сезген әкесі:
- Дәуренжан, шаршасаң, арқама міне ғой, - деді.
- Жоқ, әке, өзім жүремін. Жүгің ауыр ғой, - деді Дәурен.
- Дәурен қандай бала?
- Үйлеріңде үлкендерге қалай көмектесесіңдер?

Балалардың жауаптары тыңдалып, тәрбиеші қорытындылайды.
Дәйексөз.«Нағыз адамдық - өз ойын мен ісін жақсылыққа бағыттайды» деген нақыл сөзді сабақтың дәйек сөзі ретінде түсіндіреді.
-«Нағыз адамдық - өз ойын мен ісін жақсылыққа бағыттай алу» деген нақыл сөз өте орында айтылған. нақыл сөзде айтылғандай күнделікті өмірде әрбір ісімізді, ниетімізді тек жақсылыққа бағыттай алсақ, бізді қоршаған орта, туған жеріміз көркейіп, туған - туыстарымыз, достарымыз өздерін бақытты сезінетіні сөзсіз. .....



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру