Қазақ әдебиеті | БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ СОҒЫС ШЫНДЫҒЫ МЕН АДАМ ТАҒДЫРЫНЫҢ КӨРКЕМДIК ТАНЫМЫ

Адамзат тарихынан өзiндiк орнын алып, кейiнгi ұрпағының жадында мәңгі қалар тұлғалар аз емес. Осынау ел ардағына айналған азаматтар жайлы халық аузында аңыздар айтылады, хикая - дастандар туады, өлең - жырлар жазылады. Олардың бiр парасы ел қамын ойлаған ерлер, Отанын, жерін қорғаған батырлар, жауға қарсы жорық жасаған қаһарман қолбасшылар, т.б. болып келедi. Бұлардың қайсар жүрегі, қайыспас қайрат-жiгер, адами парасаты, ұлттық сезімі – өз кезеңiнде де, кейiн де әдеби шығармаларда көрiнiс тауып, өлең-жырдың, көркем шығарманың кейiпкерлерiне айналып жатады. Осындай тұғырлы тұлғаның бiрi және бiрегейi – даңқты батыр Бауыржан Момышұлы.
Халық көкірегін ұланына деген ыстық сезім толғандырмай тұрмақ емес, сондықтан ел аузында айтылатын әңгiмелердегi Бауыржан Момышұлының бейнесі, жауға көрсеткен қайраты, қара қылды қақ жарған әділдігі, шыншылдығы, батырлық қасиеттері ұлт әдебиетінен де өз орнын алмауы мүмкiн емес едi. Өз кезiнде:
“Мен де адаммын жаралған сүйек, еттен,”
Менде де жан бар, менде де ар бар жан тебіренткен,
Халқымның қарапайым бір ұлымын,
Жанымды арым үшін құрбан еткен”.[1, 3б.], - деген жолдар арқылы Бауыржан Момышұлы өзiнiң адами, азаматтық болмысын бiрауыз өлең жолымен танытқанды....
Курстық жұмыстар
Толық

Тарих | Бауыржан Момышұлы соғыс жылдарында

ауыржан Момышұлының өмірбаяны
Момышұлы Бауыржан – екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Ол 1910 жылы Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекенінде туған.
Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алады. Туған ауылына қайтып оралған соң, ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді. Содан қайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота, командирі болады.
1941 ж. Ұлы Отан соғысы басталысымен, Бауыржан даңқты генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады, батальон, полк командирі қызметтерін атқарады. Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Биология | Жайық өзеніндегі сазан және торта балықтарының бауырының морфологиясы

Жайық өзені- Үйтас жотасындағы биіктігі 637 метр.Өзен Нәжім тауынан басталып (Оңтүстік Орал тауы) Башқұртстан,Ресейдегі Челябинск және Орынбор обылыстарының жерін басып өтеді де Тобыл өзенінен пайда болған өзектердің Мұғалжар және жалпы сырт шоқыларынан аққан суларына қосылып, молайып барып Каспийге құяды.
Жайыққа Сакмара, Ор Елек өзендері, Барбастау және Солянка және Шаған өзендері құяды. Жайықтың арнасы 100-200 метрден 300-500 метрге дейін барады, ал жағалауы жар болып келеді.
Каспий теңізі- тұйық теңіз. Ол шарындағы ең ірі тұзды көл, бірақ көлеміне, даму тарихына, физика-географиялық процестерінің сипатына қарай теңіз қатарына жатады. Каспий теңізі солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатыр. Ұзындығы 1200 шаршы м. орташа ені 320 шақ, жағасының ұзындығы 7 мың шақ. Теңіз ауданның 371 мың шақ, су деңгейі мұхит деңгейінен 28,5 м төмен. Ең терең жері 1025 м. Теңіздің ірі шығанақтары : солтүстігінде Кизляр, Консома,, шығысында Маңғыстау, Кендірлі, Қазақ, Қара Бұғаз-Көл, Баку қойнауы,оңтүстігінде таяз лагуналар көп. 50-ге жуық аралдары бар. Олардың ірілері: Құлалы, Тюлен, Чечень, Артем, Жылой, Булла. Каспий теңізіне солтүстіктен Терек, Еділ, Жайық, Жем; батыстан Сулақ, Самур, Кура өзендері құяды. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | Бауыржан Момышұлының әдеби мұралары

КІРІСПЕ

Отанға деген сүйіспеншілік – еліміздің келешегіне, оның кемел ұрпағына біздің аманат етер ең қасиетті өсиетіміз деп білейік.
Отанын Бауыржан Момышұлындай сүюді өнеге етіп қалдырған басқа қаламгер жоқ.
Ол: "Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу — сатқындықтың белгісі. Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет еткін! Отан үшін отқа түс – күймейсің. Опасызда Отан жоқ. Елсіз ер болмайды, жұртсыз жігіт болмайды", — дейді.
Біздің халқымыз, әсіресе, жастар осы қағидаларды естерінде ұстаса деймін.
Нурсултан НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті
(Тәуелсіздіктің 17-ші жылдығына байланысты салтанатты
жиналыста сөйлеген сөзінен). Астана, 2008 жылы 15 желтоқсан.

Ер азаматқа бақыттың, ең үлкені — халқына қадірлі болу. Ерте заманнан халыққа қандай адам қадірлі болған деп қарасақ — кімде кім ел-жұртын жаудан қорғауда айрықша ерлік көрсетсе, халық қамын ойлап, елі үшін ерекше еңбек сіңірсе, сол адам үздік көзге түскен, даңққа ие болған, халқының сүйіспеншілігіне бөленген. Сондықтан да әрбір халықтың көркі, мақтаны не дегенде алдымен атышулы батыры, даңқты ғалымы, өнерпазы, данышпан жазушысы аталады. Мысалы осы дәстүр бойынша қазақ халқының бұрынғы өткен дарқандарын айтсақ, ауызға Қобланды мен Қамбардың, Исатай мен Махамбеттің, Құрманғазы мен Шоқанның, Абай мен Ыбырайдың есімдері ілінер еді.
Бүгін жас ортасы елудің биік белесіне шығып отырған Бауыржан Момышұлының атын айтқанда, екі бірдей бейне көз алдымызға келеді: бірі — батырдың бейнесі, екіншісі жазушының бейнесі. Бойынан осы екі қасиеттің бірі табылып, бірі табылмағанның өзінде Ба¬уыржан халқының асқан ардақтыларының бірі болар еді. Ал, екеуі бірдей табылса ше? Бауыржан тұлғасына тамаша жауынгерлік сипат пен әдеби творчестволық сипатының ғажап сыйысқандығына таңданбасқа да, тәнті болмасқа да мүмкін емес[1].
Бауыржан Момышұлы бұрыннан әдеби кейіпкер болуға дайын тұлға еді. Өзі көсем, өзі шешен және жазушы. Соғыс кезіңце оның 40 макаласы жарияланды. Ол туралы А. Бек кітап жазды. Нұршайықов «Ақиқат пен анызда» дайын образды сол қалпында кайталап шықты. А. Бек те дайын образды кітап етіп шығарды.
Ерлігі де, өрлігі де, білімділігі де парапар. Оны сен қазір кез келген маршалдың қасына апарып қойсаң, ешқайсысынан кем түспейді. Мәселен, Кубаның соғыс министрі Рауль Кастромен қатар отырған кезін қара. Бөтен елдің министрімен терезесі тең, тіпті биік те. Әсіресе, соғыс тактикасы жайында сөз сейлегенде, Кастро-министр полковник Момышұлынан төмен қалады. Оны Кастроның озі де мойындап отырады. Немесе Баукеңнің өзіміздің маршалдар Баграмянмен, Жуковпен, Василевскиймен сөйлескен кездерін алайық. Баукеңнің тапқырлығына, сөзінің ұтымдылығына жаның сүйсінеді. Мақтанасың. Ұлттық мактаныш болуға туған қазақ халқының ұлдарының бірі деп сүйсінесің.
Момышұлы соғыс кезінде де афоризмдер шығарған.
Кешегі атақты жауынгер енді өзінің дарынды жаратылысының жаңа бір жақтарын жарқыратып отыр. Ол оның жазушылық қызметі. Бұл салада Бауыржан аз уақыттың ішінде ауыз толтырып айтарлық құнарлы жемістер берді. Бұрын жауынгерлік еңбегі үшін көкірегі ең жоғарғы дәрежелі ордендерге толған Бауыржан Момышұлы 1958 жылы Москвада болып өткен қазақ көркем өнері мен әдебиетінің онкүндігі тұсында әдеби еңбектері үшін Құрмет белгісі орденімен наградталды.
Бауыржан жаратылысында ақын, суреткер адам. Ол таусылмас қайраттың, үлкен шабыттың адамы. Бұл оның жауынгерлік, әсіресе командирлік өнерінде қандай көрінсе, жазушылық өнерінде сондай көрініп отыр.
Зерттеудiң көкейкестiлiгi. Адамның тұлғалық бейнесі көрсеткіштерінің бірі – адамгершілік қасиет сапаларының болуы. Адамгершілік – бұл сөз қорындағы ерекше, мәні мәңгілік айқын, салмағы пара-парсыз парасатты сөз. Сөз ғана емес, адамның ең асыл қасиетін анықтайтын бірден-бір аяулы ұғым. Ұғым ғана емес, тіршіліктің мәнін, дүниенің тәнін төрт тағандап ұстап тұрған ұлы принцип. Адамгершілікке негізделген жерде ғана не нәрсеге де құдірет тұратындығы мәлім. Осы ұлы күш – адамгершілік қасиет жеке адамның ғана басындағы емес, жалпы қоғамның да қордалы байлығы.
Зерттеу объектiсi: Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы Бауыржан Момышұлының шығармалары мен батыр туралы жазылған естеліктер.
Зерттеу мақсаты: студенттердің адамгершілік қасиеттерін, патриоттық сезімін оятып, келешек ұрпаққа батырлық, ізгілік, адамгершілік ұғымын ашып көрсету.
Зерттеудiң мiндеттерi:
- зерттеу тақырыбы бойынша Б. Момышұлының шығармаларын талдау;
- Бауыржан Момышұлының тұлға ретінде, образын ашып суреттеу;
- студенттер бойына адамгершілік, батырлық қасиеттерді қалыптастырудың құрылымдық үлгісін жасау, Жазушы шығармаларындағы образдар мазмұнына сипаттама беру.
Зерттеу әдiстерi: диплом жұмысын зерттеу тақырыбы бойынша Б. Момышұлы шығармаларына, жауынгер жазушы туралы жазылған естеліктерге теориялық талдау жасау;
Зерттеудiң ғылыми жаңалығы мен теориялық мәндiлiгi:
1. Адамгершілікті тұлғаны қалыптастыру әдебиет, философия, тарих ғылымдары тұрғысынан зерделендi және оны iс-жүзiне асырудағы әдiс-тәсiлдер айқындалды.
2. Б. Момышұлы шығармаларына талдау жасай отырып студенттердің бойына адамгершілік, ізгілік, батырлық, ерлікті тудыратын қасиеттерді қалыптастырудың құрылымдық үлгісі жасалды.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | Бауыржан Момышұлының шығармашылық лабораториясы

К і р і с п е
Тақырыптың өзектілігі:
«Ежелден ер тірегі – ел тілегі,
Адал ұл ер боп туса ел тілегі»,-
дейді Бауыржан Момышұлы. Ия, ер азаматқа бақыттың ең үлкені – халқына қадірлі болу. Ерте заманнан халыққа қандай адам қадірлі болған деп қарасаң кімде – кім ел-жұртын жаудан қорғауда айрықша ерлік көрсетсе, халық қамын ойлап, елі үшін ерекше еңбек сіңірсе, сол адам ерекше көзге түскен, даңққа ие болған, сүйіспеншілігіне бөленген. Халқымыздың сондай дара ұлдарының бірі – Бауыржан Момышұлы.
Бауыржан Момышұлы дегенде екі бірдей бейне көз алдымызға келеді: бірі – батырдың бейнесі де, екіншісі – жазушының бейнесі. Бойынан осы екі қасиеттің бірі табылып, бірі табылмағанның өзінде Бауыржан халқының асқан ардақтыларының бірі болар еді. Ал, екеуі бірдей табылған жанды неге теңерсіз?! Бауыржан тұлғасына тамаша жауынгерлік сипат пен әдеби творчестволық сипаттың ғажап сиысқандығына таңданбасқа да, тәнті болмасқа да мүмкін емес.
Бүгінгі біздің сөз етейін деп отырғанымыз Бауыржанның батырлық, жауынгерлік, азаматтық бейнесі емес, оның жазушылық бейнесі.
Дей тұрғанмен, Бауыржанның атын атағанда бұл екі қырын бір – бірінен бөліп алып қарау мүмкін емес сияқты. Себебі, ол жайлы жазылған әрбір туындыға Баукеңнің өзінің кейіпкерлік қана емес, авторлыққа пара-пар қатынасы бар [1; 84 б].
Тарихта теңдесі жоқ, қаһарман соғыстың жарқын эпизодтарын ақын – жазушыларымыз шығармаларындағы көркем образдар арқылы суреттеді. Ұлы іскер көркем шығармаларда онан да зор, онан да алып күшке ие болып, халықты ұлы жеңіске бастады. Қарапайым Кеңес адамдарының жан қиярлық істерін көпке үлгі етіп көрсетіп, жұртты жауға қарсы мейірімсіз күрес ісіне жұмылдырды.
Жалпы Кеңес Армиясының, оның ішінде Қазақстандық жауынгерлердің ерлік, батырлық істері тек қазақ жазушыларының ғана емес, сонымен бірге орыс ақын, прозаиктерінің шығармаларында да суреттелді.
Жазушы Александр Кривицкий «Москва түбіндегі қарауыл» повесін панфиловшылардың көп ұлтты сегізінші гвардиялық дивизиясы ерлігіне арналған болатын.
Кітапта қаһарман жауынгерлердің бірі – Бауыржан Момышұлы туралы әңгіме шертеді. Мұнда батыр Бауыржанның кескін-келбеті, ой-қиялы айшықты бейнелейді. Жазушы повесінде Бауыржан Момышұлының талантты әскери қолбасшылық, ғажап ақылдылық, ұстаздылық сипаттары тоғысқан образын жасайды.
Қатардағы солдаттан полковник дәрежесіне, взвод командирінен дивизия командиріне жеткен атақты гвардеец Баукең жайлы жазылған көркем шығарма – бұнымен ғана шектелмейді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Сүлеймен Баязитов | Мәшһүр Жүсіп Туысқан бауырларыма бір насихат


«Әй, қазақ ағайындар! Жылдан жылға кедей болып, жоқ жерде малдарыңнан айрылып қалып, күн асқан сайын кеміп барамыз, мұны кімнен көресіз?! «Қыс алды, боран алды»,-дейсіз, қыс пен боран алатұғын болса, қоян неге өлмейді, торғай неге өлмейді? Бораннан ығып, суықтан үсініп бір қоянның, бір торғайдың өлгенін көрген жан жоқ. Қазақта бір мақал бар «Жаман Құдайшыл келеді» дейді.

Ол сөздің мағынасы құдай, құдайдың жазуыменен болды десеңіз, бұл сөздің тұрғаны теріс. Өзі жаратқан мүлкін, өзі бар қылған мақұлығын құдай неге қырады? Кім болса, ол болсын, өзі жасаған нәрсесін өзі бұзбайды. Құдай тәбәрак оттағала мұнша жаратқан мақұлығын жоқ қылуға мөлшер қылған болжалды мезгілі бар. Ол мезгіл Ысырапыл (Исрафил) періштенің сұрын (сорын) үруімен (ұруымен) болмақ. .....
Әңгімелер
Толық

Бауыржан Момышұлы | Хат

Батыста көп шабуылдың бірі.

Аспанды қапылыста қара бұлт қаптап, солтүстіктің сайтаны ұстап, ызғарлы жел долдана соққанда, өңімнен өтіп барады.

Жел кейде айдаһардай ысқырып, ұйтқыта итеріп өте шығады. Кейде аңдай ұлып ышқынып, ішін тартып, үрейлендіре перідей соғып, астымыздағы жануарды тәлтіректетіп, иығынан екпіндей жұлып, бізді ер үстінен ауытқыта жаздайды. Кейде саябырсып, баяулап, сыбырлай жаяу аяңдап, жер бауырлап, орман жапырақтарын сылдырлата желіп, бізді мазақтағандай сылқ-сылқ күліп майда желіске салып, мәймөңкелей жөнеледі.

— Уа, табиғат. Сен де бүгін сағат сайын құбыла құтырып қажыттың - ау, — деді қасымдағы жолдасым қатарласа беріп, — жолдас гвардия полковнигі, алдағы сарайды паналап, біраз тыныс алып, темекі тартсақ қайтеді, — деді.

— Жарайды, — болды менің жауабым. .....
Әңгімелер
Толық

Бауыржан Момышұлы | Жауынгердің тұлғасы


Ерлерді ел танысын деген мақсатпен «жауынгердің тұлғасы» деген теманы қолдан келгенше жазып, тілдің жеткенінше айтып, (қалам ұстаған жазушыларға) көзбен көріп, қолдан өсірген (әрине, әскери мағынада) ел азаматтары — жігіттер — жауынгерлердің, олардың әскери мамандықтары — кәсіптерінің әр түрінен (майдан — соғыс оқиғасына байланыстырып) болған ақиқат мысалдар келтіріп, аттарын қағаз жүзіне қалдырып, істерімен елді қысқаша таныстыру ниетімен күнделікті дәптерге найзадан қол босаған кезде, шала - шарпылау етіп асығыста жазып жүргендерімнің бірнешелері осы одағай, көркемсіз түрінде сізге тарту болсын. Аманшылық болып, қол тисе, теманың қалған әңгімелері кейіннен жазыла да, айтыла да жатар. Барлығы 20 әңгіме былай доғартылмақ.

Мәскеу өлкесіндегі қырғын соғыстың кезі.

Ноябрьдің 26 жаңасы. Жерге шідеріден жоғары қар түскен. Солтүстіктен соққан қара жел қарып жеп, кісінің өңменінен өтіп барады. Немістің басым күшінің алдына көлденең түсіп, Мәскеуге қарай жібермей бөгет болып, күніне үш-төрт шабуылын тойтарып С. қыстағының маңайында жанталасып соғысып жатқанымызға төртінші күн болғанда, мені күтпеген жерде дивизияның штабына шақырды. .....
Әңгімелер
Толық

Қасым Аманжолов | Сталинград түбіндегі жеңіс халықтар достығы мен әскери бауырмалдылықтың жарқын көрінісі


Совет Армиясының Сталинград түбіндегі жеңісі екінші дүние жүзі соғысының бағытын түпкілікті өзгерткен тарихтағы үлкен оқиға болды. Осы шайқаста Совет Армиясы — гитлерлік Германияның 330 мың әскери тобын талқандап, әскери-саяси жағдайды анти-фашистік коалицияның пайдасына өзгертті. Соның нәтижесінде Ұлы Отан соғысына және екінші дүние жүзілік соғыста түбірлі бетбұрыс жасалды.

«Осы шайқаста Гитлердің таңдаулы әскерлері талқандалып қана қойған жоқ. Мұнда фашизмнің шабуыл дінкесі құрып, моральдық рухы жанышталды. Фашистік одақ ыдырай бастады... Гитлершіл басқыншылар алдын-ала бас имегендердің күш-қайраты екі есе үдеді. «Сталинград» деген сөз қарсылықтың белгісі, жеңістің белгісі ретінде ауыздан-ауызға тарады».

Сталинград түбіндегі тарихи жеңіс дүние жүзіне Совет Армиясының күшін неміс-фашист әскерлерінен артық екендігін көрсетті. Еділ бойындағы шайқастың батырлары мен жеңімпаздары барлық көп ұлтты Совет халқы болды. Бұл жеңіс социалистік қоғамның және оның, мемлекеттің құрылысының салтанатты жеңісі болды. .....
Әңгімелер
Толық

Бауыржан Момышұлы | Троллейбуста


— Тұрсаңшы.

— Иә, қазір, — деп ұйқылы көзімді ашып киіндім.

— Балаларды базарға жіберейін деп едім.

— Оларға мен базарға барма дегенім жоқ қой. Жібере бермейсің бе?

— Қолдағы ақшаны кеше келін алып кетіп еді. Балалар жуынғанша, сберкассадан ақша алып келсеңші, — деп мені жұбайым Ғайникамал оразамды аштырмастан жұмсады.

Аш қарынға бір сигаретті тартып мен көшеге шықтым.

Троллейбустың ортасындағы орнында отырмын. Түрегеп тұрғандар да аз емес. Менің желкемде екі қазақ студент тұр.

— Ей, сені не қара басып, әлгі Есенжанмен төбелесіп жүрсің? Екеуіңді егіз қозыдай тату жолдас деп жүруші едік, — деді біреуі.

— Ол ақымақтың өзі кінәлі. Қой десем, қоймастан аузына келгенін оттап, ақырында мені оскарбить етті. Шыдай алмастан, мен оны Бауыржан Момышұлымен періп келіп жібердім. Ол да қарап тұрсын ба — мені шапалақпен тартып жіберді. Мен оны да оңдырғаным жоқ. Төбелес солай басталды...

— Остановка Фурманова! — деп жариялады. Мен орнымнан тұрып, троллейбустан түсіп кеттім.

Үйге келген соң естігенімді жұбайыма айттым.

— Сенің қазақша бір жинағың «Бауыржан Момышұлы» емес пе еді, — деп Ғайникамал ішегі қатып күлді.. Сол кітапты оқып жүрген бала ғой. Ол жолдасын сол кітаппен періп жіберген болар, — деп тағы да күлді.

.....
Әңгімелер
Толық