Жұмбақтар жауабымен: Табиғат (2)

Жұмбағым жұтылды,
Ойға қарай құтылды.
Құйын

Бір нәрсе жер мен көкті шарлап тұрған,
Дамылсыз бәйіт айтып зарлап тұрған.
Тамаша қылығына қарап тұрсам,
Арасын жер мен көктің барлап тұрған.
Жел

Бір нәрсеге қарап тұрсаң дүбірлейді,
Алыстан көзін салсаң күлімдейді,
Екпіні сонша қатты болса-дағы,
Ұстасаң қолыңызға білінбейді.
Жел
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Ең пайдалы және пайдасыз сөздер

Жұмысқа орналасуға барғанда, келіссөздер жүргізгенде немесе жай ғана әңгімелескенде еш пайдасы жоқ, сіз туралы жағымсыз әсер қалдыратын сөздер бар да, сізге оң нәтижесін беретін пайдалы сөздер бар. Осы орайда Аллан және Барбара Пиздің ұсынған кеңестері төменде беріліп отыр. Аллан және Барбара Пиз – қарым-қатынас тілі туралы жазатын ең табысты жазушылар. Олардың кітаптарына, аудио.....
kz
Толық

Аптап ыстыққа қалай шыдаймын?

Қыс келсе аяз, ал жаз келсе аптап деп жақтырмайтынымыз бар. Десе де қаһарлы қысқа қарағанда көбіміз жаз мезгілін қалайтынымыз белгілі. Бірақ күн күйіп, желдеткіші жоқ кеңседе отыру мүмкін еместей. Бұл материалымызда күн ыстықта не істеуге болатыны жайлы ақпарат бермекпіз.
Кеңестер
Толық

Өзіңе деген сенімділіктің құпиялары

Әрбір адам өмірін жақсы арнаға бұрғысы келеді. Оған жету үшін кішкене уақыт пен күш-жігер қажет. Мұнда шексіз шығармашылық әлеуетіңізді шыңдай түсіп, қабілетіңізді дамытумен қатар, қасыңыздағыларыңызға көмек көрсетіп, сіздің айтқан жолыңызбен жүруге бағыттайтын, кең көлемді мағлұматпен танысасыз.

Роберт Энтонидің «Өзіңе деген сенімділіктің құпиясы» атты кітабы, сіздер үшін жемісті және бақытты өмір сүруге арналған мақсатты негіздейді.

Бұл кітапта, күнделікті өмірде кездесетін, қарапайым.....
Ерлерге (жігіт) пайдалы кеңестер | Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Оқу жабдықтары, білім

Бойлаған сайын тереңге,
Шығасың биік белеңге.
Білім

Бір шыққан соң орнына қайтып кірмес,
Қай жақтан келерін де адам білмес.
Азаттығы сонымен дүниенің,
Онсыз тірі ешкім де дәуір сүрмес.
Сөз

Тыста – арқаңдамын,
Сыныпта – партаңдамын.
Портфель
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Жануарлар (кит, жылан, маса, тышқан, балық, мысық, қасқыр, қоян, түлкі, піл, сиыр)

Көзі бар, қанаты бар балық дене,
Сияқты зор тұлғалы алып кеме.
Кит

Бір мақұлық бар екен төрт аяқты,
Тағыпты арқасына мың таяқты.
Ашуланса, аяқ-қолын көрсетпейді,
Көресің көзің салсаң ғажайыпты.
Кірпі

Дене мен аяқ-қол жоқ, құйрық пен бас,
Бұрыннан жан-жәндікке ойлаған қас.
Бес-алты ай демалыста күн көреді,
Оншалық керек етіп жемейді ас.
Жылан
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Жануарлар (жылқы, ит, ат, қошқар, бұғы, суыр, тасбақа, бақа, есек, кенгуру, түйе)

Қамыс құлақ,
Тостаған тұяқ
Мінсең – қанат
Сүті – дәрі,
Еті – тамақ.
Жылқы

Адамға серік,
Күзетке берік.
Ит

Денесіне қапталған,
Сырты түбіт тоны бар.
Дыбыссыз кіріп шығады,
Бүкірейген жоны бар.
Мысық
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Бір аптаның ішінде Қазақстанда жол апаттарында 108 адам қаза тапқан

Жол бойында қатер сейілмей тұр. Өткен бір аптаның ішінде Қазақстанда 500-ден астам жол көлік оқиғасы тіркелді. Апат салдарынан 108 адам қаза тапқан.

719 адам түрлі деңгейде дене жарақаттарын алды.

Түркістан-Балтакөл тас жолында ГАЗ-53 жүк көлігі жолдың қарсы бағытына шығып, бар жылдамдығымен жүйіткіп келе жатқан "Хюндай-Старекс" автобусына соғылды. Салдарынан 6 адам қаза тауып, тағы 6 адам түрлі жарақат алған.
 
"Болған оқиға жерінен Газ автокөлігінің жүргізушісі қашып кеткен. Бірақ кеше кешке қолға түсті. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Қалған жолаушылар сол Түркістан қаласындағы ауруханада", - дейді ОҚО ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің басшысы Салтанат Қаракөзова.

Жаңалықтар
Толық

Электроэнегетика | «Электрлік жүйелер және тораптар» бөлімі Есептеу - графикалық жұмыс

Есептеу графикалық жұмыс екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде 35кВ кернеулі тұйықталмаған тораптың түйін нүктелеріндегі кернеуді анықтау және торап бөліктеріндегі қуаттың таралуын табу.

Сонымен қатар, электр торабының орынбасу сұлбасын құру қажет. Торап бөліктеріндегі қуаттың.....
Рефераттар
Толық