Ең пайдалы және пайдасыз сөздер
Жұмысқа орналасуға барғанда, келіссөздер жүргізгенде немесе жай ғана әңгімелескенде еш пайдасы жоқ, сіз туралы жағымсыз әсер қалдыратын сөздер бар да, сізге оң нәтижесін беретін пайдалы сөздер бар. Осы орайда Аллан және Барбара Пиздің ұсынған кеңестері төменде беріліп отыр.
Аллан және Барбара Пиз – қарым-қатынас тілі туралы жазатын ең табысты жазушылар. Олардың кітаптарына, аудио, видеосабақтарына, жеке кеңестеріне премьер-министрлерден бастап, корольдік отбасылар, атақты рок-жұлдыздар жүгінеді.
Төмендегі көрсетілген пайдасыз 10 сөз тіркесі сізге жай ғана әңгімеңізді әдемі жеткізуге арналған сөздер болып көрінуі мүмкін, алайда, бұл сөздер сіздің эмоцияңызды, сезімдеріңізді байқатып, әңгімелесуші адамда теріс ой қалыптастыруы ықтимал. Сөздік қорыңыздан осы сөздерді алып тастауға тырысыңыз.
Еш пайдасы жоқ 10 сөз
Сіздің сөздеріңіз
|
Әңгімелесушіңіздің сізден еститіні |
Сондай сияқты/секілді |
Сіз өз сөзіңізге сенімді емессіз, немесе не туралы айтып отырғаныңызды білмейсіз |
Не айтқым келгенін түсінген шығарсыз? |
Сөзіңізге сенімді емессіз |
Шынын айтсам... Сеніңіз... Шыны керек... |
Өтірік қосып, асыра сілтеп айтатын, шынайы емес адамдар сөзінің басында осындай қыстырма сөздерді жиі қолданады |
Әлбетте, бұл... Әрине... |
Жаныңыздағы адамды келісімге келуге мәжбүрлейсіз |
Сізге былай істеу қажет/керек... Сіз істеуге тиіс нәрсе... |
Оған міндет қойып, келісімін алуға тырысасыз |
Мені басқаша/керісінше түсініп қалмаңыз |
Жағымсыз нәрсе немесе қатал сын айтайын деп тұрсыз |
Мен бұлай болғанын қаламаймын... |
Сіз тура солай болғанын қалап тұрсыз немесе «Сізге дөрекі болып көрінгім келмейді» деген сөзден кейін көбі дөрекі іс-қимыл жасайды |
Тырысып көремін |
Бірақ мұның табысты болатынына сенімді емеспін |
Бар күшімді саламын |
Шын мәнінде күшім көп емес |
Ізгі құрметпен |
Сізді құрметтеп тұрғаным шамалы |
Ең пайдалы 12 сөз
Калифорния университетінде жүргізілген зерттеулер адамдармен араласқандағы ең пайдалы, жиі қолдану керек деген сөздерді анықтап шықты. Сонымен, бұлар қандай сөздер?
«Нәтиже, кепілдік, махаббат, дәлелденген, нәтижелер, үнемдеу, оңай, денсаулық, ақша, жаңа, қауіпсіздік және Сіз»
Жоғарыда айтылған зерттеуде дәлелденген сөздерді қолданғандағы шыққан нәтиже Сізге шынайы махаббат пен берік денсаулыққа ие болуға кепілдік болады. Бұл сөздер сіздің ақшаңызды үнемдейді. Ұсынылған сөздер қауіпсіз әрі қолдану өте оңай.
Күнделікті осы сөздерді жиі айтуға тырысып, үнемі қолдану әдетіңізге айналсын.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: Ең пайдалы және пайдасыз сөздер, немесе, туралы, сөздерді, пайдалы, Барбара, Аллан, Сізге, сізге, табысты, керек, сенімді, пайдасы, қолдану, дөрекі, кітаптарына, болғанын, деген, нәрсе, аудио