Сәресіде (ауыз ашарда) қандай тағамдар жеген жөн?

Ораза тұтқан адамның күні бойы шаршамай, оразаны қиналмай өткізуінде сәресінің алар орны ерекше. Әсіресе, жұмыс істеп, күндіз бір сәт тынығып ала алмайтын жандар үшін. Ендеше, сәресіде (аптап ыстықта шөлдетпейтіндей) күш-қуат беретін қандай тағамдар жеген дұрыс?

Кеңестер
Толық

Алматы қаласы экологиялық ахуалына талдау жүргізу

Қазіргі кезде қоршаған ортада ластаушы заттардың мөлшерінің ұдайы өсуі адам денсаулығына зиян келтіреді, яғни, өмір сүру қабілетінің төмендеуіне, биологиялық табиғи қорлардың азаюына әкеліп соғуда. Атмосфераны ластайтын зиянды заттар - көміртегі оксиді, күкірт және азот оксидтері және басқа да газ күйдегі заттар.
Ауа кеңістігінің газ күйдегі заттармен ластануымен қатар
шаң-тозаңмен ластануы да ұдайы өсуде. Соңғы 30-40 жылдың ішінде
атмосфераның шаң-тозаңмен ластануы 10 есеге өсті. Атмосферадағы
зиянды заттар ауамен дем алу кезінде ағзаға түседі де мутагендік - тұқым
қуалаушылық және тератогендік - құбыжық балалардың тууына себеп
болады.

Ғылыми жобалар
Толық

Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма Туған елін

  Туған жер-адам өмірінде киелі орын алады.Нақты осы жер оны елі мен өткенімен және болашақпен байланыстырады. Міне,сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда Отанға деген махаббат сезімі оянады.Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады.Туған жер,туған көше,туған қала мен үшін туған жер.Менің Отаным кішкентай болса да,мен үшін аса қымбат жер ол Жетісай қаласы. Дәл осы жерде менің көңілді де,шаттықты уайымсыз балалық шағым өтуде. Туған жерді ұзаққа қимайсың.Оған деген сағыныш сезімі басым тұрады.

Сен әрқашан өзің бармасаң да ,оймен қиялдап туған көшені,есіктің алдында"атаңның үйге кір"деген сөздері еске түсіресің.Жүректің әлсіз дүрсілі естіледі.Қазір бой жеттім,бірақ та өмір бойы мен үшін балалық шақтағы туған аула мен көшем менің кішкентай отаным.Сонымен бірге мен елімнің кішкентай бөлшегімін,оның бүгіні мен болашағымын.Сонымен қатар,туған жерім қасиетті де құтты қоныс.Ол мені құшағында мәпелеп қана өсірген жоқ,ол маған тәлімін,тәрбиесін берді.Сонымен қатар еңбекке баулыды.Оның төсінде үйренгенім мен түйгенім көп.Ондағы жасыл түгі басылмаған керіліп жатқан керейшық кең дала мені салмақтылық пен сабырлыққа,кеңпейілділікке тәрбиелейді.Ай жаныңда тыныштық сыйлап,анда-санда әрлі -бері сипап өтіп,қытырыңа тиетін,барары мен келері беймәлім ерке жел еркіндікке үйретсе,сыңғыр күлкісі еріксіз еліктіретін бұрымды өзен-ару бір байыппен сылдырлап ағып, сабырлық пен байыптылыққа баулиды...... 

Эсселер
Толық