Алматы қаласы экологиялық ахуалына талдау жүргізу
Қазіргі кезде қоршаған ортада ластаушы заттардың мөлшерінің ұдайы өсуі адам денсаулығына зиян келтіреді, яғни, өмір сүру қабілетінің төмендеуіне, биологиялық табиғи қорлардың азаюына әкеліп соғуда. Атмосфераны ластайтын зиянды заттар - көміртегі оксиді, күкірт және азот оксидтері және басқа да газ күйдегі заттар.
Ауа кеңістігінің газ күйдегі заттармен ластануымен қатар
шаң-тозаңмен ластануы да ұдайы өсуде. Соңғы 30-40 жылдың ішінде
атмосфераның шаң-тозаңмен ластануы 10 есеге өсті. Атмосферадағы
зиянды заттар ауамен дем алу кезінде ағзаға түседі де мутагендік - тұқым
қуалаушылық және тератогендік - құбыжық балалардың тууына себеп
болады. Осындай жағдайлардың әсерінен концерогендік және
аллергендтік аурулар пайда болады. Атмосфераның шаң-тозаңмен ластануы ауаның мөлдірлігін, күн сәулесінің радиациясын, пәтерлердің жарықтығын төмендетіп, ауаның ылғалдығын арттырып, тұманның көбеюіне әкеліп соғады. Ауа қабатындағы фотохимиялық реакцияларға әсер етіп, ауада фотооксиданттардың, шаңның, түтіннің түзілуіне әкеп соғады.
Ауаның ластануы жиі кездесетін бронхит, жұқпалы аурулардың пайда болуының негізгі себебі болып саналады және жоғарғы тыныс алу мүшелерінің бактериялар мен бөтен заттардан тазалануын төмендетеді. Осыған орай қиындықты шешуге көмектесетін тұлға қажеттігі цифрану дәуірі үшін өсімдік өсірудің маңызды екендігіне тоқталып, жаңа әдебиеттерден дәлелдемелер келтірген.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру