Әкем, шешем және мен
Әкем, шешем және мен спорттық жарысы
Мақсаты: Балалардың денсаулығыннығайту,балабақша мената-анаарасындағыбайланыстынығайту.
Құрал-жабдықтар:конустар, доптар, стақандар, шығыршықтар, ысқырық.
Түрі: Эстафеталық жарыс
Өткізілетін орны: Музыка залы.
Барысы:
1 - жүргізуші: Қадірменді балабақша ұжымы мен ата - аналар!
Бүгінгі “Әкем, шешем және мен” атты спорттық – отбасылық жарысқа қош келдіңіздер!
Әр таңды бақытпенен атырамыз
Өнердің ой көгінде бақылаңыз
Сайысқа қатысуға енді ортаға
Үлгілі де өнегелі отбасыларды шақырамыз.
- «Мукажановтар» отбасы
- «Жанатовтар» отбасы
- «Филипповтар» отбасы
- «Халифаевтар» отбасы
Денсаулық - бар байлығың басыңдағы,
Жайнаған өміріңнің жасыл бағы
Қастерлеп аяласаң, мәпелесең,
Бойыңнан кетпес қуат жасыңдағы
Денсаулық қашаннан да алтынға тең,
Болады болашағың жарқын да кең.
Аңдамай жақын болсаң арсыздықпен,
Ойланып көп тасымай ақылға кел, - дей келе жарысымыздың сайыс кезеңдерімен таныс болайық. Сайыс 6кезеңнен тұрады.
- Таныс болайық!
- «Желаяқтар»
- «Суретшілер мекені»
- «Мөлдір су»
- Бетпақдала
- «Жұптасу»
Сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.
Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер.
Әділ қазы алқасы,
Әділ баға беріңдер!
Жарысты бастамас бұрын ойынға әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныстыра кетейін.
1.Балабақша меңгерушісі: Нуршаева Э.
2.Балабақша медбикесі: Жумашева Б.
3.Музыка жетекшісі: Жарылгапова А.
4.Тәрбиеші: Тастабаева Ш.
Спорттық жарысымызды бастамас бұрын бой жаттығуларын орындап жіберейік.
(Қатысушылар шеңберге тұрып жаттығулар орындайды.)
«Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәттілік!
Сайысымызды бастаймыз.
1-кезең: «Таныстыру»
Команда мүшелері топтың атымен, ұранымен, эмблемасымен таныстыруы керек.
2-кезең: «Желаяқтар»
Әкесі жүресінен отырып, аналар желаяқ жылдам, баласы ержейлілер жүрісімен конустарды айналып келіп, эстафетаны келесі ойыншыға тапсырады.
3-кезең «Суретшілер мекені»
Екі аяқтың ортасына допты қысып алып, кедергілер арасымен мәреге жетуі керек. Мәреге жеткен соң 1 минут ішінде үйдің суретін салуы тиіс.
4-кезең «Мөлдір су»
Ойыншылар кедергілерді арасымен стақанға құйылған суды сөре сызығынан мәре сызығына төкпей алып жүруі тиіс.
5-кезең «Бетпақдала»
Бір шеңберден екінші шеңберге секіріп батпаққа батпай, мәре сызығына дейін барып, жеңіс мекересіне шығыршықты белдеріне киіп бар жылдамдықпен жетуі тиіс. Шапшаңдық танытқан топ жеңіске жетеді.
6 – кезең «Жұптасу»
Әкелері мен аналары қолдарынан ұстап, балаларын отырғызыпалып келуі тиіс.
Ойын: «Инелі қолғаптар». Екі ойыншы көрерменге бір қолғаптан киеді. Олар өте ұсақ заттарды қолғаптарымен жинауы керек.
Көрсетті міне өз өнерін ойыншылар,
Сайыстың да соңы келіп таянар.
Жеңімпазды анықтайық қанекей,
Әділқазы сайысты әділ бағалар, - дей отырып, марапаттау сөз әділ – қазы алқасына беріледі.
Демеңіздер біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Сау болып тұрыңыздар кездескенше
Осымен сайысымыз аяқталды.
Алтын уақыттарыңызды қиып, бүгінгі сайысқа қатысқандарыңыз үшін топтарға алғысымызды білдіреміз. Амандықта жүздескенше, сау болыңыздар!
5-бөлім: «Қояндар»
Ойын шарты: Анасы себеттен жүгіріп барып сәбізді әкесіне береді, әкесі қаппен секіріп отырып баласына яғни көжегіне табыстап, баласы сәбізді команда қоржынына салады.
жорға жарыс
допты аяқтың арасына қысып қара жорға биін билеп мәреге дейін барып келеді.
ептілер сайысы
- Батьан көтеру. (Әке), ракеткамен шарикті алып жүру (шеш), кітапты басына қойып жүру (баласы)
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: балабақша, сабақ жоспары, сабак жоспар, балабакша