Жұмбақ шешу (Бастауыш 1, 2, 3, 4 сынып)


Бастауыш сыныпқа арналған жұмбақтар жинағы

 

 




 

Мұрты бар, сақалы жоқ,
Тоны бар, шапаны жоқ.

(мысық
)

 

 



мысық

 

 

 

 

 

Бір-ақ сөз біледі
Өз аты онысы.
Соны айтып жүреді
Және жоқ қонысы.
 

(көкек)

 

 



көкек

 

 

 

 

 

 

Бейбітшілік құсы деп,
Атайды оны барша жұрт.
 

(көгершін)

 

 

 

көгершін

 

 

 

 

 

 

 

Қыста киімін тастайды,
Көктемде киіне бастайды.
 

(ағаш) 

 

 

 

ағаш

 

 

 

 

 

 

Ұшады қанатсыз,
Зырлайды аяқсыз.
 

(Зымыран)

 

 

 


Зымыран

 

 

 

 

 

 

 

Аспанда жүзеді,
қанатын қақпайды.
жерде де жүреді,
бауырлап жатпайды.
 

(ұшақ)

 

 

 

 

 

ұшақ

 

 

 

 

 

Бір-біріне қарай үйлер тіркесіп,
Қара тұлпар жүр әрі-бері көшіп.
 

(пойыз)

 

 

 


 

пойыз

 

 

 

 

 

Сымға асылып,
Жүр асығып.
Дыз-дыз етіп жүрегі,
Сымнан ұстап жүреді.
Өзіне адам мінеді,
Ол не, ал кім біледі?
 

(троллейбус)

 

  

 

троллейбус



Жұмбақ шешу суреттерімен (1, 2, 3, 4 сынып)

 

 

 

 

 

 

Басында үшкір істігі бар,
Өзіне лайықтап тон пішкен,
Секіріп тастан түскен.
 

(ешкі) 

 

  ешкі

 

 

 

 

 

 

Бұл не қылған ер еді?
Қандай мықты жүрегі.
Түздің маңғаз түлегі,
Бір ұрттам су татпастан,
Мың шақырым жүреді.
 

(түйе)

 


түйе

 

 

 

 

 

 

Екі найзасы бар,
Екі айнасы бар.
Төрт аяғы бар,
Бір таяғы бар.
 

(сиыр)

 

 

сиыр


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу
Пікірлер 3
  1. Оқырман Айым
    Оқырман Айым 02.03.2023 00:44
    10 + 6 -
    Жұмбақтар шешу үшін не істеу керек
    1. Авдирахман
      Авдирахман 24.10.2023 12:36
      0 + 0 -
      Күріш жеуге тамағы жоқ
      Су ішу үшін асқазаныңыз бар
      Мұғалім болу білімі болмаса
      Жазуға мүмкіндік бар
      Ол не
    2. Авдирахман
      Авдирахман 24.10.2023 12:36
      0 + 0 -
      Күріш жеуге тамағы жоқ
      Су ішу үшін асқазаныңыз бар
      Мұғалім болу білімі болмаса
      Жазуға мүмкіндік бар
      Ол не