Оңай жұмбақтар
Ең оңай және қызықты жұмбақтар. Жауабын тез табасыз!
Бiрi – ыдысқа керек,
Бiрi – жүрiске керек.
(Аяқ)
Ұрмай-соқпай жылатады,
Әркiм бiрақ ұнатады.
(Пияз)
Өзi ащы,
Бiрақ,
Дәмдi етер асты.
(Тұз)
Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса, аттама
(Кітап)
Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады.
(Кун)
Кесе, шыны, пиала –
Оларсыз шай құяма?
Қасықсыз тамақ жемейді,
Бәрінің атын не дейді?
(ыдыс)
Ақ қиыршық еритiн,
Ас жоқ одан жеритiн.
(Тұз)
Түсi аппақ,
Тысы қатты-ақ,
Екi түрлi уызы,
Жесең тәттi-ақ.
(Жұмыртқа)
Есiгi жоқ,
Тесiгi жоқ,
Ақ доптың iшiнде,
Несiбi көп.
(Жұмыртқа)
Сұйық едi аппақ,
Бауырдай боп қатыпты,
Iшсең дәмi тәттi ақ.
(Айран)
Аппақ ас, сызы бар,
Балалар қызығар.
(Балмұздақ)
Мұз сынды түрi,
Тәттi дәмнiң бiрi.
(Науат)
Әжем уыстап сығып,
Далада кептiрген.
Қатты әрi тәттi дәмiн,
Кiм бар жеп көрген?
(Құрт)
Аспан түстес сұйық,
Әркiм iшер құйып.
(Су)
Бiрi – ағаш кесу құралы,
Бiрi – шырынды бал бұлағы.
(Ара)
Жел соқса,
Жайқалып толқиды.
Ел оқыса,
Тұла бойың балқиды.
(Өлең)
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: оңай, тез, жұмбақтар, жауап, қызықты