Кірпі сурет

 Кірпі сурет

Білім беру саласы: Шығармашылық, коммуникация
Бөлімі: Сурет салу, сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Тікенекті кірпі»
Мақсаты: Білімділік: балаларды орман жануары кірпімен таныстыру,
Дамытушылық: Бастыру әдісі, ойын арқылы ұсақ қол бұлшық еттерін жетілдіру, ойлау қабілеттерін, сөйлеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу
Көрнекіліктер, қажетті құрал - жабдықтар: демонстрациялық материалдар және слайд. Қара бояу, шанышқы,
Билингвальды компонент: кірпі - ежик - Hedgehog
Оқу іс - әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық - қозғаушылық Шаттық шеңбері:
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Қонақтарға құрметпен,
Бас иеміз біз. Шаттық шеңберін айтады.
Ұйымдастыру - шылық - ізденістік - Балалар, жұмбақ шешіп көрейікші. Жауабын тапсаңдар бүгін сендермен сол жануар туралы қызық деректермен бөлісемін.
Тұмсығы бар түймеден,
Тон жамылған инеден.
- Дұрыс, кірпі. Енді назарымызды слайдқа салайық. Кірпінің дене құрылысы, өмір сүру жағдайы туралы ақпарат беру.
- Енді балалар, мына суретте кірпіге не жетпей тұр?
- Шанышқыны алдымызда тұрған сұр сияға малып, кірпінің үстіне бастырсақ тікенек пайда болады.
Сергіту сәті: «Кірпімен қара жорға билейік»
Кірпі- тікенек

Видеоға қарап билейді.
Рефлексиялық - түзетушілік Ойын: «Кірпіні тамақтандырамыз»
Мақсаты: балалардың іс - әрекет бойынша алған білімдерін қорытындылау, ұсақ қол қимылдарын дамыту.

Шарты: кірпінің үстіне алма, саңырауқұлақ, шаянды жабыстыру.

Күтілетін нәтиже:
Біледі: Кірпі туралы мәліметтерді
Игереді: бастыру арқылы сурет салуды.
Меңгереді: таза, ұқыпты болуды. .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру