Ойлайық та ойнайық

 Ойлайық та ойнайық

Білімділік: балаларды ойын арқылы сабақтастыра отырып түстерді ажыратуға, пішіндерді ажыратып орналастыра білу шапшаңдылыққа үйрету, жоғары - төмен, көп - аз ұғымдарын қалыптастыру.
Дамытушылық: Уақыт мезгілін үйрету, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: математикалық ұғымдарды қалыптастыруға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: демонстрациялық материалдар, уақыт мезгілінің суреттері.
Сөздік жұмыс: тәулік, сан
Қостілдік: күз - осень, таңертең - утро, күндіз - день, кеш - вечер, түн - ночь.

Мотивациялық - қозғаушылық
Шаттық шеңбері:
- Тәрбиеші, жыл мезгілдері, ерекшеліктері жайында сұрайды.
- Қазір қай мезгіл?
- Күздің қандай ерекшелігі бар?

Ұйымдастырушылық - ізденістік
- Балалар, орманшы атай бізге себет беріп жіберіпті, себеттің ішінде не жатқаны жұмбақты шешу арқылы біле аламыз.
1. тиіскенді түйреген,
Киімі бар инеден.
2. Қалқиып ұзын құлағы,
Елеңдеп қорқып тұрады.

Тосын сәт: Кірпі мен қоян шығып балалармен амандасады.
- Балалар, олардың қарындары аш екен, сүйікті асын сыйлайық.
- Кірпі нені жақсы көреді, ал қоян ше?
- Олай болса кірпіге алма, қоянға сәбіз сыйлайық.
- Балалар кірпіде неше алма? (2)
- Қоянда неше сәбіз? (1)
- Ненің асы көп?
- Ненің асы аз?
Сан туралы санамақ айтайық.
1 - дегенім бесік,
Шықтық содан өсіп.
2 - деген елім,
далам, тауым, көлім.
3 - дегенім үміт,
Үміт артар жігіт.

Тақтаға сатыға қарайық.
Жоғары жағында - қандай бала?
Төменгі жағында - қандай бала?

Дидактикалық ойын. «Бұл қандай тәулік мезгілі?»(суреттегі уақыт мезгілін атайық).
Қостілдік: күз - осень, таңертең - утро, күндіз - день, кеш - вечер, түн - ночь.

Қоян: Балалар, жарайсыңдар сендер тәулік мезгілдерін біледі екенсіңдер, енді сендерге тағы бір тапсырманы беремін.
Ойын: «Сөйлемді аяқта».
Мақсаты: балалар ойын арқылы қай мезгіл туралы айтылғанын айтады.
- Біз түнде ұйықтаймыз, ал жаттығуды қай мезгілде жасаймыз?
- Біз таңертең б/б келеміз, ал түскі асты қай мезгілде ішеміз?
- Таңғы асты таңертең, ал кешкі асты қашан ішеміз?
- Күн күндіз жарқырап тұрады, ал ай?
Қоян: Жарайсыңдар тапсырманы жақсы орындадыңдар.
- Менің сендерге тағы да тапсырмам бар.
Дидактикалық ойын:«Қара және салыстыр».
- Балалар, тақтаға қарайық. Нелерді көріп тұрсыңдар?
- Үйлер бірдей ме, жоқ әртүрлі ме?
- Дұрыс.
Бір - биік үй, бір - аласа үй.
- Мынау не?
- Биік үйдің қасына қандай ағашты орналастырамыз?
- Аласа үйдің жанына ше?
Қоян (жылайды): (әуен естіледі)
- Сен неге жылап тұрсың?
Қоян:
- Менің үйім жоқ, соны салуға көмектесесіңдер ме?
Дидактикалық ойын:«Пішінді ата, оларға ұқсас заттарды тап».
Тәрбиеші: Балалар қандай геометриялық пішіндерді білесіңдер?( )
Мынау қандай пішін?
Неге төртбұрыш дейміз, өйткені оның төртбұрышы бар.
Неге үшбұрыш дейміз, өйткені үшбұрышы бар.
Үстелге барып қоянға үй жасайық.
Үстел үстінде төртбұрыш, үшбұрыш пішіндері бар.
Сол пішіндерден қоянға үй құрастырып берейік.
Қоян: Рахмет, менің үйім болатын болды.

Тәрбиеші: Тағы тапсырма орындайық.
Жолақшаның жоғары жағына 2 алманы, ал сәбізді төменгі жағына қоямыз.(Жоғары - төмен, көп - аз, біреу ұғымдарын қалыптастыру.
Кірпі мен қоян тапсырманы дұрыс орындағандары үшін рахмет айтып, балаларға ішінде түрлі - түсті доптары бар қорапты сыйлайды.
Қимылды ойын: «Доптарды түсіне қарай жина».

Рефлексиялық - түзетушілік
Ұйымдастырылған оқу қызметін қорыту.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілінің ерекшеліктерін ата.
- Қандай геометриялық пішіндерді білесіңдер?
- Тәулік мезгілдерін атайық.
- геометриялық пішіннен қоянға не құрастырдық?

Балаларды мадақтау.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: жыл мезгілдерін, тәулік мезгілдерін;
Игереді: түстерді ажыратуды, пішіндерді ажыратып орналастыра білуді, жоғары - төмен, көп - аз ұғымдарын;
Меңгереді: математикалық ұғымдарды; .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру