Кішкентай сәби қыз балаға және ұл балаға туған күнге арналған тілектер 1,2,3,4,5 жасқа толған
Кішкентай қызыма 1 жасқа немесе 2 жасқа толуымен құттықтау
«Киімге жамау түссе де, көңілге жамау түспесін» деген. Ендеше, үнемі көңілі жақсылықтан жадырасын.
Кіндігіңді кесіп ап,
Жібек жіппен буған күн.
Шілдехана суымен
Алғаш рет жуған күн.
Орап алып жөргекке,
Ақ сүтін асыл ананың,
Емірене емген күн.
Әкең келіп төбеңнен
Тебірене төнген күн.
Қуанғаннан ел-жұртың
Көрімдігін берген күн.
«Кімге тартты екен?» деп
Бетіңді ашып берген күн.
Туған күнің жыл сайын
Жүз жыл бойы тойлансын.
Өсіп үрім-бұтағың,
Арманыңа жете бер,
Өмір шексіз көк теңіз,
Тоқтамастан кеше бер.
Қажетті сілтемелер:
- 1 жасқа тілек
- 2 жасқа тілек
- 3 жасқа тілек
- 4 жасқа тілек
- 5 жасқа тілек
- 6 жасқа тілек
- 7 жасқа тілек
- 8 жасқа тілек
- 9 жасқа тілек
- 10 жасқа тілек
Наржан 3 жасқа толғанда
(Мәжиттен туған Нартай немереме арнаймын)
Үш атанды аман көріп,
Толдың үшке, Нартай жаным,
Бүгін саған бата беріп,
Ұмытты атаң қартайғанын.
Үмітпенен сені тосып,
Топтап жасап тоқсан жылды,
Үш буынның басын қосып,
Қуанды атаң көңілі тынды.
Жай қолыңды, айтсын атаң
Жүз жыл жиған ықыласын.
Бейнеті емес көрген қатаң,
Бақыты мен берсін жасын.
Әкесінің атын саған,
Ұялтпас деп тұр тапсырып,
Ақыл, қайрат аршындаған,
Болсын саған бар жақсылық.
Қыран болып самғап, алыстарды көздеп, биіктерді бағындыратын үлкен азамат бол, жаным. өмір жолы сені ешқашан адастырмай, әр басқан қадамыңа Алланың нұры жаусын.
арыстанның айбатын,
жылқының сақтығын,
бүркіттің қырағылығын тілеймін.
Сыр суындай сарқылмас жігер,
Гүлдей жайқалған ғұмыр,
Гүлдей тербелген өмір тілеймін.
Қыран болып самғап, алыстарды көздеп, биіктерді бағындыратын үлкен азамат бол, жаным. өмір жолы сені ешқашан адастырмай, әр басқан қадамыңа Алланың нұры жаусын.
құттықтау қарлығашын жолдаймын.
Ал егер ұл болса:
Туғанда қуантқан ұлым мынау,
Бір мүшелді өткізген құлыным-ау,
Әкеңде арман бар ма, көрсе егер
Келешекте көрсетер қызығыңды-ау!
Сабағыңды жақсы оқып, оқуға түс,
Келешекте бір маманның иесі бол.
Еңбекті сүй, күшіңді бағалай біл,
Дүниеден алатын сыбағаң мол.
Сәлем бермей өсірген хан қызына.
Немеремді иіскеп кетсем, шіркін,
Арманым жоқ дүние базарында.
Жасқа толған құлыншағым,
Қандай тәтті шырын шағың.
Ата-анаңның құшағында,
Ұзақ болсын ғұмыр бағың.
Денсаулығың мықты боп,
Гүлдей жайнап жүре бер.
Болашақта бақытты бол,
Мұратыңа жете бер.
Әр батқан кеш сайын, таң сайын,
Шұғыла нұр шашар жүзінен,
Болшы сен ел сыйлар ханшайым.
Бұйырған маңдайдың бағына,
Бір сенде - құт пенен дәулет те.
Ақ сәуле төгетін жаныма,
Жұлдыз боп тудың сен әулетке.
Қарап көріңіз:
- 1 жасқа арналған тілектер
- 2 жасқа тілектер қызға, балаға
- 3 жасқа құттықтау тілектер
- Бүлдіршін, кішкентай балаларға жаңа жылдық тілектер, құттықтаулар
- Қызыма арналған тілектер
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: кишкентай қыз балага тилек 1 жас, кишкентай ул балага тилек 1 жас, 1 жаска тилек, ұлға тілек 3 жас, 1 жас тілек ұлға, сәби туылғанда тілек, 5 жас ұл балаға тілек, қыз балаға 1 жасқа тілек, 1 жас, 2 жас, 3 жас, 4 жас, немере тілек