Бүлдіршінге, кішкентай балаларға жаңа жылдық тілектер, құттықтаулар

кішкентай, балалар, бүлдіршін

Жаңа жыл бүлдіршіндер үшін ерекше мереке. Олардың кіршіксіз көңілдері бұл күні ғажайыптың боларына сенеді. Періштелердің тілегі қашан да орындалады. Сондықтан, жаңа жыл есік қақпастан бұрын, балапаным, сенің амандығыңның тілекшісімін! Қасқырдың қайратын, арыстанның айбатын, жылқының сақтығын, бүркіттің қырағылығын тілеймін. Тау суындай таусылмас қайратқа да, сыр суындай сарқылмас жігерге де, гүлдей жайқалған ғұмыр мен самал желдей тербелген өмірге балам, сен лайықсың!


Осы мерекені қатты күткен балапаным! Қыран болып самғап, алыстарды көздеп, биіктерді бағындыратын үлкен азамат бол! Өмір жолы сені ешқашан адастырмай, әр басқан қадамыңа Алланың нұры жаусын. Көрер жаңа жылдарың көп болсын, жүзіңнен тек қана нұрлы күлкіні көрейік.


Балдырғандар аналарына шуақ, әкелеріне қуат болсын! Сиқырлы мерекеде әкелер сиқыры таусылмай, өздері сенетін ертегі ғұмырды көруге жазсын! Жаңа жыл сәбилер күлкісінен айырмасын, дендері сау, балалықтың бақытына тоймай жүре берсін!


Отбасымыздың ең кішкентай мүшесі — бүлдіршінім, сенің де жаңа жылың құтты болсын! Аппақ қардай көңілі пәк балапаныма келер жыл тек жақсылықтарын сыйласын. Жайнаған жүзінен күлкі кетпей, балдай тәтті қылықтарына қанбай жүре берейік!


Қарап көріңіз:


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу