Қыз балаға тілектер, құттықтаулар

қыз, қыздар, тілек, құттықтау

Көргенің рахат болсын,
Жүрген жерің рабат болсын.
Екі тойың қабат болсын,
Достарың берекелі болсын,
Әр күнің мерекелі болсын.
Шәйің қызыл болсын,
Ғұмырың ұзын болсын.
Несібең таса берсін,
Дұшпандарың қаша берсін (Шәмшінің тілегі)




Кішкентай қызымызға өмірдегі бар жақсылықты тілейміз. Әрдайым көз қуанышымыз болып, аман–есен ортамызда жаздай жадырап, гүлдей құлпырып  жүре берсін. Ең бастысы, қазақтың қызы деп атқа лайық болсын.

«Киімге жамау түссе де, көңілге жамау түспесін» деген. Ендеше, үнемі көңілі жақсылықтан жадырасын.




«Ақыл – тозбайтын тон, білім – таусылмайтын кен» деген. Қызымыздың білімді, ақылды болуын тілейміз. Өмір жасы ұзақ болсын. Ата-әжесін тек қана жақсылықтармен қуанта берсін.






Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. Малика
    Малика 05.12.2020 07:08
    2 + 2 -
    Керемет тілектер