15 Сәуір - Кәсіпкерлер күні

 15 Сәуір - Кәсіпкерлер күні

Ең керемет мамандық бар кәсіпкер,
Кәсіпкерге Жаратушы нәсіп бер.
Армандарды айналдырған шындыққа,
Кәсіпкердей мықты болсан өсіп көр.
Табыс өссін толастамай әр күні,
Тұтынушы сізде болсын барлығы.
Өрге ғана домаласын тасыңыз,
Сізге артылған ел үміті, бар жүгі.

Табысыңыз мол болсын,
Әр істе де жол болсын!
Арманыңыз алдамай,
Иықта алтын тон болсын!
Ел еңсесін көтерер,
Кең себеттей ой болсын!
Қазақты алға жетелер,
Кереметтей той болсын!

Үлес қосқан мына үлкен ғаламға,
Қазынаны еселеген адам да,
Жолын тапқан сан тараулы заманда,
Кәсіпкерлер аман болсын әманда.


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру