14 Наурыз - Амал көрісу күні

14 Наурыз - Амал көрісу күні

Ақ тілек бейбітшілік аман болсын!
Елім, жұртым қадірлі аман болсын!
Туғандай бір анадан жамағаттар
Достыққа берік, мықты адал болсын!
Наурыз мейрамы құтты болсын!
Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!


Пайдалы сілметелер:


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу
Пікірлер 4
  1. Құтты болсын көрісу
    7 + 5 -
    Құтты болсын көрісу,
    Әр көктемде келетін.
    Амандықта, саулықта,
    Қуанышын беретін.

    Көрісейік ағайын,
    Көктемдей боп құлпырып.
    Асқар таудан бастайтын,
    Бұлайтай боп тұп-тұнық.

    Жаратқаным жар болсын,
    Бар жақсылық орналып.
    Бір жасымыз құтты боп,
    Жүрейік жырлап, толғанып.
    Жібек Искакова
  2. Көрісу тілек
    Көрісу тілек 14.03.2022 12:18
    5 + 2 -
    Көрісудің күнімен,
    Құттықтаймын жамағат.
    Құтты болсын жаңа жас,
    Алла берген аманат.

    Сыйластықта үндейік,
    Әр көктемде қауышып.
    Өкпені біз білмейік,
    Құшақтаса, табысып.

    Жаратқаным жар болсын,
    Бір керемет сый беріп.
    Амандықта жүрейік,
    Барлық іске үлгеріп!.
    Жібек Искакова
  3. көрісу күні
    көрісу күні 14.03.2022 12:17
    4 + 0 -
    Көрісудің бұл күні,
    Сыйластыққа бастайды.
    Қауыштырып халықты,
    Ынтымақты растайды.

    Құтты болсын бүгінгі,
    Көрісудің бұл күні.
    Қыстан аман шықтық біз,
    Жалғастырып күлкіні.

    Деніміз сау болсын тек,
    Жақсылыққа бастайтын.
    Әр көктемге жетейік,
    Қауышуды қоштайтын.
    Жібек Искакова
  4. 14 наурыз көрісу күні
    1 + 0 -
    Көрісудің күні бұл, қуанатын,
    Бар жақсыны шынайы құп алатын.
    Құшақтасып, амандасып бір-бірімен,
    Қазақ халқы күлімдеп қол алатын.

    — Аташым, деп бір жасыңыз құтты болсын,
    Үлкендерге сәлем берер жастарымыз.
    Дастархандар жайылып шын ниетпен,
    Қауышын жалғай түсер ақ таңымыз.

    Амандықта қыстан шықтық, құтты болсын,
    Саулықтарың мықты боп, беу халайық.
    Сыйластықта, амандықта әр жыл сайын,
    Әр көктемде осы күнді қарсы алайық!
    Жібек Искакова