Қанағат қарын тойғызар
Қарағанды облысы, Балқаш қаласы.
«Абай атындағы №2 лицей»КММ
Пән мұғалімі: Ордабекова Н.Г.
Пәні: Әдебиеттік оқу
Сыныбы: 4 «А»
Сабақтың тақырыбы: Қанағат қарын тойғызар Спандияр Ақаев.
Сабақтың мақсаты:
- Спандияр Ақаев туралы түсінік бере отырып, оның «Қанағат – қарын тойғызар» мәтінінің мазмұнын толық меңгерту.
- Оқушылардың өзіндік ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын байыту, рольдік мақамдап оқу қабілеттерін қаллыптастыру, шығармашылыққа баулу.
- Адамгершілікке тәрбиелеу, кішіпейіл,қарапайым, қанағатшыл, шыдамды болуға, адам бойындағы асыл қасиеттерді айыра білуге, жақсы қасиеттерді өз бойларына сіңіре білуге үйрету.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақта қолданылатын әдістер: Ой шақыру, түртіп алу , топтастыру стратегиясы, көрнекілік стратегияларын пайдалану.
Сабақтың көрнекіліктері: қосымша кітаптар, қағаздар, суреттер, маркер т.б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушылармен амандасу
ә) Сынып тазалығын тексеру
б) Оқушыларды түгендеу
в) Оқушылардың құрал-жабдықтарын алғызу
г) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Психологиялық ахуал тудыру.
- Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
- Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай аламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
- Міне , жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастайық.
Ұранымыз: Жаңа ғасыр ұланымыз, жақсы оқу ұранымыз!
Топқа бөлу.
Алтын ережені еске түсіру
Оқу шаттығы: (оқулықтың кез-келген бетіндегі мәтінді 2 минуттық ызыңдап оқу.)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
- М. Мақатаевтың О, туған ел!” өлеңін жатқа сұрау.
- «Туған жер» тақырыбындағы жазған эссесін оқу.
- «Туған жер» өлең шығарып жазып келу.
(әр топ оқушыларының алдына алдын-ала қызыл, сары, жасыл түсті стикерлер таратылады, қай оқушының алдында қызыл түс – «О, туған ел!», сары түс – жазған эссесін, жасыл түс- шығарған өлеңін оқиды.)
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.
Қандай ақын-жазушылардың туған жерге арналған даналық ойларын, мақал –мәтелдер білесіңдер?
ІҮ. Жаңа сабаққа дайындық.
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев ақындықтың бастар жолына Абай поэзиясын үлгі тұтқан екен. Адамзаттың ақылшысы Абайдың «Адам болам десеңіз....» атты өлеңінде бес асыл істі айтады.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым – ойлап қой.
Ү. Ой шақыру.
(әр оқушыдан сұрау)
Талап- «Талмас қанат». Талаптанған адам қандай қиын істі де орындай алады.
Еңбек – «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»
Терең ой – Адамның хайуаннан артықшылығы- әріден терең ойлай алады дегенді білдіреді. Аспандағы ұшақ, судағы кеме, жердегі зулаған машина,пойыз- бәрі де адамның терең ойымен келген.
Рақым – мейірімді болу, үлкенге құрмет, кішіге қамқорлық жасау деген сөз.
ҮІ.Топтастыру стратегиясы: Қанағат сөзін қалай түсінесіңдер?
- аз демеу керек
- жоққа шыдау керек
- ең асыл қасиет
- қанағат қарын тойғызады т.б.
- Барға риза болу.
Мұғалім: Адам қанағатшыл болу керек екен.
Қанағат ету – жетіспеушілікке, таршылыққа төзіп шыдау емес, ақылға сүйеніп, өзін – өзі тежеп, құнығудан , тойымсыздықтан бас тарту.
- Олай болса, бүгінгі сабағымызда біз Спандияр Ақаевтың “Қанағат қарын тойғызар” атты мәтінімен танысамыз.
ҮІІ. Жаңа сабақ
- А) Спандияр Ақаев кім? (слайдтан көрсету)
Ә) Оқулықпен жұмыс.
- Мәтінді мұғалімнің мақамдап оқуы.(оқушыларға мәтінде түсініксіз сөздер кездессе түртіп алу ескертіледі)
ҮІІІ. Сөздік жұмысын жүргізу.
Жұт- мал-жан шығыны болатын, ұзаққа созылған ауыр қыс, қиыншылық.
Аңкөс – аңшы, аң аулаудың жайын білетін.
Болдыру – шаршау.
Ел басына күн туу – елдің қиыншылық көруі.
ІХ. Рольге бөліп оқу. (автор, қария, екі жігіт)
Х. Мәтінді талдау.
І топ: Елдің жағдайы қандай күйге түскен? Осы қиын кезде ел иесі қария кімдерді шақырып ақыл сұрады?
ІІ топ: Қария киік аулауға шыққан екі жігітке не деп батасын беріп шығарып салды? Бірінші жігіттің ақылдылығы.
ІІІ топ: Екінші жігіт жалғыз атын союға неге мәжбүр болды? Осы болған оқиғадан кейін жұрт қандай ой түйді?
ХІ. Сергіту сәті.
Құрманғазының «Ақсақ киік» күйін тыңдау.
-Күй қалай аталады?
- Қандай әсер алдың, не елестеттің?
Оқушылардан ақбөкен туралы не білетіндерін сұрау.
Киікті – ақбөкен, сайга, сайғақ деп те атайды.
Республикамызда Ақбөкендердің бір-бірінен жеке дара бөлінген Бетпақдала – Арыс, Үстірт және Еділ – Жайық деген топтары мекендейді. Текелерінің дене тұрқы 126 – 150 см, салм. 37 – 49 кг, ал ешкілері кішірек, дене тұрқы 109 – 127 см, салм. 22 – 37 кг-дай болады. Үстіңгі ерні салбырап, етті тұмсыққа айналған. Текесінің мүйізі қайқылау келеді, ешкісінде мүйіз болмайды. Жаз айларында арқа түсі сарғыш тартады, қыста түсі ақшылданады. Оның мүйізінен пантокрин дәрісі алынады, тұяғын күйдіріп, одан алынған күлді денедегі теміреткіге жағады, сусамыр ауруына шалдыққандарды емдеу үшін пайдаланады.
ХІІ.. Сабақты қорыту.
«Қанағатшыл бол...» тақырыбында эссе жазу.
( Әр топтан 3 оқушыдан оқыту.)
«Қанағатшылдық» аудиоролик тыңдау.
ХІІІ. Үйге тапсырма:
Мәтінді рольге бөліп оқу, әңгімелеу, қанағат тақырыбында бес жолды өлең жазып келу, мақал-мәтелдер жаттау.
ХІҮ. Рефлексия
ХҮ. Бағалау.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: Қанағат қарын тойғызар, Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар, Қанағат, Сабақтың, қарын, Спандияр, тойғызар, Ақаев, қасиеттерді, қабілеттерін, білуге, Оқушылардың, мақамдап, қанағатшыл, қандай, терең, Мәтінді, сұрау, туған, жақсы, керек, туралы, қанағат туралы тәрбие сағаты, канагат туралы тарбие сагаты, бастауыш сынып тәрбие сағаттары, бастауыш сынып ашық тәрбие сағаттары, бастауыш сынып ашық тәрбие сағаттары қанағат, открытые уроки на казахском языке о довольстве, Қазақша тәрбие сағат Қанағат қарын тойғызар, Қазақша тәрбие сағат Қанағат – асыл қасиет