Қанағат – асыл қасиет
Ақшұқыр мектеп – лицейінің мұғалімі
Нуржанова Гульден
Нуржанова Гульден
Тақырыбы: Қанағат – асыл қасиет
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды танымдық қабілетін жетілдіре отырып, кейіпкерлерге сын көзбен қарауға үйрету.
Тәрбиелік: оқушы бойына адамгершілік, қарапайымдылық, қанағаттылық, адамгершілік қасиеттерді дәріптеу.
Дамытушылық: өз ойын мақал - мәтел жүйелілігін пайдалана отырып дәлелдеуін, ізденушілік белсенділігін, қабілетін арттыру, өз пікірін қорғауға дағдыландыру, өздіктерінен қорытынды шығаруға машықтандыру; әдеби теориялық ұғымдарын тереңдете меңгерту.
Сабақтың түрі: сабақты қорыту, білімді жүйелеу
Сабақтың әдісі: сыни тұрғыдан ойлау, пікір айту, сұрақ - жауап
Көрнекілігі: Бәріне қанағат қыл да, адал еңбек қыл. (Шәкәрім Құдайбердіұлы)
Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Топты екіге фигура таңдауы арқылы бөлу
III. Топ атауына талдау жасау,
IV. Тәрбие сағатпен таныстыру
V. Нақыл сөздермен таныстыру
VI. Сұрақ – жауап
VII. Бейне ролик
VIII. Ой - қозғау
IX. Қанағаттану сәті
X. Қорытындылау
Сабақтың жүру барысы:
I. Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Қанағат – асыл қасиет» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Мұғалімнің кіріспе сөзі. Оқушыларға сабақтың мақсаты мен жоспарын айтып түсіндіру.
II. Мұғалім: оқушылар мен сіздерге кеспе қағаз ұсынамын, сіздер осы кеспе қағаздардан біреуін таңдайсыздар.
Кімде дөңгелек белгісі болса – төзімді тобы болады
Кімде шаршы белгісі болса – сабырлы тобы болады
Кеспе қағаз ішінде ерекшеленген смайлик алған оқушылар бүгінгі сабақтың бақылаушысы болады. Әр сабақ сайын өз достарының мінезін бақылап отырады
III. Мұғалім: сонымен оқушылар екі топтың атауына талдау жасап көрейік. Төзімділік дегеніміз не?
Сабырлылық дегеніміз не?
Төзімділік қасиет қандай адамның бойынан байқауға болады?
Сабыр түбі сары алтын дегенді қалай түсінесіздер?
Мұғалім: менде әр топқа арналған бау бар сол бауды әр топ өз тобындағы оқушыларының мойынына бойындағы жақсы қасиетін айтып байлайды
IV. Мұғалім: Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қанағат – асыл қасиет». Пікірлесу
Қанағат дегеніміз не?
Қанағатшылдық сезімі адамды үнемі жақсылыққа жетелей ме?
Қанағатсыздық адамды қандай жағдайларға итермелейді?
Сабақтың тақырыбына сай мынадай эпиграф алдым:
Қанағат – қарын тойдырар,
Қанағатсыздық жалғыз атын сойдырар.
Осы эпиграфтің мағынасын ашайық.
Оқушылар жауабы:
1 - оқушы: Адам бойында көптеген жаман да, жақсы да қасиеттер болады. Соның бірі – қанағат. Қолында барына қанағат ету керек. Тойымсыздық, қанағатсыздық жақсылыққа алып келмейді. Адамның сұрауында, қалауында шек болу керек.
2 - оқушы: Әр адамның мінезі әр түрлі болып келеді. Бірі жомарт болса, бірі – сараң. Енді біреуі қанағатты болса, екіншісі қанағатсыз, парықсыз болады.
− Неге бұл мақалды бүгінгі сабаққа негіз етіп алдық?
Оқушылардың жауабы:
− Бүгінгі сабағымыз қанағатқа байланысты болуы керек.
− Қанағатқа байланысты әңгіме оқимыз.
V. Нақыл сөздер. Мұғалім: оқушылар қандай қанатты сөздерді білеміз. Қанекей кім айтады?
Не пайда күш жоқ болса, нарлығыңнан,
Пайда жоқ, кең болмасаң, тарлығыңнан.
Көрінбеген нәрсені аламын деп,
Айырылма қолыңдағы барлығыңнан.
( Мәшһүр Жүсіп Көпеев)
Қанекей кім айтады?
Оқушы: Қанағаты бар адамға бақыт бұйырған.
(Аристотель)
Оқушы: Барға - қанағат, жоққа - сабыр!
Оқушы: Жоқты бар десең – құт болар,
Барды жоқ десең – жұт болар.
VI. Сұрақ – жауап – 10 әдеттен қашық бол!
Фьоре Нейлдің «Жаңа өмірді бастаудың жеңіл жолы» атты кітабынан үзінді.
10 әдеттен қашық бол
1. Сенің өз - өзіңе бағаңды төмендететін адамдармен араласу
2. Ағыспен жүзу және кедергісі аз жолды таңдау
3. Өз пікірің мен сезіміңді өзіңде сақтау
4. Барлығына жағуға тырысу
5. Жақындарың мен ата - анаңды ұмытудан қашық бол
6. «Қолымнан келмейді» деп айту және өзіңді сәтсіздікке байлау
7. Кек сақтаудан қашық бол
8. Жауапкершілікті басқаларға артудан қашық бол
9. Орындай алмайтын уәде беру
10. Көре алмаушылықтан қашық бол

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: Қанағат қарын тойғызар, Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар, Қанағат, Сабақтың, қарын, Спандияр, тойғызар, Ақаев, қасиеттерді, қабілеттерін, білуге, Оқушылардың, мақамдап, қанағатшыл, қандай, терең, Мәтінді, сұрау, туған, жақсы, керек, туралы, қанағат туралы тәрбие сағаты, канагат туралы тарбие сагаты, бастауыш сынып тәрбие сағаттары, бастауыш сынып ашық тәрбие сағаттары, бастауыш сынып ашық тәрбие сағаттары қанағат, открытые уроки на казахском языке о довольстве, Қазақша тәрбие сағат Қанағат қарын тойғызар, Қазақша тәрбие сағат Қанағат – асыл қасиет, болады, қашық, Мұғалім, болса, оқушылар, оқушы, қанағат, отырып, адамгершілік, қабілетін, дегеніміз, Бүгінгі, жауап, Оқушы, қасиет, мақсаты