6 Шілде - Астана күні (Бәйтерек)

 6 Шілде - Астана күні (Бәйтерек)

Сабақтың тақырыбы: «Бәйтерек»
Саласы: «Тіл дамыту»
Бөлімі: «Жапсыру»
Мақсаты:
1. Елбасымыз – Н. Ә. Назарбаев туралы түсініктерін кеңейте отырып, Елордамыз – Астана қаласы және Бәйтерек туралы мағлұмат беру.
2. Сөздік қорларын, ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Шығармашылыққа жұмысты ретімен атқара білуге баулу, патриоттыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Тақырыптық мазмұнды суреттер, дайын аппликация үлгілері, желім, ақ қағаздар.
Методикалық әдістер: Түсіндіру, көрсету, сұрақ - жауап. Раунд - Робин.

Оқу іс - әрекетінің барысы
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Тәрбиеші балалардың назарын өзіне аударып, оларды шаттық шеңберіне шақырады.
- Күлімде күн, күлімде,
Жер жасарып көгерсін.
Кешегідей, бүгін де,
Қанат қақсын көгершін.
Жыл мезгіліне, айға, аптаға тоқталу.
Балалар, біздің бүгінгі ашық ұйымдастырылған оқу іс - әрекетіміз
1 - Желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналады.
Тақырыбы: Бәйтерек
- Балалар, айтыңдаршы, біздің Республикамыз, яғни еліміз қалай аталады?
- Қазақстан

Сарқылмайтын қуатым
Тірегімсің Қазақстан!
Мәңгі соғып тұратын,
Жүрегімсің Қазақстан!

- Жарайсыңдар, біз қай тілінде сөйлесеміз?
- Қазақ тілінде

Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!

- Мемлекеттік Рәміздерді атай аламыз ба?
- Ту, Елтаңба, Әнұран
Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы,
Оны халық қашан да,
Биікке іліп қояды.

Толқыған дәні бар,
Мамырланған малы бар
Қыран қанат әні бар.
Қазақстан келбеті,
Елтаңбадан табылар.

Әнұран – жанұраным,
Айтар әнім – сөйлер сөзім
Туған жерім – сағынарым
Мың қайталап айтам мұны.

- Жарайсыңдар, елордамыз қай қала?
- Астана қаласы

Астана арман қала
Бағы бір жанған қала
Тұрады ол жап - жас болып,
Біз үлкен болғанда да.

- Елбасымыз кім?
- Н. Ә. Назарбаев

Халқымыздың тірегі,
Арман үміт тілегі,
Ел деп қала соғады
Елбасының жүрегі.
- Өте тамаша. Балалар, елбасымыз қай қалада тұрады?
- Астанада

Астана қаласы туралы суреттер экраннан көрсетіліп, түсіндіріледі.

Сергіту сәті.
- Отанымның тірегі,
Астананың жүрегі,
Мақтан етем өзіңді
Бәйтерегі киелі.
- Балалар біз қазір
Бәйтеректің бейнесін түрлі - түсті қағаздан жапсыру
Жұмыстың орындалу реті түсіндіріле отырып, балаларды бәйтеректің бейнесін жапсыруға жұмылдыру. Балалар тәрбиешінің түсіндірмесін тыңдай отырып, бәйтеректің бейнесін жапсырады.

Қорыту, рефлексия
1 Балалардың жасаған жұмыстарын көрмеге қою.
- Балалар бүгінгі ашық ұйымдастырылған оқу іс - әрекетімізді әдемі өлеңмен аяқтайық.

Сөнбе ешқашан күніміз!
Тілейді мұны еліміз!
Тілейді мұны жеріміз!
Тілейміз мұны бәріміз!

3. Қуанышты хабарлама тарату. Бәйтерек бейнесі.
Күтілетін нәтиже
Біледі: Астана қаласы және Бәйтерек туралы түсінік алды.
Түсінеді: Жұмысты ретімен, тиянақты орындау керектігін.
Жасай алады: Түрлі түсті қағаздан Бәйтеректің бейнесін жапсыра алады.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру