Қаншама жас боздақтар

 Қаншама жас боздақтар

Ишимова Ризагүл
10 сынып, №3ЖОББМ Железин ауданы
Жетекшісі: Зеймуллаева Т.С.

Бiздiң жүрегiмiз темір емес. Бiрақ бiздiң кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп күйдiрiп жібере алады. Бiздiң үрейдi жеңетiн ең күштi қаруымыз бар, ол–Отанға дегенсүйiспеншiлiк.
Бауыржан Момышұлы
Ұлы Отан соғысының тарихы көптеген жеке адамдардың өмірінен кұралады.Олар жанын құрбан етті,бірақ артқа шегінген жоқ,туған жерінің алдында борышы өлім туралы ойлардан,қорқыныш сезімдерінен алда тұрды.Біздің еркіндігіміз және бостандығымыз қандай бағамен бізге келгенің біз жақсы білеміз.Бұл батыл және қайсар адамдарының алдында біз әрқашан да парыздармыз . Осы жылы біз Ұлы Жеңістің 71-жылдығын тойлаймыз.Қазіргіұрпақтарымызға кеңес адамдардың иығына түскен барлық қиындықтарды елестету қиынға түседі.Жеңіске жетуінің қайнар қөзіхалқымыздың асқақ рухы мен туған жеріне деген ыстық махаббаты болып табылады. Жеңіске адамдардың терең патриоттық сезімдер арқасында жеттік деп есептеймін.Туған жерін жау қолына бермеу әрбір кеңес адамы түсінгені мәлім. Әр жылмен біз соғыс кезінен алыстап бара жатырмыз.Бірақ,адамдар соғыс кездегі жамандықты уақыт ешқашан өшіре алмайды.71 жыл арамызда қалды.Соғыс зардабын көрген адамдардың қатарлары азайып бара жатыр.Халықтың жадында сол кездегі қиындыққа төзеп алған бүкіл елдің ерлігі мәңгі сақталады.Адамдар Отан үшін,өз өмірлерін ойламай қиып берген. Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Қариялар азайып бара жатқанын әсіресе олардың ортасында Ұлы Отан соғысынан аман оралған ақсақалдарымыздың қарасы жыл санап азайып барады емес пе?! Солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, туын жағап, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні. Бұл күннің толғағы ашшы болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. Сондықтан да бұл Ұлы мереке. Оққа ұшқан қарулас жолдастарының аманатын арқалап, аман оралған ардагер аталарымыздың өздері қорғап, қорған қамқор болып оралған арттағы қалың елдің қамығып жеткен Жеңіс күнін, біз ұмытсақ та тарих ұмытпайды. Ол - өмір заңы. Ұлы Отан соғысы тарихының беттерін парақтаған адам жеңіс сағатын соқтыруға Қазақстанның қосқан үлесі телегей-теңіз екенін байқар еді. Осы бір аяқ астынан басталған әділетсіз арпалысқа Қазақстаннан 2 миллионға жуық түрлі ұлт өкілдері әскер қатарына шақырылды. Майдан даласынан 394 мың қазақ боздақтары қайтпай қалды. Бұл соғыс қайғы-қасірет әкелмеген бірде-бір отбасы болмады...
Бірінің әкесі, бірінің ағасы қаза тапты. Қаншама жас боздақтардың қыршын жасы қиылды... Ішінде ақын да, әншісі де бар еді. Қауызын ашпай көктей қырқылған сол жастардың ішінде, әттең дариға-ай, қанша Абай, қанша Шоқан кетті. Осы соғыста менің әжемнің әкесі қатысты.Тілебалды Дүйсенов 1926 жылы Новосібір облысында туған.Жас кезінен бастап әкесімен бірге мал баққан.1938 жылы 5 жылдық мектепті бітіреді.1943 жылы тамыз айында соғысқа алынады.Сол жылы ол он жетіге ғана келген.2-нші Белорус майданын басқарған атақты қолбасшы Рокосовскийдің дивизиясына келіп қосылады.Нарва,Висла өзендерін неміс басқыншыларынан азат етуге қатысады.Кенисберг қаласы үшін шайқаста қатты жараланады.1945 жылы мүгедектігіне байланысты соғыс аяқталмай елге қайтады.«Германияны жеңгені үшін» және Жеңістің 25,30 жылдығы медальдарымен марапатталған.Соғыс аяқталғаннан кейін менің атам қоғамдық өмірге белсене қатысқан.Менің ойымша, сол қайсар және қатал соғыс уақытта атам өзінің азаматтық және әскери парызын туған жерінің алдында толық мөлшерінде ақтады.Мен оны көрмесем де,бірақ мен оның сол уақытта ең бірінші қатарларында тұрғанына өте мақтан тұтамын. Осы соғыста жауынгерлерден басқа Отанда қалған әйелдердің,қариялардың,жасөспірімдердің үлестері қосқан маңызы зор.Олар барлық қиындықтарда қарамай өз қажырлы еңбектермен жеңістің күнін жеткізді.Бірақ ешкім қынжылған жоқ. Бүкіл ел «Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін!» деген ұранмен еңбек етті. Сол соғыста өзiнiң қайсар ерлiгiмен, қайратты мiнезiмен жауынгерлерге жiгер берген бабаларға мың алғыс.Қарт ақын Жамбыл Жабаев өзінің “Ленинградтық өренім” өлеңі арқылы жауынгерлерге рухани күш беріп,жеңіске деген сенімдерін нығайтып,үміт отын маздатты. “Ленинградтық өренім”өлеңі-қоршауда алғанлениградтықтарға,қаланы қорғаушыларға арналған Жамбылдың жыры.Өлең орыс тіліне аударылып,майдан даласына таратылды,қала көшелеріне,үйлердің қабырғаларына жазылып,ілінді,радиодан оқылды. “Мен түнгі соғыс дабылынан ұйқы көрмей,қабақтары шарт түйілген адамдардың арасында тұрдым.
Солдаттар,офицерлер,теңізшілер,противогаз киген көк комбенизонды қыздар-барлығы да Жамбылдың жырын шың көңілмен дүниенің көз көріп,құлақ естімеген қиын шағында туған адамынан келген хаттай оқып жатыр... ”-дейді өзінің естелігінде белгілі орыс ақыны,қазақ әдебиетінің досы Николай Тихонов. Сол кезде орыс жазушысы,публицист Всеволод Вишневский “Правда”газетіне былай жазды: “...қалаға тез тараған плакаттан Жамбыл ақынның “Ленинградтық өренім”өлеңін оқығанда барлығымыз көзімізге жас алдық.Жылап тұрып қайта-қайта оқыдық.Қазақ халқының достығы мен сүйіспеншілігіне шексіз риза болдық.Алыста жатса да,арқа сүйер тірегіміз барына қуандық”. Менің ойымша ,біздің халық еңбек,ерлік,бірлік,ынтымақтастық арқасында сол Женіс күніне жетті.Сонымен,қазіргі күнде де осы құндылықтардың маңызы өте мол.Әр адам өз жұмысында,өз жанұйясында,достар арасында соны ұмытпаса біздің мемлекетімізде,барлық жерде жамандық қайталамайды. Соны ұмытпандар,адамзат!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру