Ұлы мереке
Толепбергенқызы Аяжан
11 сынып оқушысы Махамбет атындағы орта мектеп
Атырау облысы Индер ауданы
Жетекшісі: Махметова Мерует Аскаровна

Бiздiң жүрегiмiз темiр емес. Бiрақ бiздiң кек отымыз қандай темiрдi болса да ерiтiп, күйдiрiп жiбере алады. Бiздiң үрейдi жеңетiн ең күштi қаруымыз бар,ол – Отанға деген сүйiспеншiлiк.
Бауыржан Момышұлы
Соғыс... Осы сөзді естігенде жан дүниемді қорқыныш сезімі билеп, жұдырықтай жүрегім кеудеме сыймай атқақтайды. Міне, соғыс дауылының бізден алыстап бара жатқанына да 71 жыл толмақшы. Әрине, ауызға айтуға оңай.... Бұл соғыс қаншама боздақтың жанын қиды, қаншама ананы жесір қалдырды, қаншама баланың ең бір қимас кезеңі балалық шағын ұрлады. Ұлы Отан соғысы...Бұл сол кездегі қайсар халқымыздың ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Иә, содан бері 71 жылға жуық уақыт өтсе де ешкім де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ.
Немене жетістің, бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр.
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнеки жағада тұр, - деп тебіренген Мұқағали мұңында жұмырбасты пенде үшін теңдессіз құндылық,ұрпақтар қимастығы мөлдіреп тұр. Аталарымыздың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, қасық қаны қалғанша беріспей, жаудың тауын шағып, өз туымызды тігіп, жеңістің таңбасын басқан күн- Жеңіс күні. Бқл күннің толғағы ащы болса да, болашақ ұрпақтары үшін қуаныш төгілген күн. Сондықтан бұл Ұлы мереке. Оққа ұшқан қарулас жолдастарының аманатын арқалап, аман оралған ардагер аталарымыздың өздері қорғап, терімен, қанымен сыйлаған Жеңіс күнін ұрпақтары ұмытпақ емес, тіпті оны тарихтың ақтаңдақ беттері де ұмытпайды. Ол- өмірдің заңы. Біз Ұлы Отан соғысындағы жеңіске ештеңеге теңеспейтін ғажап күшпен жеттік. Ол күштің аты "бірлік". Менің де атам (атамның әкесі) Тауғыстауов Нәби жас кезінде Отанын қорғауға соғыс даласына аттанып, туған жерге оралмады.
Күндегі әдетімше сабақтан үйге келсем атам үлкен қара шабаданын ақтарып отыр екен. Бір парақ қағазға үңілгені соншалықты, қасына келген адамды да байқар емес. Хатты сан рет қайталап күбірлеп оқыды да, көзінен домаланған бір тамшы ыстық жасы әбден сарғайып кеткен парақтың бетіне ағып түсті. Жалма- жан хатты бірнеше рет бүктеді де, кеудесіне қысып терең тыныс алды. Осы көрініс сірә менің жаныма қатты батып кетті білем, мен де еріксіз сарғайған үшбұрышты параққа қолымды создым. Бұл менің атамның әкесінің сонау майданнан отты жылдарда жазған үшбұрышты хаты екен....
Хат қара сиямен оқушы дәптерінің бетіне жазылыпты. Арада жетпіс жылға жуық уақыт өткеніне қарамастан жазуларды қиналмай оқуға болады. Қолтаңба да көрікті. Әріптер тайға таңба басқандай ап-анық. Хаттан көз алар емеспін. От-жалын арасынан сытылып шығып, туған топыраққа аман-есен жеткен қасиетті де қастерлі дүние ғой бұл. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы осындай үшбұрыштардың әрқайсысының қайғылы немесе қуанышты тарихы бар. Қазақ халқы үшін қасиетті де құнды дүние - Мұхтар Әуезовтің "Абай жолы" кітабы болса, менің атам үшін де қара шабаданда сақталған осынау бір хаттың қасиеті мен қадірі ерекше еді. Атамның айтуы бойынша әкесі Тауғыстауов Нәби атамыз 1941 жылы соғыс басталғанда елдегі азаматтармен бірге соғысқа атттанған. Сол кезде артында жары мен екі баласы қалыпты. Сол екі баланың үлкені- менің атам еді. Нәби атамыз 1285- атқыштар полкі құрамында Воронеж қаласы маңындағы ұрысқа қатысқан. Сол кезде ұрыс даласында өзімен қатарлас ауылдас 3-4 жігіт болыпты. Майданнан келген хат саны екеу. Соңғы хат 1942 жылы келген. Міне сол ақырғы хаттан кейін көп кешікпей қасіретті "қара қағаз" келген.
Нәби атамыз жаудан елімізді қызғыштай қорғап, майдан даласында ерлікпен қаза тапқан. Хаттың мазмұнына үңілетін болсақ: "Аманесенбісіңдер туған ел, туған туыс. Әзірге аман, денім сау жүрмін. 26/ҮІІ -нен бастап оборонда жатырмыз. Екі жақтың әскерінің арасы 400 метр. Қасымдағы ауылдас достарымның бәрі де аман-сау. Бізге хат бір ай дегенде келеді. Сондықтан хатты жиі- жиі салып тұрыңдар. Аман-есен қауышқанша қош сау болыңыздар. 4/ҮІІІ.1942 жыл" делінген. Көз алдыма жанында қаруы, осы хатты шұқшия жазып отырған атамыздың бейнесі елестеді. Әр хаттың мазмұнына терең үңілетін болсақ, жас жауынгердің майданда жүріп-ақ, туған елге деген сүйіспеншілігін, жасаған ерлігін көруге болады. Хат жолдарынан атамыздың бауырмал, жанашыр, жаны ізгілікке толы адам екенін байқадым. Бұл хаттарда атамыздың қолдарының табы, ізі бар. Қалайша қуанбасқа?! Атамыздың қолы тиген хаттарды өз қолыммен ұстап отырмын. Қалай тебіренбессің, қалай толқымассың! Хаттағы әр жолдардың ар жағында атамыздың ыстық жанары, окоптағы қиыншылыққа толы күндері мен Жеңіске деген сенімділігі тұр емес пе?!
Иә, бұл сұм соғыс кімді жетімсіретіп, кімді жылатпады дейсіз? Талай жанның жүрегін жаралап, талай бүлдіршін баланың балалық шағын ұрлағаны сөзсіз. Құрғақ мәліметтер мен деректерге қарағанда, кескілескен ұрыс даласында әрбір әрпін әдемілеп, сөздерін жинақтап, сөйлемдерін мәнерлеп, майын тамызбаса да, жанын шүберекке түйіп отырып жазған осы хаттар- майдан алаңында болып жатырған оқиғалар туралы нақты мәлімет береді. Соғыс жылдарындағы хаттар..... сарғайған, ескірген хаттар. Майданнан келген хат- біздің отбасымыздың құнды жәдігері. Атамыздың әкесіне деген сағынышын басатын жалғыз жұбанышы.
Арада жетпіс бір жыл өтсе де, мәні мен маңызын, толқытуын тоқтатпай оқылатын бір жапырақ қағаз. Әріптері өшіп, сарғая бастаған хат беттерінде сол соғыстан үйіне оралмағандардың, оралса да, соңғы демі қалғанша соғыс жарасы кеудесіне із салған жандардың даусы естілгендей... Хаттар мазмұнын кейінгілерге жеткізуді мен аталар алдындағы перзенттік борышым деп санаймын. Бүгінгі бейбіт өмір кешкен жеткіншектер сол хаттардың жазылу тарихына мән беріп, үлгі алса, ол да бір ғанибет болар еді. Сұрапыл жылдардағы хаттарда жазылған қасиетті сөздерді жариялау арқылы қан майданда қар жамылып, мұз жастана жүріп, ерліктің сан үлгісін көрсете білген жерлестеріміздің Отанға, отбасына, бауырлары мен туыстарына деген адалдықтарын өскелең ұрпаққа үлгі ете алсақ екен. Майдан даласынан жазылған жауынгердің үшбұрышты хаттары құнды дерек болып, санамызда мәңгі сақталатынын барша адамзат түсіне білсе ғой... Хаттар. Майдан хаттары. Атамның хаттары. Отанын шексіз сүйген, сол үшін жанын қиған патриот жауынгердің, қазақ ұлының жүрек лүпілі, елге деген ыстық сағынышы. Жеңіс күні соғыстан оралмай қалған ерлеріміздің рухына бас иіп, арамызда жүрген соғыс ардагерлеріне құрметпен қарап, олардың қайсарлықтары мен ерліктеріне тағзым ететін күн емес пе?! Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ұлы Жеңіс – Қазақстан тарихының жарқын беттерінің бірі. Бұл – қан майданда от кешкен соғыс ардагерлері мен сол жылдарда «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін»деп, құлақтары жастыққа тимеген тыл ардагерлерінің мейрамы» деп атап өткен болатын. Табан ет, маңдай термен келген осы Ұлы Жеңіске үлес қосқан ардагер аталарымыздың қаһармандық рухы ұрпақтан - ұрпаққа өнеге болады деп санаймын.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: шығарма Ұлы мереке туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском, эссе сочинение про Улы мереке на казахском языке скачать день победы 9 мая, эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен, Ұлы мереке