Ұлы мереке

Бiздiң жүрегiмiз темiр емес. Бiрақ бiздiң кек отымыз қандай темiрдi болса да ерiтiп, күйдiрiп жiбере алады. Бiздiң үрейдi жеңетiн ең күштi қаруымыз бар,ол – Отанға деген сүйiспеншiлiк.
Бауыржан Момышұлы
Соғыс... Осы сөзді естігенде жан дүниемді қорқыныш сезімі билеп, жұдырықтай жүрегім кеудеме сыймай атқақтайды. Міне, соғыс дауылының бізден алыстап бара жатқанына да 71 жыл толмақшы. Әрине, ауызға айтуға оңай.... Бұл соғыс қаншама боздақтың жанын қиды, қаншама ананы жесір қалдырды, қаншама баланың ең бір қимас кезеңі балалық шағын ұрлады. Ұлы Отан соғысы...Бұл сол кездегі қайсар халқымыздың ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Иә, содан бері 71 жылға жуық уақыт өтсе де ешкім де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ.
Немене жетістің, бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр.
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнеки жағада тұр, - деп тебіренген Мұқағали мұңында жұмырбасты пенде үшін теңдессіз құндылық,ұрпақтар қимастығы мөлдіреп тұр. Аталарымыздың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, қасық қаны қалғанша беріспей, жаудың тауын шағып, өз туымызды тігіп, жеңістің таңбасын басқан күн- Жеңіс күні. Бқл күннің толғағы ащы болса да, болашақ ұрпақтары үшін қуаныш төгілген күн. Сондықтан бұл Ұлы мереке. Оққа ұшқан қарулас жолдастарының аманатын арқалап, аман оралған ардагер аталарымыздың өздері қорғап, терімен, қанымен сыйлаған Жеңіс күнін ұрпақтары ұмытпақ емес, тіпті оны тарихтың ақтаңдақ беттері де ұмытпайды. Ол- өмірдің заңы. Біз Ұлы Отан соғысындағы жеңіске ештеңеге теңеспейтін ғажап күшпен жеттік. ......
Шығармалар
Толық