Тәуелсіз елдің бейбіт ұрпағы

 Тәуелсіз елдің бейбіт ұрпағы

Құрмамбаев Санжар
9-сынып, Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия, Алматы қаласы
Жетекшісі: Хамиева Тамара Хабиболлақыз

...Жасқанып өскен, жаумен жағаласа алмайды... Жастарды біз ержүрек етіп тәрбиелеуге міндеттіміз» -деген Бауыржан Момышұлының өсиетті сөзін оқып, терең ойға көмілдім...
Қазақтың мақтанышына айналған хас батыр ғана осылай қасқайып тұрып айта алады. Бұл жай тілек емес, бұл – аманат , бұл – тағлым. Ерлік жасау үшін ержүрек қана болмай, елін, жерін сүйетін үлкен жүректі азамат болу керек. Батыр туған жерінің қасиетті топырағынан, суының тұнығынан, елінің парасаттылығынан жаралады екен. Сол бір зұлмат соғыс – Ұлы Отан соғысында аталарымыз Жеңіске жетті. Ұлы Жеңіске оларды жетелеген – жасқанбайтын өр мінездері, жауына бітіспес өшпенділігі. Ұлы Отанын қорғаған Кеңестер Одағының әр азаматы Жеңіс күнін жақындатып, қасық қаны қалғанша күресті. Сұрапыл соғыстағы Жеңіске биыл 70 жыл толады. Содан бері 70 рет жиде гүлдеп, 70 рет қайың бүр жарды...
Арысынан айрылған аналар, боздағынан айрылған сұлулар, әкесінен айырылған балалар сан мыңдаған рет терең күрсініп үнсіз көз жасын төкті...Иә, 70 жыл аз уақыт емес... 70 жылда үш ұрпақ дүниеге келіп, өсіпөнді. Бірақ соғыс салған жүректегі іздер әлі жазылған жоқ. Жазылмақ емес, өйткені адамзат тарихындағы бейбіт жатқан елге жасалған жауыздық, көзден аққан қанды жас, дүниеге келмей жатып жетім атанған баланың көз жасы ешқашан ұмытылмайды. Иә, «Ерлік ел жадында сақталады» дегендей, ұрпақтан-ұрпаққа олардың ерліктері жайлы естеліктер жазылып, тарихи бағалары берілді, әлі де берілері хақ. Өмір мен өлім арпалысқан сәтте елін қорғап қалған әр азамат – Батыр атағына лайық. 1939 жылы әскер қатарына алынып, сол жақтан Ұлы Отан соғысына аттанған, Белоруссиядан бастап Германияға дейін соғыс майданында болып, соғыстың талай арпалысты сәттерін көрген,сол жылдары Украинадағы ірі партизан қозғалысын басқарған белгілі командир Ковпактың партизандық отрядында болған, сан рет жараланып, еліне, Отанына деген батырлық әрекеттері үшін бірнеше рет ордендермен наградталған, тіпті соғыс аяқталғанда да еліне қайта алмай, 1945-1948 жылдары Украинада Бандера отрядымен күресіп, алғырлығы мен қайсар да табанды мінезінің арқасында Украинада колхоз бастығы болып , бейбіт елге қастандық жасаушылармен аяусыз күрескен ,соғыстан қираған шаруашылықты қалпына келтіруге үлкен үлесін қосқан атамды қалай Батыр демессің! Қазақ жерінен жырақта жүріп әрі соғыс аяқталған соң , еліне қайтпай осындай істі атқарудың өзі де –үлкен ерлік! Ал мұндай ерлікті тек Отанына адал,еш қиындықтан қорықпайтын отаншыл, ұлтжанды азаматтар ғана жасай алады. Бұл сұрапыл соғыста қаншама нәзік жанды апаларымыз майдан даласында жаралы жауынгер- лерді арқасына көтеріп, жарасын таңып,өмірлерін өлімнен арашалап алып қалды! Қаншама батыр қыздарымыз қолына қару алып қас жауымен ерлермен қатар күресті.Жаудан жасқанбастан, нәзік қолдарымен ауыр зеңбіректерді, пулеметтерді көтеріп жүріп күресудің өзі үлкен ерлік қой! Ал қаншама буыны қатпаған бала, арысын күткен аналар тылда бар ауыртпалықты мойындарына алып,еңбектің ерлігін көрсетті. «Бәрі де майдан үшін» деп ұрандатып, ерлердің жоқтығын білдірмей, егін егіп,масақ терді, станокта тұрып,оқ жасады...
Міне, осындай Ерлік көрсеткен апа – аталарынан тәрбие алған, Батылдық пен Батырлықтың үлгісін көрген жаңа заман ұрпағы - тәуелсіз елдің бейбіт ойлы ұрпағы ешқашан қолына қару алып,өзге елге қоқан- лоқы жасамайды,ешқашан біреудің көз жасын төкпейді! Әр заманның өзінің ерлері,батырлары болатыны рас. Соғыс тауқыметін көрген аталарымыз,әкелеріміз бізді шыдамды, мықты етіп өсірді.Жаңа заманның ұрпағы елінің нағыз барыс тұлғалы елге-дамыған елдермен терезесі тең елге айналуын қалайды. Елбасы бастап, таңдалалған жол-Нұрлы жолда ата ұрпағы- біздер алғырлықтың,өжеттіліктің үлгісін көрсетуіміз керек! Бауыржан ата айтқандай, жасқанбай , жаңа заман биіктерін бағындыруымыз керек! Бізге,жастарға сеніңіздер!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру