Соғыс...

 Соғыс...

Кичикова Дильназ
11 сынып №192 ЖББМ
Алматы қаласы
Жетекшісі Есеркемисова Гульнара Мукишевна

1941 жылдың 22 маусымы біздің Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Ұланбел ауылында көктемдегі қой қырқыны және қыстың уақытына шөп дайындап жатқан кез. Науқан уақыты. Бала-шаға, жас-кәрі демей қызу жұ- мыс уақыты еді. Түскі уақытта жай отындай соғыс деген сөз иен даланы шар- лап кетті. Сол кезден бастап-ақ үлкендер майданға кете бастады. Жасөспі- рімдер өз еркімен сұранып, Отан қорғауға аттанды. Барлық ауыртпалық кемпір-шал мен әйел-балалардың еншісіне тиді. Сол ауыртпалыққа қарамай, күні-түні тылдан майданға жеңісті жақындатуға көмек көрсетілді. Иә, соны- мен 4 жыл өткенде Жеңіс күні жетті-ау әйтеуір. Осы арада ауылға қаншама қара қағаздар келіп, ана жесір атанып, бала жетім атанып, ата-аналар бозда- ғынан айырылды. Сол соғыстан елге оралған ер жігіттер мүгедек, кемтарлы- ғына қарамай қаңырап қалған ел экономикасына үлес қосып, аянбай еңбек етті. Сол боздақтардан күні-кеше тойланған жеңістің 71 жылдық тойына ешқайсысы жете алмады. Бірақ «Ер есімі – ел есінде» дегендей, ауылда сол боздақтарға мәрмәр тастан ескерткіш қойылып, әрқайсысының есімдері алтын әріппен ойып жазылды. Әр жыл сайын жеңіс күнінде сол жерге гүл шоқтары қойылып, әртүрлі шаралар, әскери ойындар, сұрапыл соғыс туралы әндер шырқалады. Қаншама батырлар қанын төкті қас-қағында, Қаншама қиындықтар өтті бастарынан. Еліміз сол жағдайға қарамастан Тартып алды фашистерден жер мен көкті.
Сол кездегі Кеңестер Одағының, халқының ержүректілігі, олардың елге, жерге, Отанға деген сүйіспеншілігінің арқасы. Ұлы Отан соғысының 71 жыл- дық тойын Тәуелсіз Мемлекеттер және де жер шарының бейбітшілік сүйгіш халықтары тойлады.
Ұлы жеңіске 71 жыл толды бүгін,
Әрең жеттік жеңіске күн менен түн.
Мәншүк, Әлия, Бауыржандай қазақтың ұл-қыздары
Мәңгілік жадымызда сақталады. Осы ата-апаларымыз жан кешіп, қан төгіп, жер жүзін фашизм деген лағнет- тен құтқарып қалды. Бауыржан Момышұлы Қазақстанда құрылған атақты Панфиловшылар дивизиясының құрамында неміс басқыншыларын
Кеңестер Одағының астанасы Мәскеу қаласына жақындап қалған шағында, кескілес- кен ұрыста, фашистерге тойтарыс беріп, сол ұрыстағы көрсеткен көзсіз ерлігі үшін «Кеңестер Одағының батыры» деген атаққа ие болды. Жеңіс бізге оңай келген жоқ. Қаншама ата-апаларымыздың қаны мен тері бар, қаншамасы осы жеңіске жете алмай армандап кетті. Қаншамасына жалған жала жабылып, қыршынынан қиылды. Міне, сол атабабаларымыздың арқасында осы жеңіс- ке жетіп отырмыз.Сол жеңіске жетер жолда Ляззат Асанова,Қайрат Рысқұлов сияқты жас жалынды жастарымыз өмірмен қош айтысты. Олар жалған айып- тың жолында құрбан болды. Бірақ сол кезде келешек ұрпақтың болашағын ойлап, қарапайым қазақтың жанкешті тағдырын ойлап, жалған көз бояушы- лыққа қарсы тұрды. Жалған айыптаулар тағылып, соның құрбанына айналды. Міне, сол атабабаларымыздың арқасында осындай тәуелсіз бейбіт өмір сүру- деміз. Міне, осындай тар жол тайғақ кешуден өттік. Қаншама қиындықты ба- сымыздан өткіздік. Ата-бабаларымыздың арман-мақсатына бүгінде қол жет- кіздік. Бізге сол кезде үміт артқан еді, сол үмітін ақтадық. Нұрсұлтан Назарбаев ел басшымыздың арқасында 50 елдің қатарына кірдік. Семей по- лигонын жаптық. ТМД-ның құрамына, Бүкіл Дүниежүзілік Сауда Ұйымына, Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болдық.
Көк аспанда күлімдеген күн ыстық,
Отаным бар жер бетінде тым ыстық.
Ең бірінші байлығымыз азаттық
Ең бірінші мұратымыз тыныштық!
Қазақстан өркендей берсін! Мәңгі жасасын! Мен осындай еліммен, жерім- мен, Ел басымен мақтанамын. Барлық әлемге жар салып, қазақ елін барлық елге танытамын деп ойлаймын. «Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, жасай берсін елдігіміз мәңгілік» деген Ел басымыздың қорытынды сөзімен туынды шығармамды аяқтағым келеді.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру