Бабалар мекені
Тлеуханов Бекболат
8 сынып, Ы.Алтынсарин атындағы мектеп
Шет ауданы
Жетекшісі:Сагындыкова Г.А.
8 сынып, Ы.Алтынсарин атындағы мектеп
Шет ауданы
Жетекшісі:Сагындыкова Г.А.
Көгілдір кеңістік! Керемет ғажап дүние. Сиқырлы әлем! Самал желі сыбырлай ескен сырбаз дала! Ақ шаңқан қазбауыр бұлттар жүзген көк аспан! Бабаларымның шөгерген түйелеріндей мәңгілік ұйқыға кеткен өркеш-өркеш маңғаз таулар! Сылдырлай ағып, сыңғырлай күлген тұңғиық тұнығына ғасырлар сырын түйген күміс бұлақтар. Сымбатты қайық , құба тал, кәрі емендер осының бәрі жиылып келіп, менің көркем өлкемнің тірі картинасын құрайды.
Неге екенін кім білсін, бала кезден менің есімді, сәби санамды туған жерімнің, дархан даламның сұлулығы алатын. Осы өзімнің туған жеріме, Шет өңіріне кімдер келіп, кімдер кетпеді?! Небір жақсылар мен жайсаңдардың ізі калды. Қасиетті бабаларымыздың аты еш уақытта ұмытылмақ емес. Бүгінде туған өлкемде ата - бабаларымыздың атына көшелер беріліп, мешіт салынып, ескерткіштер орнаған. Күні бүгінге дейн ата сөзін жаттаған ақсақалдар осы өңірден шыққан батырлар мен би – шешендер туралы кезінде айтылған « Қара-шор Сеңкібай, Әлтекеде Жидебай, ТобықтыдаҚараменде Жарылғап» деген мәтелді көкірегі ояу жастарға жаттатып келеді. Осы тіркес тегін айтыла салмаған сияқты. Атақты Жидебай батыр 1731 жылы туған Дос батырдың немересі. Он жеті жасынан бастап Абылай ханның барлық жорықтарына қатысқан , хан қолының шолғыншы тобының басшысы, ту ұстаушысы болған. Әруағы түлкі екен деседі жұрт.
Жидекең сонымен қатар атақты домбырашы болған. Абылай қайтыс боларда шерткен « Қайран елім» деген күйінің шешуін айтып, ол күйді халыққа жеткізген. Батырдың мазары Ақсу-Аюлы ауылының терістік
жағында жиырма шақырым жерде орналасқан. Ел тұтқасы – әділ би,ел ырысы қайырымды бай демекші, заманда «Жақсы Жәкең» атанған Жанқұтты би қазақтың ұлттық кейпін, тәуелсіздігін сақтау үшін арпалысып, із қалдырған тұлғалардың бірі. Елді әпербақан, надан белсенді билеп кеткен заманда, ең әттеңі ол кісі туралы нақты дерек жиналмай қалған. Әйтсе де, Жақсы Жанқұтты бидің осы елдің тумасы екенін, аңызға айналған бабамыздың Ақсу-Аюлыда уық шаншып, шаңырақ көтеріп , осы жерде өмір сүріп, өз тұтастарымен бас қосқандығын кейінгі жас ұрпақ біліп өсіп келеді.
Халқын сүйген Жанқұтты би: «Бақыт-дәулет келерде ырыс қонады, ынтымағы елдің дұрыс болады»- деп, тек бірлік қана елге береке әкелерін өсиет қылған.
Жақсы Жәкеңнің шешендік сөздерін оқи отырып, ол кісінің от ауызды, орақ тілді шешен, қара қылды қақ жарған би екеніне көзім жетті. Шешенді «Жақсы Жәкең» атымен барша қазақ біледі. Өмір бойғы ізденіс Жанқұтты бойындағы Аллаға деген сенімге бастаған, табиғи тазалық, әділеттілікті бәрінен де жоғары ұстау- Жәкеңнің Алла алдындағы мәңгілік қарызын өтеуге талаптанғандығын байқататын тәрізді Өмірінің соңында Меккеге сапар шегуі, сол жерде қайтыс болуы-бәрі бәрі Алла адамды жер бетіндегі ең саналы тіршілік иесі еткендігінде, оған ақыл, ой сипаттарын дарытқанына ризашылығы деген Жәкеңнің өмірлік мұратының шырқау шыңы деп ойлаймын. Бүгінгі күні ауылымызда Жақсы Жәкең атында мешіт «мен мұндалап» көшенің қақ ортасында орналасқан. Қариялар, сонымен қатар жастар да имандылық жолына бет бұрған. Аппақ шатырдай кимешек киген әжелеріміз бен оюлы шапан киген ақсақалдарымыз мешітке қарай ағылып бара жатқанда қызыға қарайсың.
Өнерлі өрен, өскен өлке дегендей , туған жерімнен шыққан ақын-жазушыларды мақтанышпен айта аламын. Мысалы, атап айтар болсам, Қақпан ақын, Маясар ақын, Зейнолла Игілікұлы, Ермек Мұстафин, Күмісбек ақын, бүгінде ауылдың беделді де белді азаматтары Серғазы ақын, Кәмел Жүністегі, Зәрубай ақын, ТезекбайАмандықұлы, Қоңыр Шәтекұлы тағы басқалары.
Ауыз әдебиетінің дамуына өзіндік үлес қосқан, шындықты қуаттап, өмірдің әр қадамына қуаныш лебізін білдіріп келген халық ақыны Маясар Жапақов Бұхар жыраудың, Шортанбайдың, Біржан салдың, Әсеттің мұрасын молынан игерген. Ол өзіне от тілді Қақпан ақынды ұстаз тұтып, Шашубай ақынмен сан рет кездескен, Жамбылмен жүз көріскен ақын еді. Маясар ақын осы өңірдің Тағылы тауындағы Жоса бұлағында дүниеге келген. Балалық шағы, өмірі Шет өңірінде өткен.
Маясар Ұлы Отан соғысына үш бірдей баласын аттандырған. Олардың екеуінен қаралы хабар бір-ақ күнде жеткен. Қабырғасы қайысқан қарт ақын фашизмге өшпенділігін үдете түскен. «Біз жеңеміз» деген өлеңінде:
Шынжырлы иеттей жұлқынып,
Фашистер шапты халқыма.
Салтанатты елімді
Көндірем деп салтына
Ақ тілеулі адал ел
Қиыннан жол таппай ма,
Арам пиғыл сұм итті
Әділ ісім атпай ма,- деп жырлайды.
Маясар өз жанынан терме жырлар,нақыл сөздер, мақал-мәтелдер де шығарған ақын.
Амандықта қадір жоқ,
Алдырған соң білерсің.
Денсаулықта қадір жоқ,
Ауырғанда білерсің,- дейді қанатты сөзінде.
Маясар ақынның атына көше беріліп, қаз-қатар әдемі үйлер бой түзегелі де біршама уақыт болды.
Бабаларымызды мақтанышпен айта келіп, ойымды түйіндей келе, өнер иесі Зарубай ақынның мына өлең жолдарымен аяқтағым келеді.
Бақыт деген байлық емес ұғымым,
Жыр боп шашыл, күй боп төгіл ғұмырым.
Бұлағыңнан бастау алдым бұлқынып,
Қасиетті туған жерім-ғұмырым.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: шығарма Бабалар мекені туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение Бабалар мекені на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар жинағы жоспарымен, казакша эссе шыгарма жоспар, Бабалар мекені