Туған жер туралы шығарма


Алматы обылысы, Сарқан қаласы
№1 мектеп-гимназиясының
6 Б сынып оқушысы
Кривенцова Елизавета Владимировна
Жетекшесі: Дуйсенханова С.Б

  Туған жер - ол әрбір адамның кіндік қаны тамған қасиетті мекен. Оның күні де, тау-тасы да, сарқыраған өзені мен жайқалған көк майсасы, еркелей ескен желі, шырқыраған жан-жануары, шырылдаған кұстары, бәрі де жаныңа ерекше ыстық, ерекше жақын. ”Отаным” деген жас жүрегімнен шыққан асыл сөзді мақтанышпен, асқақтықпен айта аламын. Туған жердің қадірін әр адам әрқалай түсінетін шығар. Ал мен үшін туған жер қадірі дүниедегі ең ұлы деген нәрсемен пара-пар. Себебі, ол - менің әлпештеген анам, аялап өсірген әкем, туған туысым, аға-әпкелерім, мені білім жолына жетелеген ұстаздарым, сол білімге ұмтылу жолындағы тайқұландай тебіскен жора-жолдастарым дүниеге келген жер. Жас әрі жасампаз қазақ елінің менің Отаным болғанына қуанамын. Ұлан-ғайыр атырапқа созылған қазақ жері маған рух пен күш беріп тұратындай. Елімнің әсемдікке толы табиғаты мен ата-бабамыз қалдырған мол мұрамыз әлі күнге дейін өз құндылығын жоғалтпаған.

Біз, бүгінгі ұрпақ, Отанға деген сүйікпеншілікті, шыншылдықты, шыдамдылықты, қайсарлық пен табандылықты,т ілін, дінін сүюді сол алдыңғы талқын-аға буынның қаһарман тұлғасына қарап үйренеміз.  


Қажетті сілтемелер:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу