Менің туған жерім
Павлодар облысы Лебяжі ауданы Әйтей ауылы
Ленин жалпы негізгі білім беру мектебінің
2-сынып оқушысы Кадырханов Досым
Жетекшісі: Аубашева Баян Егеуовна

Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
Менің туған жерім Әйтей батыр ауылы. Туған жерімнің табиғаты өте сұлу.
Менің ауылым өте жақсы, батысында қалың тоғай, шығысында кең жазық дала. Ағып жатқан Ертіс өзені бар. Тоғайда бүлдірген мен қарақат өседі. Былтыр соңғы қоңырау мерекесінен кейін сыныбымызбен жиналып табиғатқа саяхатқа шықтық. Табиғат аясында мұғалім бізбен әртүрлі ойындар, жарыстар өткізді. Қыздар бақбақтың сары гүлінен бастарына гүлкесте жасады.
Жаз айында Ертіс өзеніне шомылып, бүлдірген, қарақат теріп үйге қайтамыз. Мен достарыммен өзекке балық аулауға бардым. Былтыр Ертіс өзені қатты тасып шалғындықты су басып кетті. Біз оған қуандық. Егер су мол келсе, өзектерде балық көп болады. Сөйтіп былтыр балықты көп ауладық. Күз кезінде біз тоғайдан итмұрын теруге барамыз. Итмұрынның адам денсаулығына пайдасы мол. Тоғайға барғанда әртүрлі құстардың дауыстарын естідік, бірақ құстардың түрлерін ажырата алмадық. Біз тоқылдақты көрдік. Ол ағаштың дініне жабысып, ағашты тоқылдатып тұрды.
Бізде қыс айы өте қатты болады. Бораны мен аязы бірге жүреді. Қалың қар түседі. Ойдың астына барып шанамен сырғанақ тебеміз. Беті-қолымыз суықтан домбығып, тоңғаннан кейін үйге қайтамыз. Мен туған жерімнің табиғатына сүйсіне отырып, жылдың қай мезгілі болсын қуанышпен қарсы аламын. Менің туған жерімнің табиғаты осындай.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: шығарма Менің туған жерім туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение Менің туған жерім на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар жинағы жоспарымен, казакша эссе Менің туған жерім шыгарма жоспар, Менің туған жерім