Ақылың мен қайратын екі жақтап
Нұрпейісова Ақжүніс
10 сынып, Қобда гимназия
Қобда ауданы, Бегалы ауылы
10 сынып, Қобда гимназия
Қобда ауданы, Бегалы ауылы
Әрбір елдің өткен-кеткенін саралап баға беретін тарихы болады.Қазақ тарихы да сан мыңдаған ғасырлардан тұрады.Оның әрбір жылы азаттықты аңсаған,күреске толы. Егер де арғы тарихымызға тоқталсақ төрт мың,бес мың жыл тереңге кетер едік.Ал мен, бергі тарихымыздан сыр шертсем деймін.Қазақ елі болып таныла бастауы 1456 жылы Керей мен Жәнібек хандардың “Қазақ хандығын” құруымен байланысты. Қазақтардың жоңғар шапқыншылығына,ұлт-азаттық көтеріліс және екінші дүниежүзілік соғыс кезеңдерін бастан кешірді.Содан кейін ғана 1991 жылы Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін өз салт-дәстүрін,мәдениетін,тілін.дінін дамытты. Қазіргі таңда президентіміздің салиқалы саясаты арқасында қазақ елін бүкіл әлем таниды..Бұның барлығы сан ғасырлардан бергі тарихымыздың жемісі болып табылады.
Патриотизм-отанға деген сүйіспеншілік. Отанға деген махаббат-әрбір жалындаған жастың халыққа адал қызметі деп ойлаймын. Мен өзімнің патриоттық сезімімді еліме адал қызмет атқару деп білемін. Себебі мен Қазақстанды шексіз сүйемін. Осы қазақстанның бір бөлшегіне кірпіш болып қалансам арманым жоқі. Патриоттық тәрбие,әрине,отбасынан басталады. Менің ата-анамда кішкене күнімнен тәуелсіздікке қалай қол жеткізгенімізді, білектің күшімен ,найзаның ұшымен ата-бабаларымыз жерімізді қорғағанын жиі айтады және біз осы тәуелсіздігімізді қадірін түсінсе екен- дейді. Патриоттық тәрбие, ұлттық намыс,ұлттық сана-сезім рухани байлықтан көрініс табады. Олай болса, рухани байлыққа, ең алдымен тілімізді, дінімізді, салт-дәстүрімізді жатқызсақ, тіл-қазақ болуымыз үшін, дін-адам болуымыз үшін, салт-дәстүр – ұлт болуымыз үшін қажет. Патриотизм сезімінің оянуы мен қалыптасуы белгілі асқақ сезімдерден,мақтаныш-сүйеніштен бөле-жара қарауға болмайды. Ол елінің өткен тарихын мақтаныш тұту,жерінің байлығына,әсем табиғатына сүйсіну,атадан балаға жалғасып, жақсы үрдісін
тапқан. Осы сезімдерден туатын, санада орнығып қалыптасатын асыл
қасиетттер ұлттық патриотизм деңгейінде өркен жайып, азаматтық
патриотизм биігіне ұласатын сыңайлы.Әрине, бұл өздігінен бола салатын нәрсе емес, ол да нақты тәрбиенің жемісі.
Қазақ – көне дәуірден бастау алатын күрделі де бай тарихы, сан қырлы мәдениеті, өзіндік игі ғұрып – дәстүрі бар, этнографиялық ахуалы әр қилы, пейілі өзінің байтақ даласындай кең де қонақжай халық. Халқымыздың бітім болмысын зерттеген этнограф ғалымдардың атап өткеніндей, қазақ – жайшылықта тәубешіл, жаугершілікте тәуекелшіл, зерделі де ойшыл, сабырлы да төзімді, шыдамды да жомарт, елгезек те еліктегіш, кеңпейіл де кішіпейіл, ерегескенмен ерегесетін, доспен дос бола алатын, әділдікті бағалай білетін халық . Біздің халқымыздың салт-дәстүрлері өзінше ерекше тыңдар құлаққа, көрер көзге, сезінер жүрекке танымал болып келеді. Мен өз елімнің әдет-ғұрпы, салт-дәстүрімен мақтанамын.
Мен сіздерге “үме” немесе “асар” деген ұмытылып бара жатқан салт дәстүр туралы айтайын. Бұл салт бұрындары қиын шаруаларды күшпен жасалатындықтан жәрдем ретінде ойлап тапқан.Яғни қой тоғыту, қой қырқу, жүн сабап, киіз басу, үй көтеру, жылқы күзеп, тай таңбалау, бие байлау, соғым сою, егін ору, шөп шабу және жинау, үй – жай, той жасау, ас беру, деген сияқты істерде ауылдастар мен руластар жабыла жұмылып, көмек береді.Көмек берген адамдарға үй иесі арнайы қонақ қылады.Бұл үшін көмектескен адам ешқандай ақы алмайды.”Жұмыла көтерген, жүк жеңіл” деген осыдан қалса керек.Мен бұл салт туралы әжемнен естігенмін.Қазіргі таңда бұл салт тек ауылдық жерлерде қолданылады.Көбінесе соғым сойғанда немесе қонақ шақырып,той болғанда ғана қолданады.Қазіргі кезде неге “асар” салтын қолданысқа енгізбеске? Менің ұсынысым осы салт адамдармен,туыс-туғандармен ара-қатынасын үзбеуге, көмек көрсетуге дәріптейді.Екіншіден ,адамдардың физикалық тұрғыдан шымыр болуға үйретеді.Себебі,қазір барлық жұмысты техника алмастырған . Кең – байтақ атамекеннің әрбір қарыс сүйемін сан ғасыр бойы ата – бабамыз сыртқы жаудан сом білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қан төгісіп , жан берісіп қорғап, ұлтжандылық, отансүйгіштік рухын бойға сіңіруді келер ұрпаққа аманаттаған. Алайда тіршілік тезінен өткен, жастарды ұлттық үрдіске тәрбиелеуде маңызы бар көптеген дәстүрімізден де жазып қалғанымыз белгілі. Өмірдегі бар сүреңсіздік, адам бойына көлеңке түсіретін бүкіл жаманшылық атаулы ата салтына, елдік дәстүріне солқылдақтықтан екені белгілі болып отыр. Ұлттық тәрбиеден қағажу қалып бара жатқан жастардың отаншылдық сезіміне де кесірі тиетінін өмір дәлелдеп береді. «Ата салтың – халықтық қалпың» дегендей, өз жұртының қадір – қасиетінен мәлімет беретін ғұрып қасиетпен, оған мейлінше құрметпен қарау – ұлтымызға, елдігімізге сын.
Менің алға қойған мақсатымның бірі-осы салт-дәстүрімізді келешек ұрпаққа дәріптеп,атадан-балаға мұра етіп қалдыру.
Біздің ұлан-ғайыр мемлекетіміз бар. Соның қадірін білейік дегім келеді. Тілімізді,дінімізді,мәдениетімізді дамытып ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдырайық. Мен қазақ елінің дамуы үшін,болашақ журналист ретінде өз ақылымды, күш-жігерімді білімге жұмсаймын. Қазақ елі –мәңгілік тарихта алтын әріппен қаларына мен кәміл сенімдімін.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: тарих туралы шығарма, тарих туралы шыгарма, патриот туралы шығарма, патриот туралы шығармалар, патриот туралы шыгарма, патриот туралы шыгармалар, салт дәстүр шығарма, салт дастур шыгарма, салт дастур туралы шыгарма, салт дәстүр туралы шығарма, тәуелсіздік шығарма, тәуелсіздік туралы шығарма, история казахстана на казахском языке, традиции казахстана на казахском, патриот сочинение на казахском