Мен елімді сүйемін!


Тайлақ ұлы Темірлан.
3 сынып, Благодат орта мектебі
Ерейментау ауданы


Мен елімнің-патриотымын!
Патриотизм дегеніміз – Отанға деген сүйіспеншілік. Жеке адамның аман саулығының қоғамдық - мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну. Ол мемлекетті нығайту дегеніміз – жеке адамды күшейту екенін мойындау. Қысқасын айтқанда, патриотизм - мемлекет деген ұғымды жеке адаммен, яғни оның өткенімен және болашағымен қарым-қатынасты білдіреді.
Қазақстан Республикасын, оның мемлекеттік рәмізді-Туын, Елтаңбасын, Гимнін қастерлеуге тиісті. Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты Отанымыздың арқа сүйер азаматы болу керек! Сонда ғана өз Отанымызды қорғай аламыз.
Біз - қазақ ұлтының париоттары , өзіміздің ұлтымыздың болашағы үшін күресуге дайын екенімізді басқаларға мақтана айтуға тиіспіз. Бұл күресте біз аса білімді және жылдам болуға міндеттіміз. Ол үшін бізге берік денсаулық керек. Берік денсаулыққа жету үшін жат қылықтардан, өрескел әдеттерден алыс жүруге тиіспіз.
Әркімнің, өзінің ата-анасын, бауырын, қарындасын , туып өскен жерін, ана тілін, дінін жақсы көргені үшін айыпты бола алмайды. Барлық қазақстандықтар мемлекеттік тілді білуге және оның дамуына үлес қосуы керек. Қазақ ұлты, басқа ұлттардың тілін, дінін, мәдениетін, дәстүрін құрметтейді және оны дамытуларына қарсы болмайды. Үлкен шаңырақтың ең басты құндылығы – тәуелсіздік.
Еліміз тәуелсіздікке бейбіт түрде қол жеткізді және әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қосылды. Тәуелсіздік – біздің бас ұранымыз, көгілдір туымыз, болашақ бағымыз, нұрлы таңымыз!
Еліміз аман, заманымыз тыныш болсын!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу

Ілмектер: елім, ел, мен, шығарма, эссе