Ә.Кекілбаевтің «Құс қанаты» шығармасындағы әйелдер бейнесі


Зерттеудің мақсаты: қазақ әдебиетінің іргелі суреткері, белді өкілдерінің бірі Әбіш Кекілбаевтың шығармаларында әйел образын зерделей түсу, көпшілікке таныстыру.

Міндеттері:
- Ә.Кекілбаевтың еңбектеріне шолу жасау;
- «Құс қанаты» повесіндегі әйел образына үңілу;
- Кейіпкер Айсауленің өмірін зерттеу.

Өзектілігі: Әбіш Кекілбаев «Құс қанаты» ғұмырнамалық повесінде өз анасы Айсәуленің бейнесін сомдайды. Ана махаббаты сезімін ұғындыру, ана мен бала арасындағы байланысты қалыптастыру; өз жақын-туыстарымен жақсы қарым-қатынаста болу.

Болжам: Қазіргі қоғамда үлкен мәселелердің бірі – бала тастау мәселесін шешу жолдарын қарастыруға себепші болу. Осы жоба арқылы бала өміріндегі ананың рөлін анықтау.

Ғылымилығы: Басты кейіпкердің Айсауленің тағдырына тиген ауыр соққы кезеңіндегі дұрыс қабылдаған шешімін қарастыру, қиындықтан шығу, адам өмірінде және қоғамда әйелдердің орнын анықтау.

Нәтиже: Айсауле бейнесі негізінде қыз балаға ананың рөлін түсіндіру, әкесіз қалған баланың өмірінде ананың рөлін анықтау.

Зерттеу географиясы: кітапхана, ғаламтор
Зерттеудің әдістері: салыстыру, жинақтау, насихаттау.
Зерттеудің құрылымы: Кіріспе, негізгі болім, қорытындысы, ұсыныс.

Мазмұны

1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
- Ә.Кекілбаевтің өмірбаянына үңілу
- «Құс қанаты» повесіндегі әйелдер бейнесі анықтау
3. Қорытынды


Қазақ халқының кемеңгер жазушысы, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлы 1939 жылы 6 желтоқсан күні Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы (бұрынғы Гурьев облысы), Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде туған. Арғы атасы Жанайұлы Қожаназар қазақтар көшін Маңғыстауға бастап келген. Белгілі, білікті, беделді, дәулетті адам болған.
Ата шаңырағын ұстап қалған ұрпағы Жаманқұл немересі Кекілбайды үйлендірген соң, 1924 жылы Оңдыда қайтыс болған. 1928-31 жылдары асыра сілтеу, тәркілеу кезінде Кекілбай ата мекеннен баз кешіп Түркменстанның Красноводск портында жүкші, Бекдаш химия кәсіпорнында біраз жыл жұмысшы болып істеп, елге 1937 жылы Баку мен Макачкала арқылы оралған соң Оңдыдағы колхозда колхозшы, Таушық кенішінде шахтер болды. 1942 жылы соғысқа алынып, майданда 3 рет жараланып, Сталинград маңында қайтыс болады. Әбіш Кекілбайұлының анасы Айсәуле Жұмабайқызы дәулетті, ел ішінде аты шыққан бидің отбасында дүниеге келіп, тәрбиеленген. 1936 жылы әуелі Оңдыда колхозшы, Таушықта 1942-45 жылдар аралығында стахановшы шахтер, 1945-62 жылдары «Екпінді» колхозында жұмыс істеді. Әбіш Кекілбайұлы 1957 жылы Таушықтағы мектептің 1 сыныбына барып, 1948-1954 жылдары Оңды орталау, ал 1956-57 жылдары Үштағандағы орта мектепте оқиды. Әдебиетке құмарлығы мектеп қабырғасында басталады. 1957 жылы 5 мамыр «Лениншіл Жастың» белсенді ауылдық тілшісі ретінде Қазақстан Комсомолы Орталық Комитетінің мақтау қағазымен марапатталады. 1957 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің филология факультетіне түседі. Университетте әдебиет бірлестігін басқарып, жас талаптар шоғырын жарыққа шығарады. Соңғы курста оқып жүріп, «Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет атқарады. Мұнда ол сыншылық қабілетімен көзге түседі. «Қазақ әдебиетінен» кейін 1962-65 жылдар аралығында «Лениншіл Жас» газетінде бөлім меңгерушісі болып істеді. 1965-68 жылдары ҚазССР Мәдениет министрлігінде, 1968-70 жылдары Кеңес армиясының қатарында, 1970-75 жылдары «Қазақфильм» студиясында бас редактор, 1975-84 жылдары Қазақстан КП ОК мәдениет бөлімінде нұсқаушы, сектор меңгерушісі, 1984-86 жылдары ҚазССР Мәдениет министрінің орынбасары, 1986-88 жылдары Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының 2-ші хатшысы, 1989-90 жылдары ҚазССР тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамы Орталық кеңесінің төралқа төрағасы. 1990 жылы Қазақстан КП ОК бөлім меңгерушісі. 1991 жылы Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Мәдениет, тіл және ұлтаралық қатынастарды дамыту жөніндегі комитеттің төрағасы, 1992-93 жылдары «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы, 1993-95 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі. 1994-95 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы, 1996-2002 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып істеді. 2002 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты. Әбіш Кекілбайұлы Қазақстан Жоғарғы Кеңесіне екі рет, Мәжілісіне бір рет баламалы негізде депутат болып сайланады. Әбіш Кекілбайұлының алғашқы өлеңдер жинағы «Алтын шуақ» 1962 жылы, «Бір шөкім бұлт» 1965 жылы жарық көрді. Ауыл өмірінен жазылған повесть, әңгімелер жинағы «Дала балладалары» - Әбіш Кекілбайұлының кең тынысты эпик, суреткерлік болашағын танытады. 1974 жылы «Дәуірмен бетпе-бет» сын мақалалар жинағы, «Бір уыс топырақ», 1979 жылы «Тырау тырау тырналар», Маңғыстау түбегінің өткені, бүгіні, болашағы туралы «Ұйқыдағы арудың оянуы» тарихи танымдық баян, 1982 жылы «Шыңырау» повестер жинағы, 1992-93 жылдары Таңдамалы екі томдық, 1995 жылы «Заманмен сұхбат» 1998 жылы «Азаттықтың ақ таңы», публицистикалық мақалалары, толғамдары, 1999 жылы 12 томдық шығармалар жинағы жарыққа шықты. Әбіш Кекілбайұлының «Үркер» (1981), «Елең-алаң» (1984) романдары қазақ әдебиетінің үлкен табысы ретінде бағаланып, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығын алды. 2001 жылы шыққан «Талайғы Тараз», 2002 жылы шыққан «Шандоз» тарихи тақырыпты ғылыми дәйекпен, дерекпен түсінікті ұғымды етіп жеткізудің жаңа бағыт-бағдарын белгілеп берді. 2009 жылы «Сыр десте» деп аталатын автордың көп жылдық ой-толғаулары, эссе, естелік, сөйлеген сөздерінің 5 томдық жинағы жарыққа шықты. Әбіш Кекілбайұлының көптеген шығармалары ТМД халықтары мен шетел тілдеріне аударылған. Ол ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының 1986, Қазақстан Республикасы Президентінің бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының 1995, «Отан» орденімен 1999, Түркі елдері қауымдастығының шешімімен «Түркі дүниесіне сіңірген еңбегі үшін сыйлығын» алады. 2003 жылы «Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен марапатталды.
Әбіш Кекілбайұлы 2015 жылы 11 желтоқсанда Астана қаласында дүниеден өтті.

Негізгі бөлімі:

«Әбіш Кекілбаев – заманымыздың бір заңғар тұлғасы. Кекілбаев туралы сөз айту кімге болса да, оңайға түсе қоймас»,-деп Қуаныш Сұлтанов «Кекілбаев кеңістігі» атты мақаласында айтып өткендей, Әбіш жайында сөз қозғау, оның шығармашылығын зерттеу, оған үңілу көп еңбек пен ізденісті талап ететін дүние. Бүгін біз де Әбіш атамыздың кейбір шығармаларына үңіліп, зерттеп көрейік деп шешімге келдік.
Жазушыны туындыларында жаңа замандағы әйел – аналар бейнесін жасайды.
Әбіш - адам жанының шындығын танудың алуан түрлі тәсілін шеберлікпен игерген жазушы. Ә. Кекілбаев кейіпкерлері қарапайым адамдар болғанымен, олардың өзіне тән өмірі, тағдыры, мінез-құлқы бар. Жазушы олардың жан дүниесінің тереңіне барады. Кейіпкерінің жеке басындағы түрлі сезім иірімін сипаттай отырып, олардың іс-әрекетіне баға береді. Жазушы кейіпкерінің ішкі толғанысын, жан күйзелісін, жүрек тебіренісін қара сөз құдіреті арқылы толғап жеткізеді.
Әбіш Кекілбаев «Құс қанаты» повесінде өз анасы Айсәуленің бейнесін сомдайды. «Ай-бала» образында ол аштық – тоқтық, қиын-қыстау тірлік кешеді.
«Ай – ана» образы қиындыққа толы өмір сүреді. Күйеуі өліп, жесір қалады, алдына кездескен ауыр қасіретті ерлікпен қарсы алады. Ана еңбекқор болатын. Киіз басатын, көрпе қарпитын, арқан ширататын, үй жығып, үй тігетін шаруалар шыққанда ауыл үйдегі келін біткен «жеңешелеп» бұған жүгіретін еді-ау. Нәрестені бесікке саларда, жаңа туған ботаның аузын үрерде, қозысы алмаған қара бауыр саулықты иітерде әйел біткен бұны іздеп шыға келер еді. Бұл жазған да бұлдану, бас тарту дегенді білмес еді. Ауыл тұрмысында бұның қолынан келмейтін жалғыз нәрсе - өсек айту. Айтатынын бір-ақ айтып қарап отырады. Абысын-ажыны мақтайын десе,не тауып айтатындарын өздері біледі, ал жамандайын дегенде, бар тауып айтатындары:- «Бетің бар, жүзің барды білмейтін сол бейбақты қойшы». Осы жолдардан –ақ ананың артық сөзі жоқ адам екенін көреміз.
Қиындық нәтижесінде өзінің бақытты болғанын түсінеді. Атасына түсінде атқан ойында: «Адам басындағы бақыт деген не? Қатын байғұс қай кезде басындағы бақытын бағалай білген. Қойнымда – күйеуім, бауырымда –ұл-қызым, төбемде –қара шаңырғым, қазаным-булы, жөргегіміз –сулы, азғантай нәпақамның (запасы) иісін шығарып, бас аман отырғанда неге ғана жоқтан өзгеге ренжіп, неге сонша тұлан тұттым екен деп өкінем». (30б.)
«Ай – ана» жесірліктің тауқыметін тартқан қайсар ана жалғыз ұлын өзі өсіреді. Колхоздың қым-қуыт тірлігімен жүріп, баласын оқытты. Ұлын аман – есен адам қатарына қосуды өз аналық мұраты деп біледі. Баласы да ақылды болып өсті. Өң десе өңі де ешкімнен кем емес сияқты. Ай маңдай, бұйра шаш, қоңқақ мұрын, ат жақты ашаң жігіт... Суретші болатын. Ана баласының қызмет бабымен Алматыға көшіп келді. Бірақ қала тірлігіне үйренісіп кете алмайды. Алматы-білім мен ғылымның ордасы еді. Мұнда білім іздеп келген жастар көп болатын. Қала жастары білімге құштар, әр салада жұмыс жасайды, ұйымшыл. Ал ана болса, жатса да, тұрса да ауылдағы көрші қызды ойлап, есінен шығара алмайды. «Балам үйленсе» деген арманы бір күні орындалады. Ұлы қыз әкеледі. Қарша қыз, жымиып төмен қарайды, қолында жылтырақ сөмкесі бар қыз дік-дік етіп табалдырықтан аттады. Анасы той жасады.
«Содан бұл жататын кең бөлменің еденіне жеткенінше шүберек пен клеенка, жетпеген жеріне газет төселіп, көлдей дастарқан жайылды. Қақ төрге қақырайып бұл отырды. Жігіттерге еріп келген екі-үш келіншек бұны бүгін өз қазанының маңына жуытар емес. Ал, әлгі кетік қара білекті сыбанып тастап, аузы жалпылдап көк кастрюльге ас салып жүр. Біреуі ыдыс-аяқ жуып жатыр, біреуі шұжық турап жатыр, біреуі рюмка сүртіп жатыр. Әйтеуір, шүрменнің баласындай жабылған да кеткен. Бұл да түс көргендей айран-асыр». (39б.)
«Айсауле –әже» баласының бақытты болғанын қалайды, немере күтеді. Жаңа түскен жас келіні де әдепті, сызылып тұрады. Тек келіні енесімен сөйлеспейді. Келіннің қабағы түсіп отырса «Сен бірдеңе дедің бе? – деп сұрайды. Осындай жағдайда түнімен көз ілмей, бақырайып жатады. Бір уақытта барып бұрлығып ұйықтап кетеді. Кейін түс көріп қайта оянып, мазасыданып ойға батады. «Қой, бұдан былай жалғызымның жабырқау жанын одан бетер қинамайын. Мен түйіліп отырғанда, ол сорлының өңешінен дұрыстап тамақ та өтеді дейсің бе? Үстіме үлкен тау құласа да, қабағымды шытпайын...» - деп бекінеді. Ас үйдегі шаруаға араласып, жеңсік ас дайындайды. Үйге де береке кіріп,бала да, келін де ананың аялы алақанының жылуын қайта сезінгендей болады. Табиғат та оянып, күні ертең-ақ көктем шығады . Ал бұл көктем-ана арманы орындалған шақ болатын.(59б.)
«Құс қанаты» - ғұмырнамалық повесі. Мұнда «Әбіштің анасы», «Айсәуле әже», «Ел анасы», «Кекілбайдың Айсәулесі» болып дәріптелген Айсәуле ана – қарапайым ғана көргені мен түйгені мол қазақ әйелі.


Қорытынды:
Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол — бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз — ата-ана. Ал Айсауле тағдырына ауыр жүк түсті, әкесі болмаса да ұл-қызға тәрбиені өзі берді, өзі еңбек теір білім берді, аяққа тұрғызды. Әйел ерекше жан, қандай қиындық бола да алдына қоятын мақсат –бала бақыты, сол мақсатқа жетпей қоймайды. Оның бақыты үшін қалаға да көшіп кетті. Шаһар тұрмымына бірден үйреніп кете қоймайды. Бірақ, Ана қалаға келгелі тыныш өмірге әбден үйренген. Келін түсіріп, бала – келінінің жұмыстан келуін күтіп, уақытын өткізіп жатады.
Қорыта келгенде, Ә.Кекілбаевтың «Құс қанаты» повесі – Ұлы Отан соғысы кезінде Жеңіс үшін аянбай еңбек етіп, жастық шағын , күш-жігерін ұрпағының тәрбиесіне арнаған аяулы аналарға арналған ескерткіш. Қазақ әйелдерінің адалдығы, баласына деген шексіз махаббаты, тектілігі бізге үлгі. Ана –қай кезде де баласының бақыты үшін небір қиындықты жеңе алатын құдірет. Ана –отбасының ұйтқысы, қоғамның тірегі. Баланың жеткен жетістігі ананың тәрбиесіне байланысты. Сондықтан бұл шығарманың бүгінгі заман оқырманы үшін де маңызы зор деп сенеміз.



Ана

Кеудеңде мені тербеттің,
Жас шыбық енді көктеді.
Мінеки мен де ер жеттім,
Еңбегің бекер кетпеді.
Өмірде мынау ең жақын,
Аяулым сенсің, анашым!
Болмаса мейлі зор даңқың,
Мен үшін бірақ данасың.
Мейірім төккен нұр жүзің
Тұрғандай сезем жанымда.
“Адал бол, - деуші ең, - жұлдызым”
Сақталды сөзің жадымда.
“Игі еңбек түбі осы-ау” дер
Көргендер жеміс ағашын.
Қартаймай, мәңгі жасай бер,
Мәңгілік Күндей, анашым!
Ф.Оңғарсынова


Пайдаланылған әдебиет:
1. Ғаламтор
2. Ә.Кекілбайұлы. Құсқанаты кітабы, Алматы: «Өлке» баспасы, 2018ж.
3. Ә. Кекілбайұлы. Он екі томдық шығармалар жинағы 1 том Алматы: «Өлке» баспасы, 1999ж.

Автор - Орындаған: 10 «А» сынып оқушысы
Кардашова Тамирис Жетекші:
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дарисова Айнагуль Амангельдиевна
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. Ап
    Ап 07.12.2020 06:58
    1 + 0 -
    Мықты ?