Әдебиет | Поэзиядағы табиғат бейнесі

 Әдебиет | Поэзиядағы табиғат бейнесі

КІРІСПЕ
ТАҚЫРЫПТЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ. Поэзия әдебиеттің ертеде қалыптасқан көне саласы. Қазақ әдебиетінде табиғатты жырлау ауыз әдебиетінен бастау алатындығы белгілі. Төл арнада тамыр алған табиғатты бейнелеулер өзінің даму барысында жеке "Табиғат лирикасы" деп аталарлық күйге жетті."Поэзия - сөз өнері, көркемдік шеберліктің теңдесі жоқ озық үлгісі. Оның үстіне поэзияның аса маңызды әлеуметтік, қоғамдық құбылыстарды бейнелеп көрсете алатын зор мүмкіншілігі бар"[1, 3]- дейді З. Ахметов.

Ал, поэзиядағы табиғат бейнесі - бізді қоршаған ортадағы, тылсым дүниелердің, ағаштардың, аспан әлеміндегі жарық жұлдыздар мен айдың, күннің, сонымен қатар жыл мезгілдерінің, табиғаттың тылсым сырларын көркем сөзбен, астарлы мағынада, тікелей мағынада, символды түрде берілуі деп түсінеміз.
Поэзия деген сөздің өлең, жыр деген мағынасынан басқа, ретіне қарай көркемдік, әсемдік деген мағынаны да беретіні тегін емес. Поэзия нәзік, терең сезімнен туады. Ол көңілдің толқынын, жүректің лүпілін білдіреді.

Зерттеудің мақсаты мен міндеті. Ғылыми жұмыстың мақсаты - ХХ ғасырдың басындағы белгілі қазақ ақындарының табиғатты жырлаудағы өзіндік қолтаңбасын, лирикалық кейіпкер ерекшелігін, тілінің бейнелілігі арқылы жалпы қазақ әдебиетіндегі табиғат лирикасының алатын орнын, даму бағытын айқындау. Осы мақсатқа жету үшін мынадай мақсаттар алға қойылды:
1. Тарау "Поэзияда табиғаттың бейнелену тәсілдері ( Абайдың поэзиясындағы табиғат көріністері жайында және табиғатты жырлаудағы дәстүр жалғасы және жаңашылдық "

2. Тарау "Табиғат лирикасының көркемдік арналары (Символистік поэзиядағы табиғат суреті және белгілі бір табиғат құбылысының символдық мағынада қолданылуы)"
Зерттеу нысаны. Зерттеу жұмысына Абай, Мағжан, Сәкен, поэзиясы алынды.
Зерттеудің теориялық - әдіснамалық негіздері. Зерттеудің теориялық - әдіснамалық негіздеріне әдебиеттану ғылымының көрнекті өкілдерінің зерттеу еңбектері тақырыпты зерттеудің көзіне айналды. Оған З. Ахметовтың "Поэзия шыңы - даналық" еңбегін негізге алдық. Осы аталған ақындардың поэзиясындағы табиғат көріністерін және олардың көркемдік қызметін

айқындау үшін қазақ әдебиеттануындағы теориялық еңбектер, монографиялық зерттеулер басшылыққа алынды. Зерттеудің әдістері. Тақырыпты зерттеу барысында салыстырмалы талдау, жүйелеу, тұжырым жасау әдіс - тәсілдері қолданылды. Ғылыми жұмыстың құрылымы кіріспеден, негізгі 2 тарау және қорытындыдан тұрады.

I ТАРАУ
ПОЭЗИЯДА ТАБИҒАТТЫҢ БЕЙНЕЛЕНУ ТӘСІЛДЕРІ
1. 1 Абайдың табиғатты суреттеу тәсілдері
"Поэзия - болмыстың берекесі мен мерекесі, күтпеген сәтімізде сирек соғар өмірдің рақаты, поэзия - үміт сезімі, жүрек өрімі, ашынған құмарлық сезімнің бораны мен толқыны, шексіз махаббат, тәтті қамығу, ләззат таба егілу, көз жасына көмілу, шегі жоққа тарыса да ынтық ата ұмтылуы, өмір бақи айнымас, еш мезгілде тояттамас құмарлық, барлығын да құшағыма алсам деу, барлығына біріксем, біте қайнассам деу, ол жүрегімізді бүкіл әлем ырғағымен бірге соқтырар пафос. Бүкіл әлем, гүлдер, бояулар, дыбыстар бар жаратылыс, барлық өмір - поэзия дүниесі. Осы құбылыстарға құпия қуат, оларға тіршілік, ойнақы өмір беретін сырлар поэзияның тетігі мен жаны. Поэзия - әлемдік өмірдің қан тамырының соғуы, сол өмірдің қаны мен оты, жарығы мен күні"- деп бағалаған екен ұлы сыншы В. Г. Белинский.

Дүниежүзілік, отандық поэзияның қай ірі өкілдерінің шығармашылығына, көз жүгіртіп отырсақ, барлық ақынның соқпай өтпейтін межелі нысанасы бар екенін білеміз. Ол - табиғат. Поэзия тарихында табиғатты жырламаған ақын жоқ. Оны қай ақын болмасын өзінің шама - шарқынша жыр етуге ұмтылған. Ендеше тіршіліктің тынысын түптен тартып қозғайтын суреткер назарының үнемі анасы - табиғатқа аууы табиғи құбылыс.
Табиғат - поэзияның обьектісі ғана емес, оның бойына қуат беретін, өңін кіргізетін арсенелы да тәрізді. Тіпті көркемдіктің бейнелеу амалдарының неше алуан түрлерін ақындардың табиғаттан алатыны белгілі. Ал, табиғатпен адамзатты бір - бірімен тығыз байланысты. Табиғат адамсыз жасай берсе де, адам табиғатсыз өмір сүруі мүмкін емес екендігі белгілі. Сондықтан адамзат өмірінде табиғат үлкен мән атқарады. Табиғатты жырлау - сонау ауыз әдебиетінен бастап, күні бүгінгі поэзияға дейін ешқашан үзілмей жалғасып келе жатқан дәстүрлі үрдіс. Біздің қазақ сөз өнерінде де табиғатты жырлау сонау фольклордан басталады......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру