Ғылыми жоба (жұмыс): Экология | Адам тіршілігінің әр түрлі салаларындағы топырақтың рөлі
Қазақстан Ғылым және Білім Министрлігі Қостанай облысы
Қарасу ауданы әкімдігінің білім беру бөлімі
«Октябрь орта мектебі» ММ
Тақырыбы: Адам тіршілігінің әр түрлі салаларындағы топырақтың рөлі
Бағыты: Экология
Орындаушы: Ауезхан Елдана
Сынып: 6
Облыс: Қостанай
Аудан: Қарасу
Мектеп: «Октябрь орта мектебі» ММ
Жетекші: Наурзбекова Сара Азимхановна
«Октябрь орта мектебі» ММ-нің география мұғалімі
МАЗМҰНЫ:
Кіріспе ................................................................................................................1-2
І.Топырақтын табиғаттағы орны мен маңызы..................................................3-4
ІІ. Негізгі бөлім.
Топырақтың маңызы
2.1 Топырақтың пайдалы қазбаларды іздеудегі маңызы..................................5-6
2.2 Топырақтың адамзат қоғамының басқа да тіршілік салалары үшін маңызы..................................................................................................................6-7
2.3 Қостанай облысы топырағының географиясы және егіншілік ...............7-13
2.4 Топырақ мелиорациясы мен тиімді пайдалану проблемалары.............13-17
ІІІ Қорытынды бөлім.
Адам топырақ түзуші ретінде.........................................................................18-19
Пайдаланған әдебиеттер....................................................................................20
Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі: Топырақ ресурстары жер бетіндегі тіршілікке қажетті ең маңызды алғы шарттардың бірі болып табылады. Алайда оның шын мәніндегі маңызы мен рөлін өз дәрежесінде бағалай алмай келеміз.
Топырақ биосфераның компоненттерінің бірі ретінде адам, жануарлар мен өсімдіктер үшін биохимиялық орта болып саналады, ол энергетикалық симдылығы жоғары, топырақ биотасы мен адамдар арасындағы тікелей және жанама әсерлерді тепе – теңдікте сақтап тұра алатын өздігінен тазару процестерінің механизмдерінің аса маңызды резерві болып табылады. Адамдарға азық – түлік пен жануарларға қоректі өндіру үшін қажетті жағдай тек топырақ арқылы ғана жасалыныды.
Топырақтың адамзат қоғамы үшін маңызы өте ерекше. Ең алғашқы қауымдық құрылыс кезінде адамдар жабайы өсімдіктерді мәдени өсімдіктерге айналдыра бастады. Құнарлы топырақта өнімді өте көп алатынын адамдар сол кезде-ақ білген.Жер, яғни топырақсыз адамның өмірі.
Адамзаттың бүкіл өмірі осы топырақпен байланысты. Топырақ ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі құрамы болып табылады. Топырақтың құнарлығын арттыратын әр түрлі тыңайтыштар бар. Бейорганикалық тыңайтқыштар құстың саңғырығы, малдың тезегі және т.б. осыларды ерте кезден бастап адамдар өздерінің шағын жерлеріне еккен егіндеріне тыңайтқыш ретінде пайдалана білген.
Қазіргі кезде топырақтың құнарлығы өте төмендеп бара жатыр. 1953-1955 тың игеру жылдарда Қазақстан даласының едәуір көп бөлігін жыртып тастады. Артынан ол жерлер түгел игерілмей қараусыз қалды. Осы кезде Қазақстан жерлерінің көп жерлері эрозияға ұшырап үстіңгі қара топырақ қабаты ұшып кетті. Егін салғанда да жерді жыл сайын өңдеп, тыңдырып отырмаса, құнарлығы төмендеп кетеді. Соңғы жылдары бактериялық тыңайтқыштар да қолданыс табуда. Бактериялар массасын топыраққа араластырып микробиологиялық процестерді күшейтуге және химиялық элементтердің сіңімділігін көтеруге қол жеткізуде. Мысалы: фосфорбактерин органикалық заттарды алдыратын, фосфорды сіңімді фосфор түріне айналдырады. т.б. Ауылшаруашылығы дақылдарын қалыпты өсіру үшін макроэлементтер мөлшері ғана емес. Сирек кездесетін құрамы маңызды элементтердің болмауы өсімдіктің ауруына, түсімнің аз болуына әкеліп соғуда.
Жұмыстың мақсаты:Топырақтың шаруашылықтағы рөлін арттыру.
Жұмыстың міндеті:
1.Адамзаттың топырақты тиімді пайдалана білуін әдебиеттермен талдау жасау.
2.Топырақтың адамзат қоғамының басқа да тіршілік салалары үшін маңызын білу.
3.Топырақ мелиорациясы мен тиімді пайдалану проблемаларымен танысу.
Зерттеу әдісі: әдебиетті талдау; салыстыру, жалпылау, бақылау.
І Топырақтын табиғаттағы орны мен маңызы.
Топырақ планетарлық қабаттардың (литосфера, атмосфера, гидросфера) шекарасында жайғасып, солардың бір-бірімен өзара қатынасынан дамып, геосфераның ерекше кабығы педосфераны, яғни Жердің топырақ жамылғысын түзеді.
Топырақ кеңістікте орналасуына, пайда болуына, дамуына байланысты әлемдегі күрделі табиғи жүйелері- биоцеоноздың, экологиялық жүйенің, биосфераның құрамды бөлігі.Топырақтың табиғаттағы атқаратын қызметі сан қырлы.
Бірінші және ең бастысы- топырақтың жер бетіндегі тіршілік қорегінің негізгі өзегі болуы.Топырақтан әуел баста өсімдіктер, су және қоректік заттар сіңіріп өнім құрайды, ал олардан жануарлар және адамзат қоректік заттарды алып пайдаланады. Топырақта тіршілікке биофильді элементтер шоғырланады, өсімдіктердің тамырлады жайылады, онда көптеген жәндік түрлері және орасан көп микроағзалар қоңыстанған. Топырақсыз табиғаттың тірі ағзалар кешенінің тірлігі жоқ. Сонымен бірге, топырақ өзі тіршілік салдарынан пайда болып келеді. Сөйтіп, биосфералық процестердің биологиялық процестердің бірлігін дәлелдейді.
Екінші, топырақтың атқаратын басты қызметі – табиғаттағы үлкен геологиялық және кіші биологиялық зат айналымының өзара қарым-қатынасының тұруына әсер етеді. Сонымен бірге топырақ жер шарының тіршілік дамыған аймағы - биосфераның негізгі компоненті. Биологиялық кіші зат айналымы кезінде, ең алдымен, аналық тау жынысынан, кейін топырақтан өсімдіктермен коректік элементтер алынады. Биологиялық кіші зат айналымның негізгі нәтижесі - қоректік элементтердің топырақтың жоғарғы тамырлы қабатында шоғырлануы, құнарлы топырақтың түзілуі. Ал геологиялық үлкен заттар айналымы жер қойнауындағы және жер бетіндегі тау жыныстарының өзгеруі мен қозғалуын қамтиды, құрғақ жер мен теңіз арасындағы геологиялық үлкен зат айналымы нәтижесінде борпылдақ үгілу қабаты құралып; топырақтын түзілу процесінің негізі қаланады. Жер бетіндегі осы екі айналымның арасындағы байланыс топырақ арқылы өтеді.
Топырақтын тағы бір функциясы - ол ауа және су сферасының химиялық құрамдарын реттейді. Фотосинтез арқылы өсімдіктер тотыққан көмірді сіңіреді де көміртегі тотығынан құралатын органикалық қосылыстар синтезін өткізеді.
Топырақтың үшінші қызметі- атмосфера мен гидросфераның химиялық құрамын реттеуші болуы. Топырақтың тыныстануы өсімдіктер фотосинтезіне және тірі ағзалардың тыныстануына, атмосфераның жерге жақын қабатының химиялық құрамының біркелкі болуына үлкен әсер етеді.
Топырақтың төртінші қызметі – биосфералық процестерді реттеуші болуы. Соның ішінде халықтың жер бетіндегі тығыздығына әсер етуі. Сондықтан құрлық бетіндегі тірі ағзалардың тығыздығы, азды–көпшілігі климат жағдайына және топырақ жамылғысының географиялық өзгеруіне байланысты болып келеді.
Топырақтың бесінші қызметі – органикалық пәрменді заттарды және олармен байланысқан химиялық энергияны жердің беткі қабатына шоғырландырып жинауы.
Құрамында 4-6% қарашірінді бар, яғни әр гектарға шаққанда 200-400т қарашірінші бар топырақта, 20-30 т антрацит көмір бойында бар энергия жиналған.
Қорыта келгенде, топырақ өзінің ерекше қасиеттерінің арқасында жер шарының ағзалар дүниесінде өте үлкен маңызын атқаратының көруге болады. Табиғаттың туындысы және оның бір бөлігі бола отырып, топырақ жер әлемінің табиғатының дамуының негізгі ортасы болып табылады. Сонымен бірге жердің атмосфера, биосфера, гидросфера және литосфера қабаттарымен үздіксіз зат және энергия алмасу процестеріне қатынасып, олардың өзара қарым– қатынасының үйлесімділігіне әсер етіп, жер планетасындағы тіршілікті сан қилы түрлерінің сақталуына жағдай туғызады.
ІІ Негізгі бөлім
Топырақтың маңызы.
2.1 Топырақтың пайдалы қазбаларды іздеудегі маңызы.
Топырақта болып жатқан процестерді зерттеу гоехимиялық іздеу әдістерін жетілдіру үшін маңызды. Бұл әдістер халық шаруашылығының минерал шикізатқа мұқтаждығына байланысты ерекше мәнге ие.
Минерал шикізат жер қойнауының терең не тайыз тереңдігінде жатқандықтан, ғылымдар геохимиялық әдістерді дайындап, топырақты зерттеп, пайдалы қазба кен орнының бар жоғын анықтайтын арнайы аппараттар ойлап шығаруда. Мысалы, топырақ ауасын зерттеп мұнай-газ жиналуын, радиоактивті элементтер қорын анықтауға болады. Осындай іздеу әдістерін дайындау үшін, топырақта жүретін процестерді жақсы білу қажет. Сондықтан бұл салада топырақ танушылар да үлкен қызмет етеді.
30-жылдарда геохимиктер металл рудасы кен орындарының айналасында руда элементтері шашырап кездесетінін ашқан. Қай жердің топырағында осы металл құрамы көптеп кездессе, сол жерде кен орны бар екені анықталған. Бұл әдіс металлометрия деп аталады. Бұл әдіс әлем елдерінде пайдаланылады.
Көптеген геологтар экспедициялары металлометриялық сынақтар алып, лабораторияда арнайы анализден өткізіледі. Алынған нәтижелерді математикалық есептеп, картаға түсіреді және химиялық элементтің кен орнын табуға қолданады.
Металломертиялық жұмыстарды дұрыс жүргізіп, нәтижесін қатесіз талдап, түсіну үшін сынақ алынған топырақтың ерекшелігін білу керек. Жер қыртысы түзілген химиялық эементтер топырақ профилі бойынша заңды түрде таралып орналасады.
Кейбір топырақ горизонтында олар жайылып ағып кетеді не ағып кетеді. Түрлі топырата бұл түрлішеболады. Егер олардың таралу ауданын сынақты топырақ профилі құрылысын ескермей қалса, алынған сынақ үлгісінде тек измус горизонтының сынағы кем болады, ал онда кен орнына байланыссыз – ақ металл құрамы жоғары болады.
Сонымен қатар кен орнына жақын жерден алынған топырақта руда элементтері сумен шайылып кетіп, сынақта металл мөлшері аз болуы да мүмкін, нәтижесінде алынған деректер геологтарды шатастыруы мүмкін.
Бұдан да анық деректерді топырақтың түрлі фракциялары мен сығындыларын тадау кезінде алуға болады. Сіңірілген катион анализін геохимиялық іздеу үшін пайдалану әрекеті болған.
Жер қыртысы түзілу процестері топырақтың беткі жыныстарының физика-химиялық қасиеттерін өзгертеді. Сондықтан аэродром, автомагристраль, теміржолдар салу үшін инженерлік ізденістер жүргізген кезде кейбір жер қыртысын түзуші процестердің топырақтың құрылыстық сипаттамасына әсер етуін бағалау өте үлкен маңызыға ие болып отыр.
2.2Топырақтың адамзат қоғамының басқа да тіршілік салалары үшін маңызы
Топырақ және халықтың денсаулығы, топырақтың санитарлық-гигиеналық және медициналық маңызы зор.Топырақ көптеген қарапайым жануарлар мен микроорганизмдердің тіршілік ету ортасы болып табылады. Ірі совет ғалымы-медик, географ А.И.Павловский зерттеулері бойынша табиғатта жұқпалы және паразиттік аурулар «ошактары» бар.
Бұл ошактар ауру тудырушылардың тіршілік етуіне қолайлы орта. Сондай орта – топырақ болып саналады. Мысалы: гистоплазмоз тудырушы грибоктар тек қызыл-сары күл топырақты жылы климатты аймақта жақсы дамиды да, басқа топырақта дамымайды.
Индияда соңғы кезге дейін холера (тырысқақ) ауруы сақталып келді. Оның кең тарап, адам өліміне жие әкелетінтарауы аймағы – гидроморфы топырақты (аллювиал, атыраулық, батпақты) аймақ холера дамуына өте қолайлы.
Топырақ ауру тудырушы микробтар үшін ғана емес, ауру тасымалдаушы жануарлар үшінде қолайлы болуы мүмкін. Сондықтан кейбір жұқпалы аурулар белглі бір жерлерде ғана болады. Адам денсаулығына топырақтың химиялық құрамы да әсер етеді. Топырақта кейбір элементтердің артық не кем болуы өсімдік пен жануарларға теріс әсер ететінін жоғарыда атап өттік.
Адамға жеткілікті геохимиялық ерекшеліктер аз әсер етеді, себебі халық тек жергілікті өнімді ғана пайдаланбайды. Бірақ кейде жекелеген химиялық элементтердің топырақтағы тапшылығы (артықшылығы) сондай, бұл халық денсаулығына әсер етпейқоймайды. Кальций, темір, йод, фтор тапшылығынан болатын көптеген аурулардың болатыны белгілі.
Әсіресе, өмірлік маңызы бар процестерге қатысатын биологиялық белсенді заттар құрамына кіретін химиялық элементтердің етіспеушілігі халық денсаулығына едәуір зиянын тигізеді. Мұндай аурулар эндемиялық деп аталады. өсімдіктер мен жануарлар арасында ауытқулар болатын аумақты А.П.Виноградов биогеохимиялық провинция деп атаған. Шаруашылықты жоспарлы түрде жүргізгенде эндемиялық ауруларды жоюға болады. Мысалы: топырағында йод жетіспейтін таулы аудандарда ас тұзына әдейі йод араластыру арқылы зобтың ауыр түрлері жойылады.
2.3 Қостанай облысының топырағының географиясы және егіншілік
Қазақстанның топырақ жамылғысы күрделі және әр түрлі. Топырақ жамылғысының зоналар бойынша таралғаны айқын байқалады. Қазақстанның жазық бөлігі аумағының 86 %-ын алып жатыр.
Негізінен үш топырақ зоналарына бөлінеді: -қара топырақты зона (52° с.е. солтүстігінде); -қара коңыр топырақты зона (52-48 с.е. аралығында); -қоңыр, сұр қоңыр топырақты зона (52-48 с.е. аралығында).
Қара топырақты зона республиканың солтүстігінде тараған.Бұл зона Солтүстік Қазақстан облысын түгелімен, Қостанай облысының көп жерін, Акмола, Павлодар, Актөбе, Батыс Қазақстан облыстарының солтүстік бөліктерін қамтиды. Республика аумағының 25,5 млн гектар жерін (9,5 %-ын) алып жатыр. Қара топырақты зона үш зона аралығына бөлінеді: сілтісізденген қара топырақ - орманды дала табиғат зонасының оңтүстігінде азғана бөлігін алып жатыр; кәдімгі қара топырақ және оңтүстіктегі қуаң даланың қара топырағы - дала зонасына тән. Құнарлылығы жағынан алдыңғы екі өңірдің топырақ құрамында гумусы (қара шіріндісі) мол (6-8%) қара топырақ орын алса, оңтүстігінде қара топырақтың қара шіріндісі аздау (4-6%) келеді. Қара топырақты зона ылғалмен қамтамасыз етілген жазық далада тараған, республиканың негізгі астық өндіретін алқабы саналады.
Қостанай облысының топырағы егіншілік те ерекше географиялық жағдайда жүзеге асады. В.В.Докучаев ілімінше топырақ түзуші факторлардың өзара әрекеттесуі әсерінен пайда болады. Осы өзара әрекеттесудің бұзылуытың тың жерлердің мәдени жерлерге айналуы қалыптасқан топырақ режимін күрт бұзып, оның қасиеттерін өзгертеді.
Сондықтан егіншілік жүйесі түрлі табиғи жағдайда пайдалы шаралар, басқа жағдайларда қолдануға келмейді. В.Р.Вильямс шөп егумен қатар жүргізілетін егіншілік әдісін ұсынды, топырақтың құрылымы мен азот құрамын қалпына келтіру үшін топыраққа шөп түрлерін егеді.
Егіншілікті шөп өсірумен қатарластыру тек қара емес топырақты орталыққа пайдалы екені дәлелденуі КСРО аумағының тундра аймағында егіншілік сирек тұстарда қолданылады. Тайга орманы аймағының оңтүстік жартысы егіншлікке пайдалы, түгелге жақын жыртылған.
Егіншіліктің ең көп тараған жері орманды далалық және далалық аймақтар. Құрғақ дала мен далаларда егіншілік ауданы тағы да қысқарады. Бұл жерде таңдаулы тұстарда егіліп, жайылымдық мал шаруашылығы дамыған.
Егіншіліктің таралуы топырақ табиғи жағдайына ғана емес, оның мамандандандырылуына байланысты орманды дала, кейде құрғақ дала аймағында дәнді дақылдар өсіріледі.
Мақта егіншілігі Орта Азияның сұр топырақты жерлерінде дамыған.
Кендір дақылын өсіру – шым топырақты күлді топырақты жерлерде дамыған.
Топырақты өңдеу, мелиорация, тыңайтқыш қосу және т.б. шаралар географиялық жағдайларды ескеріп жоспарлануы және жүзеге асырылуы керек. Бұл ғылыми-зерттеу тыңайтқыштар институты деректері бойынша берілген тыңайтқышты түрлі топыраққа қосу тиімділігі туралы кестеде жақсы көрсетілген.
Табиғи аймақтар |
Топырақтар |
Тыңайтқыш әсері |
Орманды |
Күлді және шым-күл топырақты жерлер |
Жоғары. әк (известь) |
Орманды-далалық |
Сұр орманды, күларалас, негіз аралас қара топырақ |
Жоғары. Фосфорит қосылған аймақ |
Далалық |
Типтес, кәдімгі, оңтүстік |
Орташа. Көбіне топырақ |
|
және шабындық – қара топырақты жерлер |
тұрақсыз және жеткіліксіз ылғалданады |
Құрғақ |
Каштан |
Әлсіз. Қуаңшылық жағдай |
Шөл дала |
Сұр топырақтар |
Күшті. Суармалы егіншілік |
Егіншілік дұрыс ұйымдастыру үшін топырақта ғана емес, топырақты түзуге қатысатын табиғат жағдайларын да жан-жақты зерттеу керек. Сондықтан топырақ географиялық және жер қыртысы карта географиялық жұмыстар маңызға ие болып келеді.
Қазір адамдар өздеріне керек қоректік заттардың 88 процентін егістік жерлерден, 10 процентін ормандар мен жайылымдардан, 2 процентін теңіз бен мұхит суларынан алады.
Жер шарында жалпы көлемі 51 миллиард гектар немесе 510,2 миллион км2. Оның 2/3 бөлегі (36,1 млрд. га) теңіздер мен мүхиттар, 1/3 бөлегі (14,9 млрд. га) құрлық.
Құрлықтың:
6,1 млрд. га (41%) - Антарктида мен Африка мүддары, қүмдар, таулар, құрлыктағы өзендер мен көлдер, қалалар және кәсіпорындар тұрған жерлер.
8,8 млрд. гектары (59%) - ауылшаруашылығына пайдалануға болатын жерлер, олардың ішінде:
4,0 млрд. гектары (21%) - ормандар мен батпақтар;
2,83 млрд. гектары (19%) - көбіне қүрғақ дала мен шөлейт жерлердегі жайылымдар мен шабындықтар.
1,93 млрд. гектары (13%) - егістік алқаптар, ауылды жер-дегі елді-мекендер, сай - салалар, жолдар, қолдан отырғызыл-ған ағаштар оның ішінде егін егуге болатыны 1,5 млрд. гек-тар немесе барлық құрлықтың тек 10 пайызы ғана.
ФАО-ның Б¥¥ азық - түлік қоры мәліметтеріне қарағанда дүние жүзіндегі жерлердің 20 проценті ауасы өте салқын, 20 проценті ауасы өте құрғак, 20 проценті тау мен тастарда, 10 проценті құнарсыз, топырак қабаты тым жұқа аймақтарда орналасып, 20 проценті шабындықтар мен жайылымдар болып, егін салуға баяғы 10 проценті ғана қолайлы екен.
Жер бетіндегі халықтың саны 5 миллиардтан 1986 жылы асқанын ескерсек әрбір адамға 0,3 гектардан егін егуге жарайтын жер келеді.
Егістік жер көлемін тағы 1- 1,2 млрд. гектарға көбейтуге болар еді. Бірақ қалған жерлердің қүнарлылығы төмен, сор және сортанды, шөлейт, таулы - тасты, құмды не сазды жерлер. Мұндай жерден өнім алу үшін көп шығын шығару керек.
Әрине, азық-түлік қорын көбейту үшін жаңа жерлерді жыртып, егістік көлемін ұлғайту орынды. Бірақ биосферада қалыптасқан теңдестікті сақтауды да ұмытпаған дұрыс. Ормандарды кесіп егістік жер алсақ, олар беретін оттек мөлшері азайып кететіні де шындық.
Жаңа қалалар, құрылыстар, су қоймаларын, жолдар салуға жыл сайын 5-7 миллион гектар егістік жерлер кетеді, сөйтіп 20-25 миллион адамды асырайтын егін алқабы кеміп жатады.
Оның үстіне шаруашылық жүргізуде жіберілген қателіктерге байланысты миллиондаған гектар жерлер істен шығып, өнім бермейтін болуда.
Адамдар өмір сүргелі 1,5-1,9 млрд. гектар жер құмға, батпаққа, жыра мен сайға, бұта басқан алқапқа айналды. Сахара сияқты тіршілік жоқ құмдар табиғаттың ғана ісі емес, адамдардың ісі.
XX ғасырдың аяғына дейін егістік жер көлемі тағы 300 миллион гектарға өсуі мүмкін. Бірақ ол кезде халық саны 6 миллиардтан асатынын ескерсек, бір адамға есептегенде егістік жер көлемі 0,3 емес, тек 0,2 гектардан ғана келеді екен.
Қазақстан Республикасының жері көлемі үлкен. 1953-1956 жьлдары тың мен тыңайған жерлерді игеру нәтижесінде егістік алқап 2 есе өсіп, қазір жан басына 2 гектардан келеді. Жайылымдар мен шабындықтарды жыртып бидай өсіру әрине қой малы мен жылқы санын көбейтуге үлкен зиянын тигізді. Саясаткерлікті қойып, алған табыс пен жоғалтқан пайданы дүниежүзілік бағамен есептегенде тың игеру біздің елімізге ырыс әкелген жоқ.
Қазақстанда жер колемі жеткілікті болғанымен егін өсіруге қолайлы жер көп емес, олардың құнарлылығы да төмен.
Құнарлы кара топырақ республика территориясының тек 9,5 пайызын қамтиды. Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Торғай, Павлодар және Көкшетау облыстарының солтүстік өңірінде ғана кездеседі.
Қызыл қоңыр топырақ Ақмола, Қарағанды, Ақтөбе, Семей, Батыс Қазақстан, Торғай облыстарында басым. Республика территориясының 34,3 проценті қызыл қоңыр топырақты өңір.
Қоңыр және сұр қоңыр топырақ республика территориясының 43,6 процентіне тараған. Бұл үстүрт, Каспий ойпаты, Торғай өлкесі, Бетпақдала және басқа ірі ойыстар.
Құм және кәдімгі құмды топырақ Атырау, Батыс Қазақстан, Семей, Қарағанды, Жезқазған, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Талдықорған облыстарының біраз бөлегін алып жатыр.
Сортаң және сор топырақ Каспий, Арал және Балқаш маңында кеуіп қалған көлдер орнында кездеседі.
Қазақстан жерінің оннан бір бөлегін таулы аудандар алып жатыр. Таудағы топырақ түрі биіктеген сайыи өзгеріп отырады. Мұнда сұр, қызыл, қоңыр, қара топырақ, құм кездеседі.
Азық - түлік өнімдері топырақтын құнарлылығына және климатқа байланысты екені белгілі.
Қара топыраққа орналасқан Солтүстік және Солтүстік Батыс облыстардың тұрақты мөлшерде астық өндіруге мүмкіндіктері бар.
Құрғақшылық жиі болып тұратын Шығыс және Орталық облыстардағы егін шаруашылығы өнімі аз, тұрақсыз және «тәуекелге сүйенген» шаруа.
Оңтүстік облыстарда азық - түлік өндіру жерді суландыру арқылы жүреді.
Соңғы жылдарда Қазақстанда егістік көлемі өспейтін болды. Оған себеп жыртуға жарамды жер жыртылды, қалғаны құм, сор және сортаң топырақ. Оның үстіне жыл сайын 18-20 мың гектар егістік жерлер кәсіпорындар, тұрғын үйлер, мал қораларын, жолдар салуға кетуде.
Ендігі жерде егістік алқаптың сапасын жақсартып, аз егістік көлемнен көп өнім жинау жолдарын іздестіру міндеттері тұр. Ол үшін егін шаруашылығын жүргізудің ғылыми жүйелерін жасап, айналмалы егіс алқаптарын енгізу, ауыл шаруашылығы зиянкестерімен және арам шөптермен күресу, минералды және органикалық тыңайтқыштарды қолдануды жолға қою шаралары алынуда.
Көптеген елдер қазірдің өзінде жер тапшылығын көруде. Сондықтан жерді ұтымды және үнемді пайдаланудың түрлі шараларын іске асыруда. Олардың ішінде мыналарды айтуға болады:
- қаладағы тұрғын үйлердің қабаттарын көбейту;
- жер астын тұрғын үйлер мен басқа құрылыстарды салуға пайдалану.
Мысалы Токио қаласында Жаңа Гинза көшесі жер астында салынған, ауасы таза, жарық. Онда жүргенде жер бетіндегі көшелердің қапырық ауасы ұмыт болады.
- теңіз бетін құрылыс салуға пайдалану. Голландия мемлекеті өзінің территориясыңш теңіз есебінен 40 процентке кеңейтті. Бельгия, Португалия, Франция, Жапония мемлекеттері де мұхит суларынан жер босатып алуда.
- сор және сортаң жерлерді көбірек пайдалану. Дон ауылшаруашылығы институты (Ресей) зерттеулеріне қарағанда осындай топырақты 3 қабатты соқамен жыртып, екпелі шөптер өсіргенде әр гектарынан алынған өнім 15,7 центнерге көбейген.
- ауыл шаруашылығына қолайсыз жерлерді пайдалануды үйрену. Өсімдіктер ауаның температурасы +4 С- тен кем болмаса, өсуін тоқтатпайды. Осыны пайдаланып поляр шеңберінде жаз айларында, көкөністі жер бетінен биіктеу жасалған атызға сеуіп, тыңайтқыштарды көп қолданып, жақсы өнім алушылар аз емес.
Жоғарыда айтылған шаралар егістік жер көлемін кемітпей, топырақтың сапасын төмендетпей, қолда бар жерді аздыр-май, ұкыпты пайдалану жолдары деп түсінген дүрыс. Олай болмайынша халықты азық- түлікпен қамтамасыз ету проблемалары онан әрі қиындай түсетіні белгілі.
2.4 Топырақ мелиорациясы мен тиімді пайдалану проблемалары
Топырақ құнарлылығы заттектердің биологиялық айналымы арқасында демеліп тұрады. Адам құнарлылықты жасанды жолмен демеуді үйренді: ол топырақты тыңайтқыштармен байыта алады, оған қажетті ылғал береді, одан артық тұздарды шаяды. Алайда топырақты жасай алмайды. Бұл орасан жұмысты табиғат қана атқара алады. Сондықтан топырақты қорғаудың басты міндеті толассыз игеру барысында оның құнарлылығын белгілі бір деңгейде ұстап тұру болып табылады.
Топырақты қорғаудың тағы бір аспекті – пайдалану мақсатына (ауыл шаруашылық, орман, рекреациялық жайлар, өнеркәсіптік және қалалық құрылысқа бөлінетін жерлер т.с.с.) сәйкес жерлерді ұтымды пайдалану. Ең маңызды мәселе, әлбетте, ауыл шаруашылығы өндірісіне жарамды жерлерді ұтымды пайдалану.
Бұл проблема топырақты көптеген ғасырлар бойы жүйесіз пайдалану, ормандарды кесу, шөптесін өсімдіктерді малдың жегізу салдарынан топырақ эрозиясына – оның бұзылуы мен құнарлылығының азаюына алып келуі себепті шиеленісе түсті. Топырақ эрозиясы әдетте антропогендік сипатқа ие және су және жел эрозиясы болып екіге бөлінеді.
Су эрозиясы интенсивті жыртылатын беткейлерде дамиды және жазықтық шайылу немесе жыралы-сайлы тордың болуынан көрінеді. Жыралар жағдайында грунт сулары деңгейінің төмендейді, өсімдіктер өзгереді және егістікті машинамен өңдеу қиындайды. Нөсер жауын және еріген суларымен топырақтан жыралар арқылы гумус бөлшектерімен бірге миллиондаған тонна қоректік заттектер шығып кетеді. Бұл топырақ жамылғысын кедейлендіреді және аздырады.
Жел эрозиясы негізінен құрғақшылықты оңтүстік аудандарға тән және орман жолақтарымен жеткіліксіз қорғалған ауқымды территорияларды жыртудан, немесе өсімдік жамылғысы сирек келетін шөлейт және шөл зоналарында малды жүйесіз жаюдан болады. Әдетте ерте көктемде, өсімдіктердің топырақты бекітуі әлсіз болып тұрған кезде соғатын күшті аңызақ желдер топырақ жамылғысының ұсақ бөлшектерін ауаға көтеріп, едәуір қашықтыққа апарады. Нәтижесінде үлкен аумақтардың топырағы зақымданып, өсімдіктері өледі.
"Мелиорация" деген сөз түбірі латын тілінен алынған, жақсарту деген сөз. Көпшілік жағдайда жерді, топырақты жақсарту мағынасында қолданылады.
Мәселен, ауа райын, жер бедерін т.б. әр аймақтардың табиғи орналасу жағдайларына байланысты топырақты мелиорациялау (жақсарту) түрлері әрқалай. Мысалы ТМД елдерінің батыс бөлігіндегі және Балтық бойы мемлекеттерінде ауадан түсетін ылғал мол да, күн сәулесінің жылуы жеткіліксіз. Яғни сулану басым, ал булану азырақ. Соған байланысты бұл өңірлерде батпақты топырақ молырақ орын алады. Ауыл шаруашылығына тиімді пайдалану үшін бұларды қолдан құрғату мелиорацияларын қолдану қажет.
Ал ТМД елдерінің оңтүстік шығыстағы орналасқан мемлекеттерінде керісінше ауадан түсетін ылғалдар тапшы, булану өте көп. Орта Азия, Кавказдың арғы беті, Оңтүстік Қазақстан аймақтарында негізінен құрғақ дала, шөл-дала және шөл зоналары орын алады. Бұл өңірлерде топырақты ауыл шаруашылығына тиімді пайдалану үшін оларды қолдан суарады.
Оңтүстік Қазақстанның құрғақ, күні ыстық аудандарында егіншілікпен шұғылдану үшін егістіктерді қолдан суармайынша болмайды. Сондықтан бұл аймақта егіншілікпен айналысу ата заманнан бері сумен байланысты. Дегенмен белгілі қазан төңкерісіне дейін бұл өлкеде суармалы егіншілік онша дамымады. Себебі жерді көп көлемде суару - оңай іс емес. Ол үшін күрделі ирригациялық-инженерлік құрылыстар салу қажет болды. Ал ол кездегі жеке меншік, бытыраңқы шаруашылықта не техника, не кадр, не қаржы болмады. Сондықтан ол кездегі егістіктер тек қолдан қазылған шағын арықтар арқылы ғана суарылды.
Мемлекет тарапынан суармалы егіншілікті дамытып, өрістетуге ешқандай көмек болмады. Патшалық Ресей мен оның жергілікті шабармандары бұл мәселеге ешқандай көңіл бөлмей, қаржы босатпады. Мысалы, 1909 жылы қазак пен өзбек жерінде орналасқан Мырзашөл алқабын суару үшін оның топырағын жан-жақты, түбегейлі зерттеу керек екендігін дәлелдеп, Түркістан өлкесінің бастығынан қаржы сұраған ғалым, топырақтанушы-агроном М.М.Бушуевтің хатына Түркістан губернаторы – «Топырактану ғылымы әлі өз аяғына жөнді тұрған ғылым емес» деген бұрыштама қойыпты. 1912-1913 жылдары қырғыз, қазақ жерімен ағатын суы мол Шу өзснінің бойын инженер В.А.Васильев толық зерттеп, осы өзеннің суы арқылы суарылатын Шу бойының жерлерінің жобасын жасайды да, оны егіншілік министрлігіне бекітуге апарады. Министрліктің жерді жаксарту бөлімінің бастығы князь Р.И.Мосальский бұл жобаға: ''Архивке. Әлде бір қырғыздар қоныстанған, Шу бойын суару жобасы кімге қажет" деп қол қойыпты. Міне, осындай көзқарастан патшалық Ресейдің өзіне қарайтын шет аймақтарға қаншалық «қамкорлық» жасағаны көрініп-ақ тұр.
Қазан төңкерісінен кейін жағдай өзгерді. Жерді суару, құрғақшылықпен күресу және шөл аймақтарда суарылған кезде ғана өсетін мақта егісінің көлемін, өнімін арттырып, шет елдерден мақта шикізатын тасуды тоқтату міндетін алға қойды.
1918 жылы 17 мамырда Лениннің қолы қойылған "Түркістандағы суландыру жұмыстарына 50 млн сом қаржы бөлу жөнінде бұл жұмыстарды ұйымдастыру туралы" деген декретте былай делінген: 1. Орыс тоқыма өнеркәсібін мақтамен қамтамасыз етуді арттыру жөніндегі жұмыстардың жоспары бекітілсін, бұл жоспар мынадай: а) Самарқан облысының Ходжент уезіндегі Бетпақ даланың 500 мың десятина жерін суландыру, бетпақ далаға қарама-карсы Сырдария өзенінің арғы жағасында Далверзин даласының 40 мың десятина жерін қамтитын ирригациялық жүйенің басты құрылыстарын қамтамасыз ету; б) Ферғана облысының Үшқорған даласының 10 мың десятина жерін суландыру; в) Заравшан өзенінің арнасын реттеу жолымен мақта дақылына арнап 100 мың десятина жерді босату үшін Заравшан өзеніндегі Лупилин көпірі алдынан су қоймасын салу; г) Шу өзені алқабында 94 мың десятина жерді суландыру үшін салынатын ирригациялық жүйелердің құрылысын аяқтау (Ленин В.И., 1918)
Бұл иригациялық кең бағдарламаны жүзеге асыру үшін Түркістанда (Ташкентте) арнайы ирригациялық жұмыстар басқармасы құрылып, оған жоғарыда көрсетілген 50 млн сом қаржы бөлінді.
Бұл құжат түрікмен, өзбек, тәжік, қырғыз және казақ халықтарының ғасырлар бойғы арманын іске асыру үшін жер суландыру құрылыстарын кеңінен өрістетуге, суарылатын жерлер көлемін молайтуға шешуші әсерін тигізді. Энтузиаст агроном Бушуев пен инженер-ирригатор Васильевтің көздеген ойлары дұрыс шешімін тапты. Ленин бұл декретке қол қойып, ақша бөлумен қатар, осы декреттің жүзеге асуы үшін нақты шаралар қолданды. Ирригация жұмыстары Лениннің инициативасымен қолға алынып, бекітілген белгілі ГОЭЛРО жоспарынан да тыс қалған жоқ. Бұл жоспар бойынша ауыл шаруашылығының электрлендірумен, механикаландырулармен қатар жерді мелиорациялау, яғни жерді суару мен құрғату кең түрде жоспарланған еді.
Бұдан кейінгі жылдары да жерді суарудың ауыл шаруашылығын дамытудағы маңызына үнемі үлкен назар аударылып отырды. 1921 жылдың көктемінде Әзірбайжан, Грузия, Армения, Дағыстан және тау халықтары республикаларының енбекшілеріне жазған хатында Ленин: "Егіншілік пен мал шаруашылығын қалай болғанда да игеру үшін жерді суару ерекше маңызды... Суару бәрінен де гөрі керек және бәрінен гөрі өлкені қайта құрады, оны жандандырады, ескіні келмеске жібереді, жаңа өмірге өтуді нығайтады" деп ирригация мәселесіне ерекше көңіл бөлген.
Ал Шу өзені бойында игерілген жер көлемі жоғарыдағы декретте көрсетілген көлемнен бірнеше есе асып, қазір қырғыз, қазақ республикаларындағы осы өзен суымен суарылатын егістік 500 мың гектарға жетті (негізінен қант қызылшасы егіледі). Таяу болашақта суармалы жер көлемі қазіргіден әлдеқайда артады.
Күн сайын өсіп келе жатқан халқымыздын әл-ауқатын жақсарту, күнделікті талғам-талабын қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылық дақылдарының өнімін де, көлемін де арттыра түсу керек. Суармалы жерлердегі егістіктер - ауыл шаруашылығымызды өркендетудің негізгі бір қайнар бұлағы, байлық көзі. Сондықтан бұл саланы өркендету әрдайым назарда болғаны жөн. Әсіресе бұл мәселемен мемлекетіміз соңғы жылдары қатты шұғылданып келеді. Таяу жылдары еліміздің суармалы жер көлемі үдемелеп артып келешекте суармалы егіншілік дамымақ. Себебі республикамыздың табиғи жағдайда ылғалмен қамтамасыз етілген, жыртуға жарамды жерлері түгелімен егістікке игерілген, ал қалған егістікке жарамды жерлерді игеру үшін оларды міндетті түрде қолдан суару қажет.
Қазақстанның суармалы жер көлемі казір 1,0 млн гектардай. Олар негізінен оңтүстіктегі Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында. Болашақта осы облыстардағы мол сулы өзендср - Іле, Шу, Сырдария және басқа майда өзендердің суларын тиімді пайдалану арқылы Оңтүстік Қазақстандағы суармалы жер көлемін 2-2,2 млн гектарға жеткізуге болады. Біраз жерлерді республикамыздың батысындағы Жайық өзені, ал республикамыздың шығысы мен терістігіндс Ертіс, Есіл, Тобыл өзендері арқылы суғарылмақ.
ІІІ Қорытынды бөлім
Адам топырақты түзуші фактор ретінде
В.В.Докучаев деректері бойынша топырақты құраушы, оның қалыптасуына қатысушы барлық факторлар ішінде, топыр
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: Адам тіршілігінің әр түрлі салаларындағы топырақтың рөлі, топырақ туралы презентация, топырақ туралы мәлімет, топырақ туралы слайд қазақша, топырақ туралы презентация қазақша, топырак туралы слайд презентация казакша, топырак туралы слайд, экология пәнінен презентация, экология туралы слайд скачать, топырақ туралы ғылыми жоба қазақша, топырак туралы ғылыми жоба жұмыс ғылыми жоба казакша, Адам тіршілігінің әр түрлі салаларындағы топырақтың рөлі ғылыми жұмыс жоба, топырақ туралы ғылыми жоба жұмыс қазақша, топырак туралы ғылыми жоба жұмыс презентация казакша, топырак туралы ғылыми жоба жұмыс, экология туралы ғылыми жоба жұмыс скачать, топырақ туралы ғылыми жоба, экология пәнінен ғылыми жоба, топырақ туралы гылыми жоба жумыс, топырақ туралы гылыми жоба жумыс қазақша, топырак туралы ғылыми жоба жұмыс гылыми жоба жумыс казакша, экология пәнінен гылыми жоба жумыс, топырак туралы гылыми жоба жумыс презентация казакша, топырак туралы гылыми жоба жумыс, экология туралы гылыми жоба жумыс скачать, топырак туралы гылыми жоба жумыс ғылыми жоба казакша, топырак туралы гылыми жоба жумыс гылыми жоба жумыс казакша